Адамаралық қарым-қатынас: түрлері, деңгейлері және негізгі функциялары

Қарым-қатынас адамдар арасындағы өзара түсіністікке жетудің құралы ретінде
Орындаған:Сыгбатоллаев Е. М.
Тобы:Т-411
Тексерген:Кошкимбаева Р. Х.
Қатынас - кез келген іс -әрекет кезіндегі қажетті шарт болып келеді және адамдар арасындағы байланыс орнатудағы с. қ. адамдар арасындағы ақпарат алмасып, байланысты дамытудағы негізгі процесс болып табылады.
Қарым-қатынас - адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады
-Қатынас адам әрекетінің негізгі түріне жатады. -Адамның жеке басының дамуында 4 адами әлеуметтік белсенділікті бөліп көрсетуге болады- олар Қатынас, ойын, оқу және еңбек. -Олардың барлығы дамушы сипатта болады. Осы аталған 4 әрекет барлық жас кезеңдерінде кездеседі, бірақ әр уақыттың өз ерекшеліктері бар.
Баланың психикалық дамуы қатынастан басталады. Қатынас болуы мүмкін: Тікелей - арнайы мүшелердің көмегімен (қол, дыбыс т. б) Жанама - қатынасты ұйымдастыру үшін арнайы құралдарды қолдану. Вербалды - сөздің көмегі арқылы. Вербалды емес -мимика, жест, пантомимика. .
Қатынас болуы мүмкін: Тікелей - арнайы мүшелердің көмегімен (қол, дыбыс т. б) Жанама - қатынасты ұйымдастыру үшін арнайы құралдарды қолдану. Вербалды - сөздің көмегі арқылы. Вербалды емес -мимика, жест, пантомимика.
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, білімме н, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым- қатынастың интерактивті, коммуни кативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іс кер, т. б. деңгейлері болады.
Негізгі қызметі: 1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты) ; 2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру) ; 3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты) .
Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым- қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым- қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. “Самопознание KZ” журналы
2. Жантану оқулығы
3. Б. Қ. Дамитов