ДК ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ




Презентация қосу
* ДЕРБЕС
КОМПЬЮТЕРДІҢ
ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ
* Дербес компьютерлер ең кеңінен қолданылатын
компьютерлер қатарына жатады, олардың
қуаттылығы үнемі ұлғайып, ал қолданылу аясы
кеңейіп келеді. Дербес компьютерлерді желіге
біріктіруге бұл ондаған, тіпті жүздеген
пайдаланушыларға оңай ақпарат алмасып, бір
мезгілде ортақ деректер қорына қол жеткізе
алуға мүмкіндік береді. Электронды пошта
құралдары көмегімен компьютерлерді
пайдаланушылар телефон тораптары арқылы
басқа қалаларға мәтіндік және факсимилді
хабарламалар жөнелтіп, ірі мәліметтер
банктерінен ақпарат ала алады.
* ЖҮЙЕЛІК БЛОК (процессор) –
компьютердегі орталық
мәліметтер өңдеу құрылғысы
болып табылады. Процессор
микросхема ретінде ұсынылған
және оперативті жадымен қатар
аналық тақшада орналасады.
Процесссорлар бағдарламалар
жұмысына қажетті есептеулерді
орындайды. Процессор неғұрлым
шапшаң болса, компьютердің
жұмыс істеу жылдамдығы
соғұрлым жоғары болады.
Процессордың жылдамдығы
мегагерцпен (МГц) немесе
гигагерцпен (ГГц) өлшенетін оның
ырғақтық жиілігімен анықталады.
Процессордың үстіне радиатор,
радиаторға процессорды
салқындатуға арналған желдеткіш
(кулер) орнатылады.
* МОНИТОР – мәтіндік және
сызбалық ақпаратты бейнелеуге,
пайдаланушы мен компьютер
арасындағы ақпараттық
байланысты қамтамасыз етуге
арналады. Мониторлар
электронды-сәулелі түтікшелі және
сұйық кристалды дисплейлі, түрлі
түсті және монохромды болады,
бір-бірінен көлемі жағынан
ерекшеленеді. Мониторлар
міндетіне байланысты реттеудің,
түр-түсті түзетудің және т.б түрлі
құралдарымен жабдықталады.
Түрлі мрниторлардың
ажыратылымдығы да әр түрлі, яғни
енгізілетін кескіндердегі нүктелер
саны көлденеңі мен тігінен – ең
үлкен кәсіби мониторларда
640*480 нүктеден 1600*1280
нүктеге дейін барады.
Ажыратылымдық неғұрлым
жоғары болса, бейне беттегі кескін
соғұрлым айқын болады.
* ПЕРНЕТАҚТА – компьютерге ақпарат енгізу және оның
жұмысын басқару үшін пайдаланылады. Әзірге
компьютерде адамның даусын таныту міндеті жеткілікті
дәрежеде орындалған жоқ, сондықтан пернетақта –
пайдаланушыдан компьюттерге әріптік-сандық
ақпаратты енгізудің негізгі тәсілі болып келеді. Қазіргі
кезде кеңінен тараған Windows-қа лайықталған
пернетақта 104 пернеден тұрады, оның екеуі Windows
терезелері бейнеленген пернелер. Пернетақтаның әрбір
пернесі оймақтай ажыратып-қосқышқа арналған қақпақ
болып табылады. Пернетақтадағы шағын
микропроцессор осы ажыратып-қосқыштардың қалып
күйін қадағалап отырып, әрбір перне басылып, қайта
жіберілген кезде компьютерге сәйкес хабарды
жөнелтеді, ал компьютердің бағдарламасы бұл
хабарларды өңдейді.
• Пернетақта 4 бөлікке бөлінген: әріптік-сандық бөлік,
жүгіргіні басқару және мәтінді түзету пернелері,
жетелік пернелер, сандық бөлік.
• Пернетақтаның әріптік-сандық бөлімі әріптері, сандары,
басқа да символдарды енгізуге арналған. Олардың
қандай болатыны латын не орыс әріптерінің қайсысын
енгізу режимі орнатылғанына, пернесі
басылған-басылғанына байланысты.
*БАСЫП ШЫҒАРҒЫШ (принтер) – сызбалық
ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.
*МӘТІНАЛҒЫ (сканер) – мәтіндік және сызбалық
ақпаратты сандық көшірмесін жасайтын құрылғы.
*ТІНТУІР (мышка) – өзін тегіс бетте қозғалтқанда
бейне беттегі жүгіргіні жылжытатын шағын
манипулятор. Тінтуір – компьютермен әдетте сым
арқылы жалғанатын және тұрпаты кәдімгі тышқанға
ұқсайтын, 2-3 батырмасы бар қорапша. Оны басында
қалжыңдап “mouse”-“тышқан” деп атағанмен,
кейіннен осы сөз ресми атауына айналып кетті.
Тінтуірді үстел бетінде немесе басқа да жазықтық
бетінде қозғалтқан кезде компьютер бейне тінтуір
көрсеткіші – жүгіргі сол ретпен қозғалады. Жүгіргі
орындалып отырған амалға қарай өз түрін өзгерте
алады. Қандай да бір әрекетте орындау қажет
болғанда пайдаланушы тінтуір пернелерінің бірін
басады.
* МОДЕМ – компьютерге телефон желілері немесе байланыс
желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін
құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы – мәліметтерді
жеткізу жылдамдығы(бит/секунд). Недәуір кең тарағандары –
стандартты Dial-Up модемдер (56 кбит/сек дейін), DSL (128
кбит/сек дейін) және кабельдік жолдарға арналған модемдер
(30 мың кбит/сек дейін). Модемдер ішкі және сыртқы болады.
* Колонка, құлаққап – дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған
құрылғы.
* Компьютердің оперативті жадысы (ОЗУ) немесе Random
Access Memory мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін
қызмет етеді. Кез келген бағдарламаның, амалдық жүйенің
де, жұмыс істеуі үшін іске қосу кезінде бағдарламаның бір
бөлігін қотаруға операитвті жадының біршама көлемі талап
етіледі.
* Дискжетектері – бұл алуан түрлі тасымалдаушылардан
мәліметтерді шығарып оқуға және жазуға арналған
физикалық құрылғылар. Диск жетектері ішкі немесе сыртқы
болады және кабель не өткізгішсіз жалғастыру арқылы
компьютерге қосылады.

Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды бағалау парағы
Дербес компьютердің перифериялық құрылғылары
Дербес электронды есептеу машинасының архитектурасы
ДЭЕМ - нің программалық жабдықтары. Программалау
Компьютердің тілі
Пернетақта қандай құрылғы
Дербес компьютердің құрамы
Есептеу құрылғылары
Дербес компьютердің құрылғылары. Ақпараттық жабдықтар ДҚ-дің негізгі бөліктері және олардың мақсаты ДК-дің перифериялық құрылғылары
Есепті графикалық жұмыс
Пәндер