Терінің құрылысы


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Тері және оның құрылысы

Орындаған: Серікбаева Балғын

Топ: ТК-421

Тексерген: Бауыржанова А. З.

Семей 2015

Slide 2

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Терінің құрылысы

3. Терінің қызметі

4. Теріні өңдеу және ұқсату

5. Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Тері - дененің сыртқы жабыны. Тері денедегі барлық мүшелер қызметімен тығыз байланысты. Теріде көптеген жүйке талшықтары, сезгіш жасушалар шоғырланған. Тері мықты, серпімді болады. Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Теріде аздаған мөлшерде газ алмасу үдерісі жүреді, яғни оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі.

Slide 4

Терінің

құрылысы

Slide 5

Терінің құрылысы:

1 - жанасқы денешік,

2 - жүйкенің бос ұшы,

3 - тақташалы денешік,

4 - тepi түгі,

5 - терінің үстінгі қабаты, эпидермис,

6 - нағыз тepi қабаты,

7 - май безі,

8 - түк ұясы,

9 - терідегі тамырлар,

10 - дәнекер ұлпасы,

11 - тер безі,

12 - шелдегі май ұлпасы

Slide 6

Терінің қабаттары

Slide 7 Slide 8

Терінің қызметі:

Тері ағзада әртүрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен қорғайды(соғылудан, жарақаттанудан) . Микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғап, қанайналым үдерісінде қан сақталу қоймасының да қызметін атқарады. Тері сонымен қатар сезім мүшесінің қызметін де қоса атқарып, витаминдер алмасуына қатысады.

Slide 9

Теріні өңдеу, пайданалну

Халық тұрмысында мал терілерін қарапаиым жолмен ұқсату көптен бері келе жатқан тәсілдердің бірі. Сондықтан бұған байланысты турлі-түрлі ұғымдар туды. Мысалы, ірі қара малдың иленбеген терісін шылғи тері немесе шылғи қайыс, ал тері иленіп ұқсатылғаннан кейін оны қайыс деп атайды. Шылғи қайысты ұқсатудың екі түрлі жолы бар. Бірі - оның жүнін сылып тастап пайдалану, екіншісі - теріні жүнін сылымай-ақ пайдалану. Жүнді терілерден тулақ, тайтері, бөстек, тұлып, қауға, шанаш, мес, дорба, шарқай, т. б. жасалады. Жүнін алып тастаған терілерден көк, өкше сірі, көн, дабыл жасалады. Құрымға салынып, ысқа ұсталып, құмға қатырылған теріден саба, торсық, көнек, шанақ істеледі. Иленген теріден көксауыр, таспа, қайыс, қапшық, құлын, жарғаң, бота ішік, шідер, жүген, айыл, тартпа, тамақбау, құлақбау сияқты нәрселермен қатар, былғары, ұлтан, опайке, шегрен, көзел, етік, мәсі, кебіс, қоржын, тоқым, ертұрман, тон, шалбар, шамадан, тақия, көпшік, белдік, кісе, кейде тұс киіз сияқты келемді заттар да жасалады.

Slide 10

Теріні өңдеу түрлері

1. Теріні құрымға салу

2. Теріні илеу

3. Теріні бояу

4. Тарамыс жасау

Slide 11

Теріні құрымға салу

Теріні ысқа әзірлегенде сиыр, жылқы, серке терілерінің пышақ кескен жері жоқ бүтінін таңдап алады да, жүнін ұстарамен сыпырып тастайды. Содан кейін 2-3 күн шошаланың төбесіне жайып не киіз қайнатқан құрымға салып қояды. Тері ашты құрымның күшімен иленген сияқтанып ширығып, шымырлана түседі және қара қошқыл өңге енеді. Содан кейін оны сорғытып, аз құрғатып үлгіге салып отырып сабаға, көнекке, иықты, емізікті торсықтарға, кеукеріндерге, қауғаға арнап пішеді де терінің қыртысын сыртына қаратып шуда жіппен жиі жөрмеп тігеді. Ертерек кезде жақсы торсықтарды тарамыспен тіккен.

Slide 12

Теріні илеу

Мал терілерін илеу үшін үлкен күбіге немесе шелекке ашытқы ашытып, теріні соған салып илеу. Мұны малма дейді. Ал иді қатықтан, айраннан, не езген құрттан, не құрттың сары суынан, кейде ашытқан көжеден, немесе ұнға тұз қосып та жасайды.

Теріні бір рет суық суға жуып тазартады. Одан кейін күбідегі иге салып, күн сайын бірнеше рет сапсиды (шайқайды) . Иге салынған тері иге түгел батырылады. Олай болмаса терінің иге батпаған жері қара қайыстанып, бырысады да, кейін пішіп тігуге жарамайды. Қой, ешкі терілері иде 6-9 күн, ірі қара терілері 15-20 күн жатады. Терінің иі қанғанын білу үшін оны қолмен тырнап қарағанда тері қыртысы қалыңдап, ет қыртысы кәшіп тұрады. Иден шыққан теріні көлеңкеге бір рет кептіріп, соңынан сақармен жуып тазартады. Малмаға салған терінің жүні үйысып, білтеленіп қалады. Оны ажырату үшін кепкен соң жұмсақ шыбықпен сабап сілкеді. Кейде сирек тісті тарақпен тарайды. Теріні аз тобарсыған соң уқалай отырып, қолдың жылуымен кептірген жақсы.

Иленіп, кептірілген теріні қырады. Теріні қыру үшін жұмыр ағаштың бір басын қабырғаға, не діңгекке сүйеп, бір басын көлбете жерге тіреп қояды да, оның үстінен биязы шекпен, не брезент жабады. Оның үстіне ет жағын сыртына қаратып теріні салып қырады. Терінің еті тез көшіп түсуі үшін, оған не ұн, не ұнтақталған бор сеуіп қырады. Қырғы шалғы орақтан немесе жүзді темірден жасалады.

Slide 13

Теріні бояу


Ұқсас жұмыстар
ТЕРІ ТОПОГРАФИЯСЫ
Тері
Тері және оның құрылысы
Нағыз тері қабаты
Былғары және тері өндірісінің шикізаты
Жануардағы тері және олардың туындылары
Терінің қызметі
Адам басының құрылысы
Терінің құрылысы туралы
Тері құрылысы және химиялық құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz