Машина сенімділігінің негізгі теориясы


Slide 1

Дәріс № 2. Машина сенімділігінің негізгі теориясы. Дәріс жоспары: 1. Машиналардың сенімділігі. 2. Сенімділік теориясының негізгі түсініктері мен терминдері.

Slide 2

1. Машиналардың сенімділігі деп, олардың белгілі бір мерзімде ақаусыз бұзылмай жұмыс істеу қабілеттілігін айтады. Кейінгі кезде машиналардың сенімді, берік болуына өте мән беріліп жүр. Себебі машиналар, агрегаттар, автоматтар неғұрлым күрделі болса, соғұрлым олардың бөлшектері де сенімді болуы қажет. Мысалы, автоматтандырылған механикалық цехтарда ондаған, жүздеген станоктарды бірімен-бірін тізбектеп қосып, олардың бір-біріне байланысты жұмыс істеуін талап етеді. Ал мұндай жағдайда бір станоктың істен шығып қалуы бүкіл цехтағы автоматтың жұмыс істеуіне әсерін тигізеді. Сондықтан қазір машина бөлшектерін сенімділікке есептеу жолдары қарастырылуда.

Машина мен олардың жұмыс істеу шартын анықтау үшін, алдымен МЕСТ 27002-83-те берілген ұғымдармен танысқан жөн. Көрсетілген стандартта берілген ұғымдарды 4 топқа бөліп қарастырған тиімді. Олар біріншіден есепке алушы зат, объект, екіншіден сол объектінің жағдайлары, үшіншіден олардың қасиеттері мен ерекшеліктері және соларды анықтайтын көрсеткіштер.

Slide 3

2. 1 топ. Объект зат.

Бұйымдар, заттар - оларға түрлі машиналар немесе олардың бөлшектері, приборлар, жабдықтар және т. б. заттар жатады.

Бұйымдар элементі - машина бөлшектері, бөлшектер және басқа зат бөлшектері.

Ремонттауға келетін бұйымдар істен шыққан жағдайда, қайтадан жұмыс істеу қалпына келтіруге болады. Бұған көптеген машиналар, автомобильдер, станоктар, крандар және т. б. жатады.

Ремонттауға келмейтін бұйымдар - машиналар жұмыс істеп тұрған кезде оларды жөндеп қалпына келтіруге болмайды. Мысалы, электролампа, домалау подшипниктері, сондай-ақ тісті берілістер, біліктер және т. б. Тісті берілістер, біліктер, подшипниктер ремонттауға келеді, бірақ ол үшін машинаны тоқтатып, айтылған бөлшектерді зауытқа не юшеберханаға жеткізу керек.

2 топ. Жағдайлар мен оқиғалар.

Жөнделген немесе қалыпқа келтірілген деп, бұйымдардың, заттардың техникалық құжаттарда көрсетілген шарттарға сәйкестігін айтады.

Жөнделмеген немесе қалыпқа келтірілмеген деп, техникалық құжатта көрсетілген бір немесе бірнеше шарт орындалмаған жағдайды айтады.

Жұмыс істеу қабілеттілігі деп, машина мен механизмнің техника көрсеткіштеріне сай жұмыс атқара алуын айтады. Мысалы, жеңіл автомобильдің бір жері майысып немесе бояуы көшіп кеткен болса, ол оның жұмыс істеу қабілетінен айырылғанын көрсетпейді, ол тек жөнделмеген, қалыпқа келтірілмегенін ғана көрсетеді.

Істен шығу, бұзылуы деп, жұмыс істеу қабілетінен айырылған жағдайды түсінуіміз қажет.

Slide 4

3 топ. Қасиеттер мен ерекшеліктер.

Сенімділік деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің өздеріне жүктелген міндетін, негізгі көрсеткіштерін сақтай отырып, белгілі бір мерзімде сақталу қасиетін айтамыз. Машина мен механизмдердің сенімділігі олардың тоқтап қалмай, ұзақ жұмыс атқарып өзінің көрсеткіштерін сақтап қалу ерекшеліктерімен анықталады.

Істен шықпау, бұзылмау деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің еріксіз бұзылмай жұмыс істеу қабілетін сақтап қалу қасиетін айтады.

Шыдамдылық, төзімділік деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің керекті жөндеу жұмысын жүргізіп қажетті күтім жасап, уақтылы майлау арқасында тозығы жеткенше жұмыс істеу қабілетін сақтап қалу қасиетін айтады.

Жөндеуге ыңғайлылық - тозуды немесе тоқтап қалуды алдын-ала болжап, оларды кезінде түзеп отыруға ыңғайлылық қасиетімен анықталады.

Сақтауға ыңғайлылық деп бір жерден екінші жерге ауыстыруда және белгілі мезгілде сақтау кезінде бұйымдардың, машина мен механизмдердің өздерінің техникалық құжатында көрсетілген көрсеткіштерін сақтап қалу қасиетін айтады.

Slide 5

4 топ. Сандық көрсеткіштер.

Жұмыс көрсеткіші немесе істелген жұмыс деп, машина мен механизмдердің, бұйымдардың пайдалану уақытын немесе бітірген жұмысын, жүрген жолын және т. б. көрсететін көрсеткішті айтамыз.

Бұзылуға дейінгі жұмыс деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің екі жөндеу (ремонт) аралығында орташа алынған жұмыс көрсеткішін айтады.

Бірінші бұзылуға дейінгі орташа алынған жұмыс көрсеткіші деп, машина мен оның бөлшектерінің бірінші рет істен шығуына дейінгі орташа алынған жұмыс көрсеткішін айтады.

Ресурс - тозығы жеткенге дейінгі жұмыс көрсеткіші. Жөндеу аралығындағы ресурс деп, бірінші капиталды жөндеуге дейінгі орташа алынған жұмыс көрсеткішін айтады. Мысалы, транспорт машинасының жүрген жолы, экскаватордың қазған топырақ мөлшері, машина бөлшектерінің жұмыс істеу мерзімі көрсетіледі.

Slide 6
Ұқсас жұмыстар
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Джон Фон Нейман және оның компьютері
Машина өнімділігінің негізгі теориясы
Операциялық жүйелер және даму тарихы
Сервистік программалар
Оқиға бірнеше түрге бөлінеді сенімді
Тьюринг тезисі және оның негіздемесі. Марковтың нормальды алгоритмы. Нормальдау принциптері және оның негіздемесі. Марковтың нормальды алгоритмі және Тьюринг машинасының композициясы
Операциялық жүйелер, түрлері, қызметі жайлы
Марковтың нормальды алгоритмі
Техникалық диагностика құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz