1С:Бухгалтерия жүйесінде жедел есеп пен кезеңдік есептеу компоненттерінің құрылымы мен мүмкіндіктері


Slide 1

Кезеңді аяқтау

Slide 2

Жоспар

Slide 3

Жедел есеп

«Жедел есеп» компоненті - белгілі бір уақытқа байланысты шаруашылық операцияларды басқаруға арналған. Бұл компоненттердің негізі қалдықтар немесе айналымдардың көп өлшемді есеп жүйесін құрайтын тіркелімдер болып есептеледі. Тіркелімдегі ресурстар қозғалысы Кіріс және Шығыс сияқты екі тәсілмен туындауы мүмкін, сонымен қатар бұл ереже тіркелімнің барлық ресурстары үшін орындалуы тиіс. Сонымен қалдықтар тіркелімі кірістелетін және шығысталатын ресурстар бойынша балансты белгілеп қана қоймай, оның «Жедел есеп» компонентінің негізгі тәсілі болып табылады.

Slide 4

Барлық құжаттар кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі іс-әрекеттер тізбекті құрайды. Құжаттың басқа құжатқа қатысты жайғасымы күнімен, уақытымен, сонымен қатар тізбегінің бір күндегі бір уақытымен белгілеу қосымша шамасымен анықталады. Құжаттарды «кейінгі күнмен» өткізу және түзету ерекше факт болып есептелінеді және белгілі бір ережелер бойынша орындалады. Жедел есеп компонентінен оның кез келген күрделі есепті және кәсіпорынның экономикалық қызметінің әр бөлігі бойынша құрылымын ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін көруге болады. »Есептеу» компоненті арнайы алгоритмдер бойынша кезеңдік есептемені орындайды. Бұл компонентінің негізі болып, кезендік есеп беру деректері және олардың алдыңғы тарихы сақталған қорытынды есеп журналы болып табылады. Қорытынды есеп журналына міндетті түрде есеп беру обьектісі немесе басқа да анықтамалар жатады. Бұл анықтамалық бойынша есеп жүргізілетін обьектілер түрі анықталады. Журналдағы жол бір күннен бір жылға дейінгі кез келген кезең үшін, анықтамалықтағы бір обьекті бойынша қорытынды есеп беруді бейнелейді. Ақпаратты еңгізудің қолайлылығы ескеріледі. Құжаттарды толтырғанда алдын-ала қойылған параметр арқылы немесе сәйкес анықтамалықтан тандау арқылы мәндерді еңгізу жүзеге асырылады. Бір анықтамалықтың өзі есеп берудің бірнеше түріне қатысуы мүмкін онда ол үшін бірнеше журнал құрылады.

Slide 5

Орындаған:Исаев Д. С Тексерген: Искакова М. С

Slide 6

Конфигурациялау сатысында икемделген есептеме журналының саны шектеусіз және шешілуге қажетті есептер санымен анықталады. Әр журналға күрделі есеп алгоритмі сәйкес келеді. Нақты алгоритмді сипаттау үшін «есептеу түрі» ұғымы енгізілген. Компоненттегі есептеу түрінің саны да шектелмеген. Есептеу алгоритмі арнайы тіл көмегімен сипатталады. Есептеу түріне мысалы ретінде, «айлықты есептеу», «табыс салығын» немесе «өтелімді «амортизацияны) » айтуға болады. Есептеудің бірнеше түрлетін қандайда бір белгі арқылы біріктіру үшін «есептеу тобы» деген ұғым енгізілген. есептеу тобына мысалы, - «салық салынатын есептеулер», «орташа жалақыны есептеуге енетіндер» және басқалар жатады.

Slide 7

Жүйенің негізгі мүмкіндіктер

1С: Бухгалтерия жүйесі бухгалтерлік есептің барлық бөлімінде қолданылады:

Банк және касса есебі;

Негізгі құралдар және материалдық емес активтер есебі;

Тауарлар есебі, өнім өндіру және қызмет көрсету;

Валюталық операциялар;

Ұйымдармен, алашашақтармен, берешектермен, есеп беруші тұлғалармен өзара есеп айырысу есебі;

Еңбекақы бойынша есеп айырысу;

Бюджетпен есеп айырысу;

Есептің басқа бөлігі.

Басқа да есеп жүргізу үшін өте икемді:

Көп деңгейлі шоттар жоспарымен жинақтамалы есеп жүргізу;

Бірнеше шоттар жоспарымен жұмыс істеу;

Валюталық есеп;

Көп деңгейлі талдамалы есеп;

Өлшеміне байланысты көп деңгейлі талдамалы есеп;

Сандық есеп;

Бір деректер базасымен бірнеше кәсіпорындарда есеп жүргізу (желілік) .

Slide 8

Программаға ақпараттарды енгізу бірнеше режимде

Slide 9

Құжаттау режимі арқылы жүргізіледі.

Программа жеке немесе желі бойынша жұмыс істейді. Әр түрлі обьектілермен бір уақытта жұмыс істеу үшін қолайлы көп терезелі интерфейспен қамтамасыз етілген. Есептің қалған бөліктерінде, мысалы валюталық есеп, қосалқы шоттар бойынша есеп ақшалайда, заттай жүргізіледі. Жүйеде әртүрлі валюталармен жұмыс жасау қарастырылған. Валюта түрлері мен курстары бойынша анықтамалық жасалған.

Кез келген бухгалтерлік программамен жұмыс тұрақты немесе шартты-тұрақты деректерді пайдалану арқылы жүргізіледі. Сондықтан, бухгалтерлік программаны жұмысқа дайындаудың ең бірінші, жауапты және кезеңі тұрақты немесе шартты-тұрақты деректерді компьютерге енгізу болып табылады

Slide 10

Орындаған:Исаев Д. С Тексерген: Искакова М. С


Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық кәсіпорындардағы касса операцияларының есебі мен құжатталуы (1С Бухгалтерия)
1С: Бухгалтерия 8 Қазақстан үшін жедел енгізу және бухгалтерлік ақпараттық жүйелердің жобалау, кодтау және автоматтандыру негіздері
Кәсіпорындағы еңбекақыны бухгалтерлік есептеу, заңдық міндеттемелері және 1С бағдарламасындағы жалақы есебі
1С:Бухгалтерия жүйесінің мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде портфолионы білім мен технологиялық оқытуда қолдану мүмкіндіктері
Банктік бухгалтерлік есеп жүйесі және банкаралық есеп айырысулардың құрылымы мен қағидалары
Нарықтық жағдайдағы 1С:Бухгалтерия жүйесінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері
1С:Бухгалтерия 8.0 жүйесінде ұйымдарды енгізу, есеп саясаты және шоттар жоспарын баптау
Бухгалтерлік есеп шоттары: құрылымы, екіжақты жазу және жинақтамалық пен талдамалық шоттар
Кузнецов пен Лапчик тұжырымдамалары негізінде жалпы білім беретін мектепте информатика пәнін оқытудың құрылымы мен кезеңдік дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz