Дүниетанымның мәнi және оның түрлері, типтері, қызметтері
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Пән: Педагогика
Дүниетанымның мәнi және оның
Тақырыбы:
түрлері, типтері, қызметтері.
Орындаған:Закуова Балжан П-415
Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына,
оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар
жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан
негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен
қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және
жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады.
Дүниетанымды қалыптастыру – тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен
қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі
көрсеткіші.
Болашақтағы болмыс шынайылығының тәсілдерін анғара отырып,
дүниетаным өзіне өмірлік қағидаларды енгізеді, адамдардың іс-әрекетіні ң
сипаттамасымен байланыстырады.
Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып
табылады. Ол өз түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады
(философия, ғылым, эстетика, мораль, т.б.) Осылардың ішінде философиялық,
ғылыми, саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл
атқарады.
Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесіні ң негізін
құрайды. Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін
және дүние-таным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе
жиынтығын теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін
объективті және тарихи тұрғыда айқындауға ұмтылады.
Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамды қорша ған әлеуметтік және
табиғи орта шындығына бағыттау мақсатында, сондай-ақ шындыққа қатысты
тиімділікке, адасулар мен ескілік көзқарастардан арылу ға қызмет етеді.
Адамгершілік қағидалар мен өлшемдер адамдардың мінез-құлқы мен өзара қарым-
қатынасын реттеуге және эстетикалық көзқарастармен бірге қорша ған орта ға қарым-
қатынасын анықтауға, іс-әрекет түрлеріне, мақсаттары мен нәтижелеріне қызмет етеді.
Білімнің, тәжірибенің және көңіл-күй бағамын жалпылай отырып, адамның
қоғамдық тұрмыс-тіршілік ерекшеліктерін бейнелейді, тұлғаның дүниетанымдылығы
мен тарихи айқын жүйенің бүкіл өмірлік және іс-әрекетінің бағытын анықтайды.
Егер дүниетаным ақиқат дүние дамуының объективті тенденциясының дамуын
бейнелесе, адам ойлауының және қоғамның, табиғаттың заңдарын ғылыми тұр ғыда
тануға негізделсе, онда ол барлық адамзаттың қызығушылығының және а қиқатты
өзгертудің күшті құралы болып табылады.
Дүниетаным когнетивтік танымдық көзқарас тұрғысынан сипатталса, онда ол
объективті дүниені соншалықты дұрыс және терең бейнелейді, ол шын және жалған,
ғылыми және діни, материалистік және идеалистік түрде болуы мүмкін.
Ғылыми дүниетаным объективті нақты болып табылады (шынайы,
материалистік). Ғылыми дүниетаным дүниенің ғылыми бейнесіне,
ғылыми талдаулар негізінде жасалған қорытындылар мен негіздеулерге
және табиғи және қоғамдық құбылыстардың дамуын сипаттайтын,
себеп-салдарын теориялық ұғынуларына сүйенеді.
Ғылыми дүниетаным алдын ала көрудің, сол және одан басқа да
құбылыстардың, процестердің дамуын және оларды саналы түрде
басқаруға мүмкіндік береді.
Барлық берілген ғылымдарға дұрыс түсініктемені тек қана
диалектикалық және тарихи материализм береді, яғни адамды танымды
дұрыс танып білумен мен әлеуметтік өмірдің және табиғи
құбылыстардың өзгерістерімен қаруландырады.
Ғылыми дүниетаным негіздеріне сыртқы қоршаған ақиқат дүниеге
бағдарлауы, қоғамдық қатынастар
жүйесіндегі өзінің өмір сүруінің маңыздылығын түсінуі, өз өмірін саналы
түрде құруға деген терең әлеуметтік қажеттіліктері жатады.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, қазіргі
ғылыми жаңалықтарды, сонымен бірге шынайы дүние танымдарының жалпы әдістер
жүйесін, шынайы дүниені түсіндіру деректерін, әдіснаманы бір ізділікпен ме ңгеру
нәтижесінде қалыптасады.
Қоғамның, ойлаудың, табиғаттың даму заңдылықтары және мәнін түсіндіруші
дүниетаным идеяларының жиынтығы оқушылардың дүниетанымында көзқарас, сенім,
ұсыныс, болжам, аксиома, жетекші идеялар, әр түрлі жаратылыс және қо ғамды қ
процестерді, құбылыстарды түсіндіре отырып, ғылыми негізін құраушы сол және бас қа
ғылымның нақты ұғымдары ретінде бейнеленеді.
Ғылыми дүниетаным негізіне дүниені түсіну, дүние туралы белгілі ғылымдарды ң
жиынтығы жатады. Дүниетаным тек қана білімді меңгеру процесінде ғана емес, сонымен
бірге ғылыми емес, қарапайым көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Ол
қоғам-ның жаңаруына, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары дамуына сәйкес
жетілу үстінде. Өмірді жақсартудағы жаңа ғылыми деректер, қоғамдық және
жаратылыстану ғылымындағы ашулар, жаңа қоғамдық тәжірибелер толықтырылуда,
нақтылануда, бұрыннан қалыптасқан көзқарастар және ойлау стеротиптері өзгеруде.
