Баға және баға жасау


Slide 1

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Баға және баға жасау

Семей 2015

Дайындаған: Динслямова А. А.

МШ-203

Slide 2

ЖОСПАР:

1. Баға түрлері, жіктелуі.

2. Бағаның экономикалық функциялары

3. Баға жасау әдістері

4. Баға жасау процесінің кезеңдері

Slide 3

1. Баға түрлері, жіктелуі.

Бірқатар экономикалық белгілерге қарай бағалардың бірнеше жіктеулері бар:

А) Бағаны қою объектісіне қарай материалдық өнімге және қызметтерге қойылатын бағалар болады. Материалдық өнімдерге қойылатын бағалар түрлері:

А. 1. Өнеркәсіп өніміне көтерме бағалар - бұл меншік формаға тәуелсіз өнеркәсіп кәсіпорындарының, фирмаларының, ұйымдарының тауарлары ірі көлемде сатылатын, және сатып алынатын бағалар. Көбінесе, бұл бағамен тауарды әртүрлі делдалдар сатып алады. Көтерме бағалардың екі түрі бар: кәсіпорынның көтерме бағасы (сату бағасы) және өнеркәсіптің сату бағасы. Кәсіпорынның көтерме бағасы - бұл кәсіпорын шығындарының осы кәсіпорынға қажет қалыпты пайданың, жанама салықтардың қосындысы. Қалыпты пайда - бұл кәсіпорынның ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін ақша мөлшері. Пайда нормасы көптеген факторларға тәуелді болады. Кәсіпорынның көтерме бағасына қарай кәсіпорын қызметінің негізгі құндық көрсеткіштері талдауға салынады, жоспарланады және есептелінеді. Кәсіпорынның көтерме бағасының ерекше түрі - трансфертты бағалар - кәсіпорын, фирма ішіндегі бөлімшелер арасында қолданылатын баға деңгейі.

Slide 4

А. 2. Құрылыс тауарларының бағалары - үш түрі бар:

1. сметалық (құрылыс салу) құн (әр объектіні салуға кететін шекті шығындар;

2. прейскурантты баға - типтік құрылыс объектісінің соңғы өнімінің бірлігіне кететін орташа шығындар деңгейі;

3. келісімдік баға - тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы келіссөздер арқылы қалыптасады.

А. 3. Сатып алу бағалары - ауылшаруашылық өнімді сату бағалары. Бұл бағалар бойынша баға паритеті (ауыл және қала арасындағы бағалық үйлесімділік) мәселесі үлкен орын алады. Бұл жерде ауылшаруашылық өнімнің жылына бір рет өткізілуін есебке алу керек. Мемлекет тарапынан осы мәселеге аса зор көңіл бөліну керек (субвенциялар, жеңілдетілген несиелер, материалдық-техникалық көмек және т. с. с. ) .

А. 4. Бөлшек сауда бағалары - соңғы тұтынушыларға арналған бағалар. Тауарлар айналыс өрісінен тұтыну өрісіне ауысады. Бұл бағаны анықтау үшін өнеркәсіптің көтерме бағасына сауда шығындары, пайдасы және салықтары қосылады.

Slide 5

Б. Қызметтерге қойылатын бағаларды тарифтер деп атайды. Олар транспортты, коммуналды, тұрмысты болып бөлінеді.

Б. 1. Транспорттық тарифтер - жүктерді, пассажирлерді тасымалдауға алынатын төлем мөлшері. Құрамына транспорттық ұйымның шығындары, пайдасы және ҚҚС кіреді. Шығындар екі бөліктен тұрады: бастапқы-соңғы операциялар үшін және қозғалыс үшін.

Б. 2. Коммуналды тарифтер - отын, жылу, су, канализация, газ, электрэнергиясы, көмір.

Б. 3. Тұрмысты тарифтер - шаштараз, кір жуу, жөндеу және с. с. В. Қызмет ету өрісіне қарай - әлемдік, біріңғай мемлекеттік (немесе белбеулі) және аймақтық (зональды, жергілікті) бағалар болады.

Г. Тұтынушы жүктерді жеткізу бойынша транспорттық шығындарды төлеу тәртібіне қарай - өнімді шығару орнындағы баға (тауар шығару жерінде тұтынушыға сатылады) ; тасымалдау шығындарымен қоса біріңғай баға (тұтынушының бәріне де мекен-жайына тәуелсіз біріңғай бағалар, мұнда транспорттық шығындар орташа етіп алынады) ; зональды бағалар (берілген зонада тұратын тұтынышыларға біріңғай бағалар қолданылады) ; базистік нүкте негізінде анықталатын бағалар (фирма әртүрлі географиялық нүктелерде бір тауарға базистік баға тағайындайды, сонда іс жүзіндегі бағаны анықтау үшін ең жақын нүктедегі базистік бағаға тұтынушыға жеткізу шығындарын қосады) .

Slide 6

Д. Бағаны орнату тәртібіне қарай еркін және реттелетін және тіркелген бағалар болады. Д. 1. Еркін бағалар сұраныс және ұсыныс ықпалының негізінде қалыптасады. Д. 2. Реттелетін бағалар - олар да сұраныс пен ұсынысқа негізделеді, бірақ мемлекеттік органдардың ықпалына да тәуелді болады (экономикалық (несие, кеден, салық, қаржы, бюджет саясаты арқылы) және әкімшілік (рентабельділікті шектеу, бағаны өзгертудің шекті коэффициенттері, шекті бағалар мен тарифтер енгізу) реттеу. Д. 3. Тіркелген бағалар - мемлекет тікелей орнататын бағалар (прейскурантты, «мұздатылған», «монопольды» бағаларды тіркеу) . Е. Тауардың жаңа болу дәрежесіне қарай жаңа тауарлар бағалары және нарықта ұзақ сатылатын тауар бағалары болады. Е. 1. Жаңа тауарға «қаймақты алу» бағасы, «нарыққа ену» бағасы, «психологиялық» баға, «лидердің артынан еру» бағасы, өндіріс шығындарын өтеу» бағасы, «беделді» баға қолданылады Е. 2. Ұзақ мерзім сатылатын тауар бағасы - ауыспалы (скользящая) немесе түсіп бара жатқан бағалар, ұзақмерзімді баға, нарықтың тұтынушылық сегментіне арналған бағалар, икемді бағалар, артықшылығы бар бағалар, енді шығарылмайтын өнімдерге бағалар, кәсіпорындардың көбінен төмен болатын бағалар, келісімдік бағалар қолданылады.

Slide 7

Ж) Сыртқы тауар айналымын қамтамасыз етуге қарай экспортты және импортты бағалар болады. Бұл бағалар әлемдік бағалар деңгейіне тәуелді болады.

Бұл жерде тауарды тасымалдау шығындарын өтеуге байланысты (франкировкаға) әртүрлі бағалар қолданылады: Франко- жеткізу станциясы - тауар бағасына оны вагоннан шығаруға дейін болған транспорттық шығындар кіреді

Франко-жіберу станциясы - тауар бағасына жіберу станциясына дейін болған транспорттық шығындар кіреді, кейінгі шығындар бағадан тыс төленеді. Франко - қай жерге дейін транспорттық шығындар төленетінін көрсетеді.

З) Есебке алу және статистикада қолданылатын бағалар (тіркеу, талдау, индекстерді есептеу үшін қажет) : бағалар индексы, ағымдағы, орташа бағалар, салыстырылатын және өзгеріссіз бағалар жатады.

И) Ғылыми-зерттеу ұйымдарында, сондай-ақ, жобалық, лимитті және шамалы (болжамды) бағалар қолданылады.

Slide 8

2. Бағаның экономикалық функциялары

Баға функциясы деп оның ішкі құрамының (қасиеттерінің) сыртынан көрінісін айтады. Бағаның 5 функциясын атауға болады:

А) Есебке алу функциясы - қоғамдық еңбек шығындарын есебке алу және өлшеу.

Басқаша айтқанда баға арқылы біз осы тауарға қанша шығын кеткенін анықтай аламыз немесе берілген қажеттілікті қанағаттандыруға арналған тауарға қоғам қанша шығындалғанын көре аламыз. Баға тек шығында ғана емес, сондай-ақ пайда деңгейін де көрсете алады. Әрине шын мәнінде нарықтық баға қалыпты бағадан қатты ауытқуы да мүмкін екенін ұмытпауымыз керек. Берілген функция бойынша баға барлық құндық көрсеткіштерді анықтауға негіз бола алады. Бұл көрсеткіштер сандық және сапалық болып бөлінеді. Сандық көрсеткіштер - жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, күрделі салымдар көлемі, тауар айналымы, өнім көлемі, және т. б. Сапалық көрсеткіштер - пайдалылық (тиімділік, еңбек өнімділігі, қор қайтарылымдылығы және т. б. ) .

Б) Ынталандырушы функция. Баға арқылы ҒТП, қорлардың үнемделуін, өнім сапасын көтеруді, өндіріс құрылымын өзгертуді ынталандыруға болады. Баға арқылы сонымен қатар, тұтынушыларды да ынталандыруға болады.

Slide 9

В) Бөлу функциясы. Бағаның көмегімен ұлттық (таза) табысты бөлуге және қайта бөлуге болады: экономика салалары арасында, меншік формалары арасында, ел аймақтары арасында, жинақтау және тұтыну қоры арасында, халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында. Мемлекет бұл функцияны акциз, ҚҚС және т. б. әдістер арқылы орындайды.

Г) Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы.

Д) Өндірісті тиімді орналастыру белгісі ретінде болуға бағытталған бағаның функциясы. Капитал пайда мөлшері әсіресе көп экономика секторына ауысуға тырысады, ал капитал иесі кәсіпорындар және ұйымдар болады. Осы аталған барлық баға функциялары бір-бірімен байланысады, кейде қарама-қайшы болады.

Slide 10

3. Баға жасау әдістері

Фирма жай баға орнатпай, барлық шығаратын тауар ассортиментіне бағалар жүйесін белгілейді. Фирма келесі бағалар түрлерін және оларды жасау әдістерін қолданады:

1) жаңа тауарға бағаны белгілеу: ол өз кезегінде патентпен қорғалған нарық үшін шын мәнінде жаңа болатын тауар үшін бағаны анықтау, нарықта бар тауарларға ұқсас болатын тауар-имитаторға бағаны анықтау. 2) Тауар номенклатурасы шеңберінде баға жасау. Мұнда фирма өзі шығаратын тауар номенклатурасы бойынша бағалар жүйесін құрып максимальды пайда алуға тырысады. 4 типтік жағдай болуы мүмкін:

а) тауар ассортименті шеңберінде бағаны жасау. Әртүрлі тауарларға әртүрлі деңгейлі бағалар орнатылады (барлық факторлар, әсіресе шығындар деңгейі, бәсекелестер бағалары, тұтынушылардың көзқарасы, есебке алыну керек)

б) толықтырғыш тауарларға баға орнату. Негізгі тауарға фирмалар кейде қосымша толықтырғыш тауарлар ұсынады. Негізгі мәселе: стандартты тізімге және қосымша, толықтырғыш тізімге нені қосу қажет деген сұрақты шешу.

в) Міндетті қосылымдарға бағаларды орнату. Бұл қосылымдар негізгі тауармен қоса қолданылу қажет. Кейде оларға фирмалар асыра бағаларды қояды.

г) Өндірістің қосалқы өнімдеріне бағаны орнату. Оларды өткізу нәтижесінде негізгі тауардың бағасы кемиді.

Slide 11

3) Бағаларды географиялық қағидаға байланысты орнату. 5 түрлі вариант болады:

а) тауар шығару орнында бағаны анықтау

б) транспорттау шығындарын қосып біріңғай бағаны анықтау

в) зональды бағалар анықтау

г) базистік нүктеге қарай баға орнату

д) фирма транспорттау шығындарын өзі төлеп баға орнатады.


Ұқсас жұмыстар
Баға және баға жасау туралы
Баға жасау методологиясы
Баға жане баға жасау жайлы
Калькуляциялық шығындардың схемасы
БАҒА туралы ұғым, маңызы, жасау қағидалары
Баға құрастырудағы мақсаттар
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ. БАҒА БЕЛГІЛЕУ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН БАҒА БЕЛГІЛЕУ ФАКТОРЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС
Бағаның түрлері,формалары,жүйелері туралы ақпарат
«Экономика, өндірісті ұйымдастыру және менеджмент»
Туристік - өлкетану жұмысы мақсатында аймақты рекреациялық бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz