Музыка. Музыка сабағындағы музыкалық іс-әрекет түрлері мен оқыту әдістемесі




Презентация қосу
ТАҚЫРЫБЫ:

Музыка сабағындағы музыкалық іс-
әрекет түрлері мен оқыту әдістемесі.
1.
Мектептегі оқытуды ұйымдастыру формалары педагогика
тарихында ең пікірталасты проблема болып келді. С.И.
Ожеговтың түсіндірме сөздігінде «форма – белгілі бір
мазмұнымен шарттасатын түр, ұйымдастыру, құру, тип,
құрылым, түзіліс» деп пайымдалса, философиялық
энцоклопедияда бұл термин «мазмұнның іштей
ұйымдастырылуы» - деп тұжырымдалған. Ал, оқыту ға келсек,
форма – ол оқыту процесінің арнайы т үзілімі. Бұл т үзілім о қу
процесінің мазмұнына, әдістеріне, тәсілдері мен
құралдарына, оқушылардың іс-әрекет етуіне сипат алады. Яки
оқытудың осындай түзілімі оқу материалын ме ңгеру
барысындағы мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуінде
көрініс алады. Олай болса, оқыту формасы деп белгілі бір о қу
материалын және іс-әрекет ету амалдарын меңгеруде мұғалім
мен оқушының өзара әрекет етуінде жүзеге асырылатын
оқыту процесі бөліктерінің түзілімі мен циклдарын айтамыз.
2.
Музыканы оқыту білім беру мазмұны мен мақсатын дұрыс анықтаумен ғана
шектелмейді. Оқыту мақсаттарына қандай амал, жолдармен жету керектігі
музыкалық білім беру дидактикасындағы ең маңызды мәселе болып
табылады. Себебі білім берудің тиімділігі әрдайым оқыту әдістерін дұрыс
таңдауға тікелей байланысты болады.

Оқыту әдістері келесі үш белгімен сипатталады. Олар: оқыту мақсаты,
меңгерту амалы және оқыту субъектілерінің өзара әрекеттесу сипаты. Демек,
оқыту әдістері төмендегілерді қамтиды:

- мұғалімнің оқыту жұмысының және оқушылардың оқу
жұмыстарының өзара байланысты амалдары;

- олардың оқытудың түрлі мақсаттарына жетудегі жұмыстарының
ерекшеліктері.

Оқыту процесінің мәні және оқыту мақсаттарының көп аспектілігі
«оқыту әдістері» ұғымын түсіндіруде сан түрлі трактовкалардың
қалыптасуына ықпалын тигізеді:
Жоғарыда келтірілген тұжырымдарды салыстырмалы түрде
талдау, арқылы оларда мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
(оқыту процесінің мәні, оның екі жақты сипаты), оқыту
процесінің нәтижесі (дамытушылық, білімділік, тәрбиелік)
көрініс тапқанына көз жеткіземіз. Осы ретте музыканы
оқыту әдістерін оқу процесінің жетекші міндеттері мен
мақсаттарына сай музыка пәнінің мазмұнын меңгертуді
ұйымдастыру амалдары деген анықтаманы негізге алуға
болады. Себебі онда музыкалық білім мазмұны сияқты оқу
процесінің негізгі құрылымдық компоненттері көрініс
тапқан.

Мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекетін
бейнелейтін оқыту процесінің екі жақты сипаты оқыту
әдістерінің де дәл осылай екі жақтылығын анықтайды.
Осыған байланысты мұғалім тарапынан ақпараттық,
басқарушылық, оқушылардың танымдық қабілетін дамыту,
т.б. және оқушылар тарапынан білімді алу, меңгеру,
тыңдау, бақылау, практикалық, лабораториялық жұмыстар
орындау сияқты әдістерді атап кетуге болады.
. МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖЕТІСТІКТЕРІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛАЙЛЫ
ЕТІП ТАҢДАП АЛУҒА БАЙЛАНЫСТЫ. ОЛ ҮШІН КЕЛЕСІ ӨЛШЕМДЕРДІ НЕГІЗГЕ АЛУ ҒА
БОЛАДЫ:

- ОҚУ МАТЕРИАЛЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ЖАЛПЫ МАҚСАТТАРЫ;

- ОҚУ ПӘНІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ;

- ДИДАКТИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР;

- ОҚУШЫНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ;

- ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ, ПРАКТИКАЛЫҚ
ДАЯРЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ;

- ОҚУШЫЛЫРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕЛІК ДЕҢГЕЙІ;

- ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ДАРА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ;

- МЕКТЕПТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАСЫ, МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ;

- МУЗЫКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ ДЕҢГЕЙІ.
О.А. Апраксина өнер пәні ретінде музыка пәнінің өзіне тән ерекшеліктерін ж әне
оқыту заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын білім беру, тәрбиелік,
ұйымдастыру талаптарын былай қарастырады:

- музыка сабағының білім беру міндеттерінің нақты айқын болуы;

- музыка сабағының мазмұны оқу бағдарламасына, сабақтың мақсатына, оқушыны ң
даярлық деңгейлеріне сәйкес анықталуы;

- музыка оқыту әдістерін қолайлы етіп таңдау;

- педагогикалық байланыстардың болуы;

- музыкалық білім беру педагогикасының ғылыми жетістіктерін пайдалану;

- жеке тұлғаның барлық сферасын дамыту;

- жалпыпедагогикалық іскерліктердің дамуы;

- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру;

- музыканы оқытудың психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
МУЗЫКА САБАҚТАРЫН ЖҮРГІЗУ ҮШІН ТИПТІК БАҒДАРЛАМА НЕГІЗІНДЕ ҚҰРЫЛ ҒАН
КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРДА БІРІЗДІЛІКПЕН ЖОСПАРЛАН ҒАН ТА ҚЫРЫПТАРДА Ң
БІЛІМДІЛІК, ТӘРБИЕЛІК МАҚСАТТАРЫ, ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ, САБАҚТЫҢ ТҮРІ, ӘДІСТЕРІ,
ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨРНЕКІЛІКТЕРІ, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОРЫНДАЙТЫН
ЖҰМЫСТАРЫ, БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУ ФОРМАСЫ, ӘР
ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨТЕТІН МЕРЗІМІ КӨРІНІС ТАБАДЫ.
МУЗЫКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАМАС БҰРЫН, Е Ң АЛДЫМЕН О ҚУШЫЛАР
БЕЛГІЛІ БІР ТАҚЫРЫПТЫ ЗЕРДЕЛЕУ БАРЫСЫНДА, ЯКИ ЕСТЕ СА ҚТАУ, БІЛУ О ҚУ ДА ҒДЫЛАРЫ
ЖӘНЕ АЛҒАН БІЛІМДЕРІН ТҮРЛІ СИТУАЦИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ СИЯ ҚТЫ Н ӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ
ЖЕТКІЗУІ КЕРЕКТІГІН НАҚТЫЛАП БЕЛГІЛЕП АЛҒАНЫ Ж ӨН.
ЖЕКЕ САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРДЫҢ НЕГІЗІНДЕ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ. ӘСІРЕСЕ, ҚЫЗМЕТІН ЖА ҢА БАСТАҒАН О ҚЫТУШЫЛАР САБА ҚТЫ Ң
МАЗМҰНЫН, ОҚЫТУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ НАҚТЫЛЫ БЕЛГІЛЕНГЕН КОНСПЕКТ ДАЙЫНДА ҒАН
ДҰРЫС.ОҚЫТУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҚЫЛАУ МЕН ТЕКСЕРУ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНІ Ң МІНДЕТТІ
КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ БІРІНЕН САНАЛАДЫ. ОНЫҢ МӘНІ ПӘН БОЙЫНША О ҚУШЫЛАРДЫ Ң
МЕҢГЕРГЕН БІЛІМ ДЕҢГЕЙЛЕРІНІҢ БІЛІМ СТАНДАРТЫНА С ӘЙКЕС ҚҰРЫЛ ҒАН
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ БОЛУЫН АНЫҚТАУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. КЕІНГІ КЕЗДЕ
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ОСЫ ЖҰМЫСТЫ ТИІМДІЛІКПЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА «ПЕДАГОГИКАЛЫ Қ
ДИАГНОСТИКА» ЖИІ ҚОЛДАНЫЛЫП ЖҮР:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ:
http://kitaptar.com/node/1379

Ұқсас жұмыстар
Музыка сабағындағы музыкалық іс-әрекет түрлері мен оқыту әдістемесі
Музыканы тыңдау әдістемесі
Музыка сабағындағы музыкалық іс-әрекет
Хордағы ән айту
Глоссарий
Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысы
Анықтама сөздік. Музыкалық білім беруде педагогиканың психологиямен және философиямен байланыс
Оқу-әдістемелік құжаттар: типтік бағдарлама, оқулық, әдістемелік нұсқау, жылдық күнтізбелік жоспар, сабақ жоспары, сабақ жоспарының конспектісі, сабаққа арналған дидактикалық материалдар үлгілерін слайд арқылы презантциядан түсіндіру
Оқушылардың сыныптан тыс музыкалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Оқушылардың сыныптан тыс музыкалық жұмыстарды ұйымдасту және өткізу әдістемесі слайд арқылы түсіндіру 
Пәндер