XIX ғасырдағы салыстырмалы-тарихи тіл біліміне ғалымдардың қосқан үлесі


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Филология факультеті

CӨЖ

Тақырыбы:XIX ғасырдағы салыстырмалы-тарихи тіл біліміне ғалымдардың қосқан үлесі

Орындаған: Мухтарова А. М

Тексерген: Сәмекбаева Э. М

Семей қ., 2015 жыл

Slide 2

Салыстырмалы-тарихи тіл білімі - тіл білімінің шығу тегі бір тілдерді зерттейтін саласы. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі салыстырмалы-тарихи тәсіл негізінде туыс тілдердің дамуын, салыстырмалы-тарихи грамматика және этимол. сөздіктерді қарастырады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі синхрондық нормативті жүйеде жалпы тіл біліміне қарсы қойылады. Барлық табиғи өзгерістерден тарихи заңдылықтарды іздеу бұл кезеңде елеулі орын алады. Түркі тіл білімінде салыстырмалы-тарихи тәсіл қолданысы М. Қашқаридың “Диуани лұғат-ат-түрк” еңбегінен басталған. Ескерткіште түркі тілдері мен диалектілері жинақталып, тілдердің лексикасы, фонетикасы, грамматикасы салыстырмалы түрде берілген, алғаш тілдік карта жасалған. Семит тілдерінің сөздік құрамын, граммат. құрылымын салыстыру нәтижесінде 17 ғ-да салыстырмалы грамматиканың негізі қаланды. Француз ғалымы И. Ю. Скалигер (1540 - 1609) туыстас тілдер тобын айқындап, оларды шығу тегінің бірлігі тұрғысынан топтастыруға алғаш қадам жасады. Скалигер идеясын 18 ғ-да Г. В. Лейбниц, М. В. Ломоносов әрі қарай дамытты. 18 ғ-дың 1-жартысында швед ғалымы Ф. И. Страленберг финн, угор, самоди, түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур тілдерінің туыстығын айқындап, “Орал - Алтай теориясын” ұсынды. Голланд ғалымы Л. Тен-Кате герман тілдері арасындағы дыбыс сәйкестігін анықтап, олардың туыстық қатынасын дәлелдеді. 1786 - 87 ж. “Барлық тілдер мен наречиелердің сөздігі” (270-тен астам тіл) жарыққа шығып, Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін қалыптастырды. В. Джонз үндіеуропа тілдерінің бір негізден тараған туыстас тілдер екенін анықтаса, Ф. Бопп санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін салыстыра келіп, үндіеуропа тілдері үшін негіз тіл санскрит екендігін дәлелдеді. 19 ғ-дың 30-жылдарында Я. Гримм герман тілдерінің салыстырмалы грамматикасын жасаса, А. Х. Востоков славян тілдеріндегі дыбыс сәйкестігін айқындады

Slide 3

Осы кезеңнен бастап Салыстырмалы-тарихи тіл білімінде екі бағыт орнықты: салыстырмалы және тарихи, тілдік деректерді зерттеу осы екі бағытта өрбіді. 19 ғ-да Салыстырмалы-тарихи тіл білімі Ф. Диц, Ф. Миглошич, А. А. Потебня, Г. Пауль, К. Бругман, Б. Дельбрюк, Бодуэн де Куртенэ, Ф. де Соссюр, т. б. еңбектері негізінде дамыды. И. К. Аделунг алғаш рет тілдердің граммат. құрылысын салыстырса, У. Джоунс санскрит, грек, гот, латын тілдеріндегі етістік түбірлер мен граммат. тұлғалар ұқсастығы, ортақ бір тілден тарауы турасында болжам айтқан. Ф. Ф. Шлегель “Үнділердің даналығы мен тілі туралы” еңбегінде үндіеуропа тілдері салыстырмалы-тарихи грамматикасының алғашқы қағидаларын жасады. Гумбольдт Салыстырмалы-тарихи тіл білімін жеке лингвист. пән ретінде қарастырды. Зерттеушілер “генетикалық заңдар” ұғымын дәлелдеп, граммат. аналогия әсерін түсіндірді, лингвист. реконструкцияны жетілдіріп, тіл мен диалект деректерін кеңінен пайдаланды. 20 ғ-дың басында Салыстырмалы-тарихи тіл білімі А. Мейе, А. А. Шахматов, т. б. лингвистердің зерттеулері арқылы жаңа деңгейге көтерілді. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі үшін дыбыстардың, морфемалардың және фонемалардың маңызы зор. Ол дәстүрлі тіл білімінен тілдік құбылыстарды түсіндіруімен ерекшеленді. Ол үшін тарихи себептілік қағидасына сүйеніп, фонет. заңдылықтар қолданылады. Қазіргі тіл білімінде Салыстырмалы-тарихи тіл білімі салыстырмалы-тарихи грамматика, этимология, тарихи грамматика, салыстырмалы және тарихи лексикология, тілдердің тарихи дамуы, қайта құру теориясы, лингвист. палеонтология, әдеби тілдердің тарихы, т. б. пәндерді қамтиды. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі жеке тілдердің тарихи грамматикасы мен этимологиясы, тарихи сөздіктердің жарыққа шығуы негізінде көрініс тапты. Қазақ тіл білімінде түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасын зерттеу толыққанды қолға алынбаған. Бұл сала бойынша М. Томановтың “Тіл тарихы туралы зерттеулер” (2002) атты еңбегін атауға болады. Зерттеуші еңбегінде түркі тілдерінің фонетикасы, оның жүйелік ерекшеліктері, морфол. құрылысы ғыл. сипатталған. Түркі тілдерінің жеке тілдік деректерін салыстырмалы-тарихи тұрғыдан қарастырған Ә. Құрышжанұлы, Ә. Ибатов, А. Аманжолов, Б. Сағындықұлы, Е. Қажыбеков, М. Оразов, т. б. ғалымдар еңбектері жарық көрген.

Slide 4

Ф. Боп (1791-1867) Майнц қаласында туған. Гимназияда оқып жүрген кезінде-ақ санскрит, парсы, араб, көне еврей тілдерін оқып үйренген. 1821 жылы Берлин университетіндегі шығыс әдебиеті және жалпы тіл білімінің профессоры, 1829 жылдан академик. Оның ең басты еңбегі -»Санскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы». Бұл еңбек үш томнан тұрады: 1833-1852 жылдары бірінші рет, 1856-1861 жылдарда жөнделіп екінші рет, 1868-1870 жылдары үшінші рет басылды. Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың екіншісі - Дания ғалымы Расмус Раск. Ол өзінің 1818 жылы басылып шыққан «Исланд тілінің шығу тарихы» атты еңбегінде тілдер туыстастығын білдіретін негізгі белгілер не екендігін жан-жақты көрсетеді. Ол - тілдердің сөздік жағынан бір-біріне ұқсастығы тіл туыстастығының кепілі бола алмайды, бір тілден екінші тілге сөз ауыса береді, тіл туыстығының белгісі - олардың грамматикалық жағынан ұқсас болу, өйткені грамматикалық формалар бір тілден екіншісі тілге ауыспайды деген қорытынды шығарды. Тілдер туыстастығының екінші бір кепілі - дыбыстар алмасуындағы заңдылықтар мен негізгі сөздік қордың ұқсастығы дегенді баса айтады. Өзінің осы тұжырымына сүйене отырып, Раск көптеген еуропалық тілдер фактілерін бір-біріне салыстыра зерттейді.

Тіл білімі тарихында салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы Ф. Боптың, Раск, Якоб Гримм т. б. еңбектері.

Slide 5

Расмус Кристиан Раск (1787-1832) Копенгаген университетінде оқыған. 1823 жылдан бастап осы университеттің профессоры. Ол 20-шақты тілді білген, испан, италян, француз, көне ағылшын, швед, т. б. көптеген тілдердің грамматикасын жазған. Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі «Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, исланд тілдерінің шығуы туралы зерттеулер» деп аталады. Бұл еңбегінде автор гот (герман) тілдерінің латын, грек тілдерімен туыстастығын дәлелдейді. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі - неміс ғалымы Якоб Гримм. Бұл ғалымның төрт томнан тұратын «Неміс грамматикасы» атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады. Мұнда автор неміс тілінің қалыптасу, даму жолдарын, оның құрамындағы әр түрлі диалектілерді бір-біріне салыстыру, неміс тілін герман тіліне жататын басқа тілдермен қатар қоя қарау арқылы айқындайды. Гримм өзінің еңбектерінде тілдің, тілдік элементтердің даму тарихын зерттеуге баса көңіл бөледі. Ол тарихи салыстырудың баспалдақты, хронологиялық жолын енгізіп қалыптастырады. Сөйтіп, тілдегі өзгеріс-құбылыстардың қай-қайсысы да оның бірте-бірте дамуының табиғи нәтижесі екенін дәлелдейді. Гримм тіл тарихының қоғам тарихымен байланыстылығын, тілдің қоғам тарихын зерттеуде орасан зор роль атқаратынын баса айтты. Ф. Бопп еңбектері сияқты Гримм еңбектері де салыстырмалы-тарихи тіл білімін зор беделге ие етіп, оның даму бағытына елеулі ықпал жасады.

Slide 6
Ұқсас жұмыстар
Салыстырмалы - тарихи тіл білімі, оның тіл білімін дамытудағы орны
Тіл теориясы
Тіл философиясы
Түркі мәдениеті мен өнері
Кванттық физика тарихы және тарихи деректерді физика пәнін оқытуда қолдану әдістемесін оқыту
ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кибернетиканың Философиялық мәселелері
Бекет батыр жыры
Кірме сөздер. Презентация
Балалар психологиясының даму тарихы, теориялары туралы негізгі түсініктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz