ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы




Презентация қосу
Семей қаласының Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университеті
Қазақ тілі мен әдебиетінің кафедрасы
ПӘН АТАУЫ: ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ.
(1900-1930 ЖЫЛ)
ТАҚЫРЫБЫ: ХХ Ғ БАСЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ДАМУЫ
Жоспар: ХХ ғ басындағы әдебиеттің
дамуы
-ХХ ғ әдебиеттің өкілдері
-Мәдениет пен өркениеттің
дамуы
ХХ ғасырдың басы – қазақ халқының
тарихында бүкіл қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне
мүмкіндік туып, Ресей патшалығы әдейі
тұмшалаған ой-сананың ояну дәуіріне жол
ашқан кезең.
ХХ ғасыр бас кезіндегі жазба әдебиет – ХІХ
ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі дәстүрлерді
дамытумен бірге өзіндік өрнегін де тапқан
әдебиет. Мұнда әсіресе өмір шындығын, замана
көрінісін,әлеуметтік тұрмысты нақты да шынайы
бейнелеуге ұмтылу көзге айқын шалынды.
Діни ағартушылық бағыттағы ақын-
жазушылар негізінен діни білім алып, шығыстық
өркениетті мұрат тұтқандықтан замана сыры,
қоғамдық-әлеуметтік өзгерістерге сол көзқарас
тұрғысынан қарайды.
Шығармашылық тұрғыдан алғанда бұл
бағыттағы ақындар өздері нәр алған шығыстың
озық үлгілі әдебиетінен үйреніп қана қоймай,
шығыс шайырларының бірсыпыра шығармаларын
қазақ тіліне аударды. Шығыс сюжетіндегі
тақырыптарға негіздеп өздері де өлеңдер жазды.
Сөйтіп нәзирашылдық дәстүрді дамытты.
ОСЫ КЕЗЕҢДЕГІ ӘДЕБИЕТ
ӨКІЛДЕРІ: -МАҚЫШ ҚАЛТАЕВ
-ӘБУБӘКӘР ШОҚАНОВ
-НҰРЖАН НАУШАБАЕВ
-МҰСА БАЙЗАҚОВ
-ШӘДІ ЖӘҢГІРОВ Т.Б
Ағартушы-демократтық бағыттың
құрамында қаралатын ақын жазушылар ХХғ
әдебиеттің өркендеуіне өлшеусіз үлес
қосты. Олар қазақ әдебиетін шын мәніндегі
өнери жазба әдебиет деңгейіне көтеріп,
өмір,дәуір сырын шынайы сипаттап, терең
ашуға ұмтылды.
Бұл бағыттағы ақын-жазушылар өз
шығармаларында ағартушылыққа үндей отыра,
қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктерді де көре білді.
Сөйтіп демократиялық ой-пікірлерді алға шығарды.
Дәуір шындығын кең көлемде суреттей білді.
Ұлт-азатшыл бағыттағы ақын-жазушылар
шығармашылығының басты міндеті ұлт-
азаттығының тірегі ұлттық сананы ояту болды.
Олар өз шығармашылығында отаршылдыққа қарсы
ашықтан-ашық пікір айтып, азатшыл күрес идеясын
өркениетті елдердегі саяси күрес тәсілімен
ұштастыруды мақсат тұтты. Бұл бағыттың
қалыптасуына – ХХ ғасырдың басында жаңа
әлеуметтік күш - ұлтжанды зиялы топтың пайда
болуы жан-жақты әсер етті.
Кілт сөздер:
-әдеби бағыттар,
-нәзирашылдық дәстүр
-жазба әдебиет,
-зиялы қауым,
-реализм.
ҚОРЫТЫНДЫ: ҚОРЫТА АЙТҚАНДА, ХХ Ғ БАС
КЕЗІНДЕГІ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРДА ҚАЗАҚ
ДАЛАСЫНЫҢ ӘСЕМ КӨРІНІСТЕРІ, ҰРПАҚТАР
АРАСЫНДАҒЫ ІЗГІ СЫЙЛАСТЫҚ, АДАМҒА
ДЕГЕН ҚҰРМЕТ КӨРІКТІ КӨРКЕМ СӨЗБЕН
ӨРНЕКТЕЛІП, ҰЛТ ТАҒДЫРЫ МЕН ТАРИХЫНА
ДЕГЕН ЖАНАШЫРЛЫҚ АЙҚЫН ТАНЫЛДЫ. ХХ
Ғ БАС КЕЗІНДЕГІ ӘДЕБИЕТ – ШЫН МӘНІНДЕГІ
АЛТЫН ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІ. ОЛ – ҚАЗАҚ
ӘДЕБИЕТІ ДАМУЫ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖАЗБА
ӘДЕБИЕТТІҢ МЕЙЛІНШЕ ДАМЫҒАН, ЕҢ БІР
ӨРКЕНДІ ДЕ ӨСКЕЛЕҢ КЕЗЕҢІ. АЛДЫҢҒЫ
ДӘУІРЛЕРДІ ЖАҢАШЫЛДЫҚПЕН ДАМЫТҚАН,
КЕЙІНГІ КЕЗЕҢГЕ ДӘСТҮР РЕТІНДЕ ЖАҢА
СЕРПІН БЕРГЕН ӨМІРШЕҢ ӘДЕБИЕТ.
СТУДЕНТ АТЫ-ЖӨНІ: НУРМУХАМБЕТОВА
ЖУЛДЫЗ
ОҚУ ТОБЫ: ФИ-311
КУРСЫ: 3
МАМАНДЫҒЫ: ҚАЗАҚ-ФИЛОЛОГИЯСЫ
ПӘН ОҚЫТУШЫСЫ: ЖҮНДІБАЕВА.А.Қ
ТАҚЫРЫБЫ: ХХ Ғ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ
ӘДЕБИЕТІНІҢ ДАМУЫ
ЖЫЛЫ: 2015
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиетінің дамуы
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің тарихы (1900-1930 ж.ж.)
ХХ ғасырдағы Қазақ әдебиеті, мәдениеті, қоғамдық-әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат
ХХ ғасырдың басындағы тарихи – әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Мәдениеті. Қоғамдық-әлеуметтік жағдайы
Қазақ газеті
Қазақ халық әншісі
Әдеби бағыттар
XX ғ. басындағы Қазақстанның мәдениеті
Еңбекші Қазақ газеті бетінде өлең
Пәндер