Зейін туралы түсінік




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

йін туралы жалпы түсін

Орындаған:Дуйсенова Е.Х
Пх-415
Жоспар:
• Зейін
•Физиологиялық негізі
• Зейін түрері
• Қасиеттері
Зейіннің физиологиялық негізі.
3ейіннің физиологиялық негізін академик
Павлов нерв процессінің өзара индукция заңына
байланысты түсіндіреді. Егер ми қабығының
бір алабында қозу процесі пайда болса, соған
байланысты қалған алабтарда тежелу пайда
болады. Зейін пайда болу үшін Барлау деп
аталатын рефлекстің мәні зор. Ол қошаған
ортаның қандай да болмасын өзгеруіне
органиканың туа біткен реакциясы.
Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан
жүйке процестерінің өзара индукция
заңынабайланысты түсінуге болады.
И.П.Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу
процесі пайда болса, осымен байланысты қалған
алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын
айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе,
басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде
мидың бір алабында күшті процесі болып жатады да,
айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс
индукция заңы).
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы,
академик А.А.Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта
теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады.
Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде
біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын
қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты
доминантадеп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы
қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып
алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан
бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда
адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет
жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне
жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін
қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде
тітіркендіргіштерден (мысалы, сағат маятнигінің соғуы
секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл
аудармай, үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле
түсуге жәрдемдеседі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай,
мидағы басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған
қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен күшейіп
отырады. А.А.Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін
И.П.Павловтың «Қозудың оптимальдык, алабы» дейтін
теориясы онан сайын толықтыра түседі.
Зейін түрлері:
Ырықты зейін деп – адамның белгілі мақсатпен сапалы түрде
күш жігер жұмсап, керекті объектіге назар аударуын айтамыз.
Ырықты зейін тек адамға ғана тән. Зейінді ырықты түрде
ұстауға, жұмыс орнының жағдайы, жеке адамның
психологиялық күйі әсер етеді.
Ырықсыз зейін деп – адам мақсат қоймай-ақ әсер еткен
құбылыстарға назар аударуын айтамыз. Ырықсыз зейіннің
пайда болуына объективті және субъективті факторлар әсер
етеді. Объективті факторға жататындар: 1)Күшті әсер еткен
тітіркендіргіш. 2)Жай нәрсенің әсер етуі. 3)Әсер етуші
тітіркендіргіштердің қайшы келуі. 4)Өзіміз көріп жүрген
заттардың дағдыдан тыс өзгеруі. Субъективті факторлар:
1)Адамның ішкі зезіміне, түсіндіруге байланысты. 2)Сыртқы
тітіркендіргіштердің организмнің ішкі талаптарына сай келуі.
3)Адам бір нәрсені күтіп тұрса, онда назар аударады.
Үйреншікті зейін.
Үйреншікті зейін деп – басында ырықты болып, кейін әркімге
табиғи сіңісіп кеткен іс-әрекетке зейіннің аударылуы.
Зейіннің қасиеттері.
1)Зейіннің тұрақтылығы, оның бір объектіге ұзақ уақыт
сақталуын көрсетеді.
2)Зейіннің алаң болушылығы. Ол зейіннің ауытқуынан көрініс
береді.
3)Зейіннің аударылуы деп – бір объектіден екінші объектіге назар
көшіруді айтамыз. Зейін аударылуы ауытқудан айырмашылығы
оның саналы түрде болуында.
4)Зейіннің бөлінуі адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше
объектіге бір мезгілде зейін аудара алатындығы.
5)Зейіннің көлемі деп – оның бір уақыт ішінде қамтитын
объектілер санын айтамыз. Зейіннің көлемі танистоскоп деп
аталады. Прибор арқылы анықтауға болады. Танис – тез, скопио –
көру деген мағынаны білдіреді.

Ұқсас жұмыстар
Адамның психикалық қызметтерінің ерекшеліктері. Зейін,ой,сана,сөз
Зейін түрлері
Зейін туралы жалпы түсінік
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ
Ырықты зейін ерекшелігі
Қорқыттың күйлерін ата
Жалпы психология
Зейін қою
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Әліппеге дейінгі кезең
Пәндер