Экономикалық мемлекеттік зерттеу


Slide 1

СӨЖ

Орындаған:Маулетова. А. К.

Тобы:Е-415

Тексерген:Габдуллина. Л. Б.

Тақырыбы:Экономикалық мемлекеттік зерттеу.

Slide 2

Жоспар:

Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты.

ҚР бюджет салық жүйесінің саясаты.

Қр әлеуметтік саясаты.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

ҚР ақша-несие саясаты.

Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жуйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі түрі болады:

Рестрикциялық ақша-несие саясаты;

Экспанцондық ақша-несие саясаты.

Рестрикциялық ақша-несие саясаты - екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциондық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.

Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық Банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде.

Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-несие саясатын (бұдан әрі - АНС) жүргізуші болып табылады. Нақтырақ айтсақ ақша-несие саясатының бағдарламасын және қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ҚҰБ Басқармасы анықтайды, ал Директорлар кеңесі оны жүргізеді және өзге ресми мөлшерлемелерді белгілейді. Сонымен қатар АНС-ның жүзеге асырылуына ҚҰБ-нің ақша-несие саясаты жөніндегі Техникалық комитеті тікелей жауап береді. Техникалық комитет әр апта сайын АНС-на байланыстымәжіліс өткізеді және ұсыныстар жасайды. Оның құрамы 13 мүшеден: басшы, екі орынбасары, төрт департамент директорлары, төрт басқарма бастықтары, Төрағаның кеңесшісі және Қаржылық қадағалау агенттігінен бір өкіл кіреді.

АНС-ның мақсаты - инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. 2004 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолданып отырған ақша-несие саясатының құралдары екі топқа бөлінеді. Тікелей құралдар (несиебағасы мен немесе сомасына тікелей бақылауға арналған) :

несиенің бағасын (Р - сыйақы мөлшерлемесін) не санын (Q) белгілеу немесе шектеу;

коммерциялық банктердің балансына қатысты несиелік лимиттер белгілеу.

Slide 4

Жанама құралдар (нарыққа ықпал ету арқылы ақшаға деген сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуге арналаған) :

ашық нарықтағы операциялар;

міндетті резервтік талаптар;

несиелеуге және вексельдерді қайта есепке алуға байланысты операциялар.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс-жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.

Ұлттық Банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:

ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;

ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме;

РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

«овернайт» займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

овер драфт займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.

банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі.

Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі- ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс мен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық Банкінің заң актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.

Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттық Банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдық пайыздық мелшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеуде қолданылады.

РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері - жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерін реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелерінің елеулі ауытқуын болдырмау.

Slide 5

Банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі - Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктердің уақытша бос қаражаттарын тартуға байланысты қолданылады.

2005 жылғы 1 кыркүйектен бастап тікелей репо операцияларын жүргізу практикасы, сондай-ак мерзімдері 1 жүмыс күнінен аспа- ғандықтан «овернайт» және «овердрафт» заемдарын ұсыну уақытша тоқтатылды.

Ең төменгі резервтік талаптар. Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде, банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау максатында Ұлттық Банк ең төменгі резервтік талаптар тетігін қолданады.

Ашық нарықтағы оперяциялар - бұл Ұлттық Банктің айналыстағы ақша массасының келемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операциялары.

Бұл біршама ақша массасын, коммерциялық банктердің етімділігі және несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді.

Ұлттык Банк нарықта бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шыға- руды ынталандыру мақсатында Ұлттық Банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады.

Валюталық интервенция деп ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында Ұлттық Банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады.

Отандық банктік тәжірибемізде 1999 жылдың 4 сәуір айына дейін немесе еркін өзгермелі бағам режиміне өткенге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық нарықтағы интервенциялау саясаты алтын-валюта резервтері есебінен жүзеге асырылды.

Овердрафт заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері - Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҮБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.

«Овернайт» заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі - Ұлттык Банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.

Slide 6

ҚР бюджет салық жүйесінің саясаты.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi экономикалық қатынастарға және тиiстi құқықтық нормаларға негiзделген әртүрлi денгейдегi бюджеттердi қамтиды. Қазақстан Респубикасының бюджет жиынтығында мемлекеттiк бюджеттi құрайтын респубикалық бюджетпен жергiлiктi бюджеттер дербес жұмыс iстейдi. Бюджет жүйесiнiң жұмыс iстеуi бюжеттердiң әртүрлi денгейiнiң өзара байланысына негiзделген және оларды әзiрлеу, қарау, бекiту, атқару, бақылау тәртiбiмен сондай-ақ респубикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етiледi.

Бюджеттiк процес мемлекеттiк кiрiстерi мен шығыстарын баланстайды, теңдестiредi. Бiрақ қазiргi кезде барлық елдерде дерлiк мемлекеттiң шығыстары, оның кiрiстерi мен табыстарына қарағанда тез өсуде. Оның себебептерi көп, олардың iшiндегi ең бастылары өмiрдiң сан түрлi салаларындағы мемлекет рөлiнiң үздiксiз артуы, оның экономикалық және әлеуметтiк қызметiнiң кеңеюi, мемлекет аппараттары көлемiнiң өсуi және тағы басқа себептер. Бюджеттiк шығындардың көбеюi салық түсiмдерiмен сәйкес келмейдi, сондықтан бюджеттiң тапшылығы үздiксiз өсiп, оның көлемi ұлғаяды. Бюджет тапшылығы барлық мемлекеттерде абсоллюттi мөлшерi бойынша да жалпы ұлттық өнiмнiң қатынасынан да артық көрiнедi.

Мемлекеттiк бюджеттiң тұрақты тапшылығының негiзiнде көптеген сабептер жатыр. Оның қатарына жоғарыда көрсетiлген құрылымдық факторларды да жатқызуға болады. Ол мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк қызметiнiң ұлғаюы және осы мақсатқа шығынның көбеюiне байланысты. Артық өндiрудiң кезеңдiк дағдарыстары кезiнде бюджетке түсетiн салықтар азаяды. Бюджеттiк тапшылық мемлекеттiк қаржылардың терең сәйкессiздiгiнiң салдары. Сонымен қатар, олар ақша айналысының айтарлықтай берекесiздiгiмен де байланысты. Бюджеттiк тапшылықтарды реттеу қазiргi мемлекеттiң экономика саласындағы ең күрделi проблемасына айналды.

Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау кезiнде бақыаудың мынандай үлгiлерi пайдаланады:

1) сәйкестiктi бақылау - бақылац обьектiсi қызметiнiң Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының талаптарына сәйкестiк дәрежесiн бағалау;

2) қаржылық есептiлiктi бақылау- бақылау обьектiсiнiң қаржылық есептiлiктiлiктi жасауы мен беруiнiң дұрыстығын, негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау;

3) тиiмдiлiктi бақылау - бақылау обьектiсiнiң бюджеттiк бағдарламаны оның паспортына сәйкес атқаруын бағалау.

Slide 7

ҚР әлеуметтік саясаты.

Әлеуметтік саясат (ағылш. social politicy; лат. socialis - общеатен; адамдар өмірімен байланысты) - халықтың, оның негізгі жіктерінің, топтары мен санаттарының тұрмыс жағдайына ықпал етумен байланысты жалпы мемлекеттік саясат бөлігі. Қамтитын аумағы: табысты реттеу, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру саясаты; білім беру және денсаулык сақтау аяларындағы саясат; тұрғын үй саясаты, т. б. Әлеуметтік саясат адамға, оның халықаралық және ұлттық заңнамада көзделген құқықтарын қорғауға бағдарланған. Әлеуметтік саясаттың мақсаты - кез келген коғамның жоғары құндылығы ретіндегі адамды қолдау және дамыту. Әлеуметтік саясат үлгісінің нақты іске асырылуы саяси құрылысқа, экономилық даму деңгейіне, меншікқатынастарына, басқару құрылымына, мәдениетке, тарих пен дәстүрлердің ерекшеліктеріне байланысты. Әлеуметтік саясат өндірістік қоғамдық өнімді бөлуге негізделеді.

Әлеуметтік саясат моделі - бұл әлеуметтік саясаттың маңызды элементтерінің жалпы сызбасы, оның мақсаттары, міндеттері, құралдары, оның экономикалық, демографиялық, саяси және басқа да факторлармен өзара байланыста шарттасылған жүзеге асыру нысандары түсіндіріледі. Соңғы он жылдықта әртүрлі елдерде қолданылған әлеуметтік саясаттың кейбір моделдерін қарастырайық. Әлеуметтік саясаттың потерналистік моделі директивті экономикада және социолистік елдерде іске асады. Я. Корнайдый анықтауы бойынша потернализм моделі дегеніміз - бұл орталық басшылықтың экономикалық жағдайға толық жауапкершілікті өзіне алуы және сол уақытта оған неғұрлым мақсатқа сәйкес болып көрінетін әкімшіліктік құралдар арсеналынан қандай болмасын құралын қолдануға ұмтылады.

Slide 8

Қазіргі таңда Қазақетан Республикасы әлеуметтік саясаттың жаңа бағытын тандаған болатын. Бұл бағытты таңдауға бірнеше себептер болатын. Оған себеп:

1. әлеуметтік шиеленістерді шешетін институттар саны мен тәжірибенің жеткіліксіз болуы ескі жүйеге деген сенімсіздік туғызды, жаңарған қоғам құруға итермеледі;

2. демократиялық қоғамның-әлеуметтік жаңарулармен қатар дамуы;

3. әлеуметтік саясат әр кезде биліктің легитімділігіне жағдай жасайды, ал өтпелі кезең легитімдіктің жетіспеушілігімен сипатталды.

Халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуі саясатта алдымен әлеуметтік мәселелерді шешуге итермелейді.

Тәуелсіздік алғалы бергі ондаған жылдардың ішінде Қазақстанның саяси, экономикалық өмірінде өте күрделі өзгерістер болып жатыр. Бұлардың ең бастысы Республиканың кешегі Кеңестік қоғамнан жаңа экономикалық, саяси-әлеуметтік құрылымға көшуі. Екінші сөзбен айтқанда, ел нарықтық эканомикаға бет бұрды. Нарықтық экономикаға көшу дегеніміз қоғамда жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуымен, жеке меншіктің пайда болуымен тығыз байланысты. Қазақстандағы бүгінгі таңдағы жүріп жатқан экономикалық процестер Батыс елдерінде баяғыда-ақ басталып, қалыптасқан экономикалық процестерге бірте-бірте ұқсауда. Ал, экономикалық процестердің-әлеуметтік құрылымының дамуында шешуші рөл атқаратындығы белгілі.

Әлеуметтік саясат анықталған қоғамдық қызығушылықтар мен басымдықтың арасындағы тандау болғандықтан оған мемлекеттің араласуы сөзсіз. Дәл қазіргі уақытта әлеуметтік саясат мәселесімен негізінен экономистер ғана айналысуда, ал оның саяси тұрғыдан зерттеп қарастыру керек. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің кезекті "Қазақстан халқына Жолдауында" айтып өткендей, бүгінгі таңда бірінші кезекте-ғылыми стратегиялы реформаны таңдау, реттеу және орындау . әлеуметтік тәжірибеде және мемлекеттің өзіндік дамуында ерекше орын алады. "Біз өзіміздің таңдаған бағытымызды нақты білуіміз және түсінуіміз керек, өйткені осы бағыт арқылы көздеген мақсатымызға жетеміз. Өз бағытымызды дұрыс анықтап осы бағытқа жетуге төзімді де шыдамды болуымыз керек. Күшті және нақты бағыт таңдау арқылы біз кез келген қиыншылықтарды жеңе аламыз"- деген болатын .

Сондықтан да әллеуметтік саясатты зерттеп қарастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бұл тек ғылыми тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар тәжірибелік маңызы бар.

Slide 9

Тәуелсіздік жағдайында Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты келесі үш кезеңмен сипатталады:

•Бірінші этапта (1991-1993 жж. ) ескі әлеуметтік саланы басқару әдісін жаңа экономикалық және саяси жағдайға ауыстыру;

•Екішігі кезең (1993-1995 жж. ) қоғамдағы көрініс пен дағдарыс процессінің өсуі халықгы әлеуметтік қорғаудың ұлттық механизмінің қирау процесінің басталуымен сипатталады;

•1995-1997 жылдары үшінші кезең ; дәл осы кезенде әлеуметтік реформаны жүзеге асыру басталды.

Реформаның басты мінездемесі: бюджет қаржысын шығындау есебінен әлеуметтік саланы экономикалық қамтамасыз етуге жаңа жолдарды енгізу, жеке құқығын тәртіпке келтіру мен қаржыландыруға бюджеттік емес көздерді тарту. Қазақстандағы реформаның стратегиялық мақсаты шын мәнінде нәтижеге жету болды. Реформаның әлеуметтік бағдары: тактика, стратегия, қаржы базасы, заң шығарушы құқықтық қамтамасыз ету мен басқару шараларының бір-біріне байланыстылығын талап етеді. Әлеуметтік-мәдени ортаны жаңартуда мемлеттік рөлі: әлеуметтік шығындарды болдырмаудың жолын іздеу. Өтпелі кезендегі әлеуметтік-мәдени ортаның жай-күйіне талдау жасағанда, оның жағдайының күрделі және біркелкі емес екендігін көрсетті.

1991-1995 жылдары әлеуметтік саясатқа байланысты қабылданған құқықтық - нормативтік актілерге мыналарды

жатқызуға болады: Әлеуметтік қорғау саласында:

•Сақтандыру туралы Қазақстан Респуликасының заңы (3 шілде 1992) ;

• Міндетті түрде әлеуметтік сақтандыру туралы заңның жобасы (1993 ж) ;

•Сақтандыру туралы заңға өзегірістер мен қосымшалар енгізу (10 қыркүйек 1993 ж) ;

• Қазақ ССР-нің жоғарғы Кеңесінің "халықтың жұмыс бастылығы" туралы бүйрығы (8 ақпан 1991 ж) ;


Ұқсас жұмыстар
«Экономикалық теорияның пәні мен әдістері»
1) Экономикалық теорияның қалыптасу кезендері. 2) Экономика ғылым саласында Нобель сыйлығының лауреаттары. 3) Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру процесі
ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМЫН ТАНУ ӘДІСТЕРІ
Әлеуметтік - экономикалық статистиканың ғылыми негіздері
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары
Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері.Негізгі мектептер
Қазақстан Республикасындағы жастардың электоралдық белсенділігін арттыру жолдары
Шетелдік инвестицияларды тарту әдістері Шетелдік инвестицияларды шектеу әдістері
Экономиканы мемлекеттік реттеудің обьективті қажеттілігі
ТҰРҒЫН ҮЙ НАРЫҒЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz