Қарым-қатынас адамдар арасындағы өзара түсіністікке жету


Slide 1

Тақырыбы: Қарым-қатынас адамдар арасындағы өзара түсіністікке жетудің құралы ретінде.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Орындаған: Тогызбаева Мариям Тобы: Е-415 Тексерген: Жакпарова Г. А.

Сөж

Slide 2

Адам қарым- қатынасының маңызды құралы

Slide 3 Slide 4

Қарым-қатынас- адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немсе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті ша

рты болып табылады.

Slide 5

Педагогикалық қарым-қатынас . Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс- әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжимы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым- қатынасы. педагогикалық қызмет психологиялық климат педагог

Перцептивтік қарым-қатынас . Перцептивтік қарым-қатынас адамнаң парапар қабылдауы, оның ішкі дүниесіне бойлау, әрбір жеке сәтінде онаң психикалық жағдайын сезіну дағдысы, онаң тәртіп себебін түсіну дағдысы. Мұғалім өзінің перцептивтік қарым-қатынас қабілеттерін ұдайы дамытуы қажет.

Фатикалық қарым-қатынас. Фатикалық қарым-қатынас (лат. fatuus - ақимақ) - қарым-қатынас үрдісі үшін ғана мазмұнсыз қарым-қатынас. лат.

Қарым-қатынастың жетекші түрі . Қарым-қатынастың жетекші түрі - осы немесе өзге жас кезеңінде болатын қарым-қатынас түрі, бұл арқылы тұлға дамуынаң осы сайтысына сәйкес негізгі тұлғалық қасиеттер қалыптосады.

Slide 6

Әр адамды қызықты әңгімелесуші ететін қарым- қатынас. