Халық музыкасы және опера




Презентация қосу
ТАҚЫРЫБЫ:

Халық музыкасы
және опера.
Қазақ халқы — ән мен жырға бай халық. Батырлар
жырымен қатар оқиғалары махаббат тақырыбына
құрылған «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» сияқты
лиро - эпостық жырлар кең тараған. Көптеген жазушылар
мен композиторлар бұл жырларды негізге ала отырып, әдеби
- музыкалық шығармалар жазған. Композитор Е. Г.
Брусиловский «Қыз Жібек» жырының негізінде «Қыз Жібек»
операсын жазса, оның либреттосын атақты жазушы
Ғабит Мүсірепов жазған. Опера алғаш рет 1934 жылы
қойылды. Онда еркіндік аңсап, өзінің шынайы махаббаты
үшін күрескен Жібек пен Төлеген бейнесі көрсетіледі.
Бұл опера төрт бөлімнен тұрады.
Евгений Григорьевич Брусиловский
Дондағы Ростов қаласында туған. Оның алғаш музыкалық сауатын ашқан
адам - өзінің анасы. Санкт - Петербург консерваториясын бітіргеннен кейін
Алматыға келеді. Е. Брусиловский - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығының иегері, қазақ музыка өнеріне елеулі үлес қосқан композитор.
Қазақ музыкасының ұлттық ерекшелігін жете түсінген ол көптеген халық
әндері мен күйлерін, халык, композиторларының туындыларын өз
шығармаларына арқау етті. Бұған «Айман - Шолпан», «Қыз Жібек», «Ер
Тарғын», «Жалбыр», «Дудар - ай» опералары мысал бола алады. Сондай - ақ
Евгений Брусиловский - бірнеше симфониялық шығармалар мен көптеген
ән - хорлардың авторы. Солардың ішінен «Қазақстан», «Шолпан», «Қос
қарлығаш» сияқты әндерін атауға болады. Оның балаларға арнап жазған
музыкалық шығармалары да аз емес. Евгений Брусиловский қазақ
музыкасын дамытуға зор үлес қосып, көптеген жас композиторларды
тәрбиелеп шығарған ұлағатты ұстаз.
Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы (22 наурыз 1902 - 31 желтоқсан 1985) –
қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам
қайраткері.
Қазақ КСР ҒА академигі (1985), Социалистік Еңбек Ері (1974), Қазақстан
халық жазушысы ().
Мүсірепов “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” сияқты опера
либреттоларының да авторы. Ол тарихи тұлғалар өмірінен “
Амангелді” (1939), “Ақан сері – Ақтоқты” (1942), “Болашаққа
аманат”, “Қыпшақ қызы Аппақ”, “Қайран Майра” атты драмалық
шығармалар жазды. Мүсірепов драматургиясы шиеленіскен
әлеуметтік тартысқа құрылған, қимыл-әрекеттері ширақ,
диалогтары дәлме-дәл, монологтары ақындық пафоспен рухтанған
серпінді, тілі құнарлы да бейнелі: осы қасиеттер кейіпкерлер
характерлерін терең ашуда қолайлы қызмет атқарған. Сценарийін
Б.Майлин, В.Ивановпен бірігіп жазған “Амангелді” фильмі (1938)
қазақ кино өнерінің алғашқы баспалдағы саналса, “Махаббат
туралы дастан”, “Қыз Жібек” (1970) фильмдері қазақ кино өнерінің
алтын қорынан орын алған туындылар.
О пера
«Қыз Жібек» операсы. Операның қысқаша мазмұны. Жібек
деген сұлу қыз өз қалауымен алыстағы бір рудың баласы - жас
жігіт Төлегенге косылғысы келеді. Бірақ бұрыннан Жібек
сұлуда ойы болып жүрген өз елінің жігіті Бекежан мырза оған
күштеп үйленуге ант етеді. Жібектің ата - анасының
ризашылығын алған Төлеген үйлену үшін өз ата - анасының
рұқсатын сұрауға еліне аттанады. Бірақ Төлегеннің әкесі
Базарбай баласына келінді өзі таңдайтындығын айтып, рұқсат
бермейді. Әке карсылығына қарамастан ол Жібектің еліне
қайтады. Төлегеннің қайта оралып келе жатқанын естіген
Бекежан оның жолын аңдып жүріп, кездеседі де, алдап
достасады. Екеуі қоштасып кетіп бара жатқанда Бекежан
Төлегенді ту сыртынан садақпен атып өлтіреді. Төлегеннің
қаза болғанын естіген Жібек құздан құлап өледі.
М узы калы қ сөздік:

Опера - сахнада койылу үшін жазылған көлемді музыкалы
- драмалық шығарма. Операдағы барлық сөз бен қимыл
музыка арқылы жеткізіледі. Оны орындауға жеке
орындаушы да, ансамбль де, хор да, оркестр де
қатысады.
Операда ән, ария, би, симфониялық шығармалар
орындалады. Операны
бірнеше жанрлардың жиынтығы деп қарауға болады.
Онда ең әуелі либретто болуы шарт, сондай - ақ сахнаға
бейімделген музыка жазылады, сахналық көріністерге
байланысты түрлі декорациялар, киімдер дайындалады.

«Қыз Жібек» операсынан үзінді тыңдау:
Қыз Жібектің бейнесін ашатын ән «Гәкку»
Пайдаланған әдебиеттер: Ш. Құлманова, М. Оразалиева, Б.
Сүлейменова,
С. Елеманова Жалпы білім беретін мектептің 4 сыныбына
арналған «Музыка» оқулығы «Атамұра» бағдарламасы Алматы
– 2004 жыл.

Ұқсас жұмыстар
Ария
А.Райымбергенов жетекшілігімен құрылған музыкалық МҰРАГЕР бағдарламасы
«Мұрагер»
Тұманбай Молдағалиев
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
2011 жылдың күзінде көз жұмды
Йозеф Гайдн
Сүйікті әншісі
Нұрғиса Тілендиев өмірбаяны
Театр сахнасы
Пәндер