Аксиологиялық (құндылық) көзқарас тұрғысынан оқушылардың
дүниетанымы оның іс-әрекетіне байланысты сипатталады; ол оптимист
немесе пессимист, белсенді шығармашыл немесе баяу мазмұнды болуы
мүмкін.
Оқушылардың дүниетанымын психологиялық тұрғыдан сыртқы
дүниенің оның санасында бейнеленуінің жалпы жүйесі ретінде емес,
меңгерген ғылыми түсініктер, өлшем, баға жүйесі ретінде, сонымен бірге
психикалық іс-әрекет – өзінің тәрбиесінде және дүниеге деген өзінің
қатынасын реттеу үшін дүниетанымдық мақсатта, бұл бейнелерді
пайдалануға бағытталған – іс-әрекет пен қабылдаудың таным операциясы
жүйесі ретінде қарастыру қажет.
Г.Е.Занесскийдің пікірінше «Бұл психикалық іс-
әрекет ерекше. Бұл әлеуметтік бағдарлау
процесінде «Мен – бейнені» іске асырушы қызмет
атқарады. Басқа әр түрлі заттармен салыстырғанда
инвариант бола отырып «дүниетанымдық» іс-
әрекет, мақсаты, мотвациясына және операциялық
механизмінің құрамы бойынша өзіне тән ерекшелігі
болады. Оны іске асыру әлеуметгік бағдарлаудағы
жеке әдісті қалыптастыру болып табылады, яғни
қоғамдык тәжірибенің ғылыми білімдер жүйесіне
белгіленген және жеке түлғаның әлеуметтік
талаптар мен күтілулеріне, тәрбиесіне мақсатты
түрде бағытталуына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
«Дүниетанымдық іс-әрекетгің» қызығушылығы жеке тұлғаның
саналы түрде өмірге, дүниеге деген өзінің қатынасын құру қажеттілік
талаптары және оның эмпирикалық немесе эмоциональдық негіздегі
ғана емес тәртібі, бірақ ғылыми дүниетаным мазмұнына сүйенуі
болып табылады.
Дүниетанымның негізгі қызметтері: ақпаратты-бейнелі, бағдарлы-
реттеуші және бағалау болып табылады (И.Ф.Харламов)
Дүниетанымның ақпаратты-бейнелі кызметтері қоршаған ортадағы
оқиғалар мен күбылыстарды қабылдау тәсіліне және оның адам
санасында бейнеленуіне байланысты. Дүниетаным призма рөлін атқарады,
яғни барлық сыртқы әсерлер сыну арқылы өтеді.
Дүниетанымның бағдарлы-реттеуші қызметі адамның тәртібі мен іс-
әрекеті арқылы онын санасымен, көзқарасын және сенімін анықтауға
байланысты болып келеді. Егер адамда сол және одан басқа да дүниетаным
қалыптасса, онда ол адамда тұрақты көзқарас пен сенім жинақталады,
яғни ол олардын іс-әрекеттері мен қылықтарын анықтайды.
Дүниетанымнын бағалау кызметі адамды қоршаған орта құбылыстарын,
оның өз көзқарастары мен сенімдерін бағалаудан шығады немесе басқаша
айтқанда өз дүниетанымы болады.
Дүниетаным құрылымы. Тұтас-психикалық білім ретінде дүниетаным —
күрделі де көп аспектілі құрылым. Оның өзегі -теоретикалық ойлау, жоғары
интеллектуалды сезімдерді білдіру, саналы мақсатты ерік-жігерді ң дамытан
қабілеттілігімен үйлесімді көзқарастар мен сенімдер.
Көзқарастар — адамның қол жеткізген идеялары, білімдері, теориялық
тұжырымдар мен болжамдар ретінде қабылдаулары. Олар табиғат пен қоғам
құбылыстарын түсіндіріп, адамның мінез-құлық, іс-әрекет пен қатынастардың
бағыт-бағдары қызметін атқарады. тұлғаның дүниетаным феномені -тұлғаның
интеллектуальды және эмоциональды- ерік сипатын өзіне жина қта ған,
әлеуметгік мәдениеттің сол бөлігіне назар аударған, іс-әрекеттің жалпы
бейнесін жоғары деңгейде ерекшелеген іс-әрекетке дайындық.
Л.И.Божович ұсынысы бойынша жеке тұлғаның дүниетанымы —
салыстырмалы түрде кеш келетін құбылыс, ол жеткіншек шақта пайда болатын,
жалпы тәрбиелік бағыттылық, дүниетаным мен дүниені сезіну жүйесі болып
табылады.
Назарларыңызға рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz