Құзіреттілік
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІК
Орындаған: Нұрбекова Ж.Е
П-227 топ студенті
Тексерген: Оралбекова Б.С
«Құзырлық» сөзі «құзыр» сөзінен алынған
туынды сөз екендігіне баса назар аударамыз. Бұл
туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми
түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) –
жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға
қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп
берілген.
Ал Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында (6 том,
96 б.) «құзырет (компетенция)» – нақты органның
не лауазымды тұлғаның заң жүзінде белгіленген
өкілеттіліктерінің, құқықтары мен міндеттерінің
жиынтығы деп көрсетілген.
Латын тілінен аударғанда «құзырлық – өз ісін
жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген
мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы
құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес
білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір
негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет
ете алатын адамды есептеуге болады.
Енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын
болсақ, онда «құзыр» – тұлғаның белгілі бір
пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі,
дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара
байланысқан сапаларының жиынтығы, ал
«құзырлық»–адамның іс-әрекеті саласына сай
құзырлықтарды меңгеруі. Бұл екі ұғымды керек
болған жағдайда бөліп қарастырады. Мысалы,
құзырлық оқушылар дайындығына алдын-ала
қойылатын талаптарды, ал құзыреттілік олардың
қалыптасқан тұлғалық сапасын және белгілі бір
саладағы іс-әрекетке қатысты жинақталған
тәжірибесін айтады.
Құзырет — өкілетті қызмет адамы, сол салада оның
сәйкес білімі, танымы болуы қажет және жауапты
шешімдерді қабылдауға құқылы.
Құзыреттілік – жұмыскердің өз білімі, біліктілігі
және дағдылары негізінде нақты кәсіп аясында
жоғары сапалы және мөлшерлік еңбек нәтижелеріне
жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу
қабілеті.
Біліктілік – адамның қандай да бір кәсіби- еңбек
қызметін орындауға деген дайындық деңгейі немесе
біліктілік – кәсіпті меңгеру деңгейі. Біліктілік
мінездемесі – қандай да бір біліктілік деңгейі бар
нақты бір кәсіп маманы оны игеруге қажет білім, білік
және дағдыларға қойылған талаптар тізімі белгіленген
мемлекеттік құжат [1, 16-17б.].
«Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың
ортасында американдық ғалым Н.Хомский енгізген
болатын, бастапқыда ол ана тілінде нақты тілдік
қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер деген
түсінік берді.
Н.В. Кузьмина тұжырымдамасында құзырлылық
педагогикалық кәсіби іс-әрекеттің басқа
факторларымен қатар қойылған фактор болса,
онда А.К. Маркованың тұжырымдамасында кәсіби
құзырлылық тектік түсінік болып табылады. Ол іс-
әрекетте көрінетін және оның тиімділігін
қамтамасыз ететін барлық факторларды қамтиды.
С.М.Вешниякованың «Кәсіптік білім беру» сөздігінде:
«Құзыреттілік (латын сөзі) competenens – қабілетті,
қатысты деген мағынада. Белгілі бір саланың
тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің
сәйкестігінің мөлшері» деген анықтама берілген
болса,
А.В.Баранниковтің айтуынша: «Құзыреттілік
дегеніміз- өз бетінше іске асырылатын қабілеттілік, ол
оқушының алған білімдеріне, өмірдегі
тәжірибелеріне, құндылықтарына негізделеді».
Ғалым Дж. Равен «құзыреттілік» терминіне жеке
тұлғаның көп қасиеттерін топтайтын ұғым деген
анықтама береді. Ғалымдардың пікірлерін
басшылыққа ала отырып, біз «құзыреттілік»
ұғымына – оқушылардың жеке тұлғалық
психологиялық ерекшеліктеріне байланысты
меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін,
танымдық және тәжірибелік іскерлігін өмірде
дұрыс қолдануы деген анықтама бере аламыз.
Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген
мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі
құзырлылығы төмендегіше анықталды:
1.Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік –
оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын
қабілеті, жоғары әдептілік құндылықтар негізінде
жасампаз қоғам өмірінде өзінің рөлін таба білу
біліктілігі, азаматтылығы мен елжандылығы. Бұл
құзіреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім
қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы,
өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу, азаматтық,
белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып
жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.
2.Мәдениеттанымдық құзіреттілік – жалпы
адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-
әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен
жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің
мәдениет негіздерін, этномәдениеттік
құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық
ерекшеліктерін тани білі. Адам мен қоғамның
дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі
халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени
көптүрлілігін түсіну және бағалауға мүмкіндік
беретін мәдени-демалыс қызметін тиімді
ұйымдастыру тәсілдерін игеру; рухани келісім мен
толеранттылық идеяларына бейім болу.
3.Когнитивтік құзіреттілік – оқушының зерттеу
әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық процесін
қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл
құзірет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра
білуді, сәйкес функционалдық сауаттылық
талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің
ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік-зерттеушілік
әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін
өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау
тәсілдерін қарастырады.
4.Коммуникативтік құзіреттілік – адамдармен
өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін
білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс
істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі
әлеуметтік рөлдерді орындауды,
байланыстың нақты жағдайларда шешім
қабылдау үшін байланыстың түрлі
объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік
тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық
қатынаста шетел тілінде қатынас да ғдылары
болуын қарастырады.
5.Ақпараттық-технологиялық құзіреттілік –
бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай,
таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен
ақпараттық технологиялар мен техникалық
объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра
білу және интерпретациялау білігі.
6.Әлеуметтік өзара қарым-қатынас
құзіреттілігі – отбасылық, еңбек, экономикалық,
саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді
азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие
болуды білдіреді. Бұл құзірет әлеуметтік-
қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білуді,
шешім қабылдай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда
жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал
ете білуді, кәсіби бағдарын саналы таңдай алуды
қарастырады.
7.Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілік. Бұл
құзірет отбасылық, еңбек, экономикалық және саяси
қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді
азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен
тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзірет нақты
әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай
білуді, түрлі өмірлік жағдайларға талдау жасай білуді,
түрлі өмірлік жағдайларда, яғни өзінің мүмкіндігін
нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра
білуді, қызметін өзіндік қадір-қасиет сезімімен
ұйымдастыра білуді, өзінің өмірі мен ісіне жауапты
қарауды, жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім
қабылдауды және ықпал етуді қарастырады.
Аталған құзіреттілікті игеру оқушының жалпы орта
білім беретін мектеп жағдайында нәтижелі
Әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
Алматы – 2008.
2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі
білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
3. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауы.
4. Б.А.Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық
әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту:
теория және тәжірибе. Aлматы. – 2005.
5. К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының
сапалық критерийі. 2008.
Т!
А Х МЕ
ҒА Р
Ы З
ЫҢ
РЛ АР
АЗ А
Н
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz