ХІХ ғасырдың І-ші жартысындағы қазақ әдебиеті




Презентация қосу
ХІХ ғасырдың І-ші
жартысындағы
қазақ әдебиеті
Жер жүзі әдебиетінің тарихына көз салсақ,
мәдени-рухани дамуында белгілі бір белі,
елеулі кезеңдері болады. Әр елдің әлеумет
өміріндегі әр алуан тартыс, тап күресі,
қоғам өмірінің жалпы даму процесі таптың
немесе топтың ой-пікір, тілек, мүддесін жыр
етіп жоғары көтеретін адамдарды да дүниеге
ала келеді. Олардың кейбіреулері ескінің
шырмауынан шыға алмай, өткеннің
күнгейін, жаңа заманның көлеңке жағын
көрсе, кейбіреулері ескіліктің сыншысы,
жаңалықтың жаршысы дәрежесіне
көтеріледі
Олар тарихты даттамай да,
мақтамай да әділ бағалап,
үмітті алдан, жарықты
келешектен күтеді. Өз
кезіндегі әр алуан
мәселелерді терең толғап,
кеңінен шолиды.
Айналасына көз тігіп, ел
қамы, жұрт пайдасы деген
нысананы алға қояды да,
тарихтың үлкен сахнасында
бой көрсетеді. Сөйтіп, олар
өз дәуірінің ұраншысы,
келешектің жыршысы
болады.
ХІХ ғасырдың екінші
жартысында өмір сүрген
қазақтың әлеумет
қайраткерлеріне,
оқымысты, ақын,
жазушыларына, олардан
қалған мұраларға біз
осы тұрғыдан келсек,
өмірде екі түрлі
көзқарас, екі түрлі тілек,
екі түрлі мүддені
аңсаушылардың
болғандығын көреміз.
Бұны әдеби нұсқалардан
айқын аңғарамыз.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы
әдебиеттің идеялық мазмұнына, стиль
ерекшеліктеріне қарап, біріншісін регресшіл
романтизм бағытындағы әдебиет те,
екіншісін реалистік және прогресшіл
романтизм бағытындағы әдебиет деп бөліп
қараймыз. Бірінші бағыттың басты
өкілдері: Шортанбай, Әубәкір (Әбубәкір),
Мұрат, Нұржан т.б. Бұл ақындардың
әрқайсысы Қазақстанның әр түкпірінде
өмір сүрді.
Көбінің бір-бірімен қарым-қатыс, байланыстары
болған жоқ. Бірақ олардан қалған мұраларды
алсақ, барлығына ортақ, барлығының
шығармаларына тән бірнеше ерекшеліктерді
көреміз, яғни өмірге торыға қарау, заманына риза
болмау, қазақ даласына жайыла бастаған капитализм
элементтеріне, олармен байланысты туа бастаған
жаңалықтарға қарсы болу, Қазақстанның Россияға
қосылуына наразылық білдіру, өткен заманды,
хандық-феодалдық құрылысты мадақтау, бар
жанымен ескі өмір, көне заманға қайта бұрылу,
өмірден торығу, дінге сену, бұл дүниеден безіп, ол
дүниені іздеу.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында
қазақ қоғам өміріндегі әр алуан
болған өзгешеліктерді суреттей
келіп, Кердері Әубәкір ақын:
Қарадан туып хан болды,
Құлдан туып паң болды,
Сары - азамат, сардар - бек,
Сары сулар - ас болды...
Халық ұстаған хандары,
Тағынан түсіп көлбеді,
Ақсақалдар жығылып,
Жас балалар тергеді
ХІХ ғасырдың екінші жарымында
«құлдан туып» теңдік алып, кедейден
шыққандар ел билеп, «сарысы» әкім,
сардары - «бек» болған қазақ жоқ.
Оны қазақ тарихы білмейді.
Әубәкір, Шортанбайдың бұл айтып
отырғандары шын мәніндегі құл,
кедейлер емес, ХІХ ғасырдың екінші
жартысында сауда арқылы байыған
қазақ даласындағы байлар, яғни,
аталы сойдан шықпаса да,
байлықтың арқасында ел тізгініне
жармасушылар еді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақтың Россияға үзілді-
кесілді қосылуымен, 1861 жылғы реформамен, қазақ даласына
орыс шаруаларының орналасуымен, 1868 жылы «Жаңа
низамның» нәтижесімен, қазақ даласына жайыла бастаған
капитализм элементімен байланысты әр алуан жаңалықтардың
да төбесі көріне бастады. Бұл жаңалық, өзгерістердің бәрі де
Шортанбай, Әубәкір, Мұраттарға жан түршіктірерлік нәрсе
болып көрінді, олар «заман азды, ел тозды» деп жырлай бастады.
Аз-мұз өзгерістердің өзін адам айтқысыз үлкейтіп көрсетті:
Заман кетті қырынға,
Бұрынғы, шіркін, заманның,
Исі де келмес мұрынға.
Биттей нәрсе қалсайшы,
Бұрынғы заңнан ырымға, -
дейді Шортанбай.
ХІХ ғасыр әдебиет нұсқаларынан бізге
жеткен бай материалдарды туғызушы халық
таланттарының бірқатарын көзімен көріп,
тілдескен, көрмегендерінің туындыларымен
жақсы таныс, кейбіреулерін жыршылардың
аузынан өзі жазып алған Шоқан тәрізді
толық мағынасында европалық білімді,
ойшыл ғалым адамның өткен әдебиет
туралы айтқандары таптырмас тарихи
мәлімет болып табылады. Ондай зерттеуші-
сыншылардың еңбектері арқылы біз сол
кездегі әдебиеттің көркемдік дәрежесін,
атқарған міндетін, әлеумет өмірімен
байланысты мәселелерге көзқарасын,
стильдік ерекшеліктерін аңғарамыз және
әдебиетіміздің даму жолдарын зерттеуімізге
Назарларыңызғ
а рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Кімнің сөзі
Дительдің сипаттамалық психологиясы
Тарих пәнінен сайыс сабақ
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
XIX ғасыр әдебиетін зерттеген ғалымдар
Сабақтың Басым бөлігі
Әдеби тіл жайында түсінік
Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы
Қазақ фольклорының тарихы
ХІХ ғасырдың екінші жартысындаға балалар әдебиеті
Пәндер