ҚР-ның ақша-несие саясаты



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: 1. ҚР-ның ақша-несие саясаты; 2. ҚР-ның бюджет салық жүйесінің саясаты; 3. ҚР-ның әлеуметтік саясаты
Орындаған: Е-415гр Құмаров С. Қ
Тексерген: Габдуллина Лаззат Баглановна
Семей қаласы 2015ж

Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі түрі болады:
Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
Экспанцондық ақша-несие саясаты.

Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі түрі болады:
Рестрикциялық ақша-несие саясаты
Экспанциондық ақша-несие саясаты
екінші деңгейлі банктердің
несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.

Ақша-несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздық ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.

1993 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің оныншы сессиясында Қазақстан Республикасыньщ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы қабылданды. Заң Ұлттық Банктің негізгі міндеттерін айқындап берді: ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысуларды ұйымдастыру және валюталық қатынастар саласында мемлекеттің саясатын әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысу; несие берушілер мен банктің салымшыларының, несиелік, есеп айырысу мекемелерінің, сондай-ақ валютаны сатып алу, сату және айырбастау бойынша операцияларды жүзеге асыратын мекемелердің клиенттерінің мүдделерін қорғау, банктік және басқа несие мекемелерінің қызметін реттейтін ережелерді жасау негізінде оны сақтауға бақылау жасау; Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын жүзеге асыру саласында мүдделерін қорғау.

1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасында ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Қазақстанның Ұлттық Банкіне ақша-несие жүйесінің жұмыс істеу жауапкершілігі, оның бюджетпен және банкілермен қарым-қатынастарында классикалык принциптерді енгізу, банктердің қызметін реттеудін жүйесін бекіту міндеттері жүктелді. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының - қазақстандық теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету - мемлекеттің орталык банкісі - Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндеттерінін біріне айналды.

Ақшаның кұнсыздануын төменгі деңгейде ұстап, ұлттық валютанын тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-несие саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бірден-бір орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.

Ақша-несие саясаты:
қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;
ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерін;
ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін;
ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулерді белгілеу жолымен жүзеге асырылады.

Ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі мынадай операция түрлерін жүзеге асырады:
1) қарыздар беру;
2) депозиттер қабылдау;
3) ;
4) Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару;
5) Мемлекеттік және басқа да бағалы кағаздарды сатып алу және сату, оның ішінде кері сатып алу құқығымен;
6) коммерциялык вексельдерді қайта есепке алу;
7) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасынын шешімі бойынша басқа да операциялар.

2004 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолданып отырған ақша-несие саясатының құралдары екі топқа бөлінеді:
Тікелей құралдар (несие бағасы мен немесе сомасына тікелей бақылауға арналған) :
несиенің бағасын (Р - сыйақы мөлшерлемесін) не санын (Q) белгілеу немесе шектеу;
коммерциялық банктердің балансына қатысты несиелік лимиттер белгілеу.
2. Жанама құралдар (нарыққа ықпал ету арқылы ақшаға деген сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуге арналаған) :
ашық нарықтағы операциялар;
міндетті резервтік талаптар;
несиелеуге және вексельдерді қайта есепке алуға байланысты операциялар.

Ұлттық Банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:
ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме;
РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
«овернайт» займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
овер драфт займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі.

Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі- ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс мен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық Банкінің заң актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.
Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттық Банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдық пайыздық мелшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеуде қолданылады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz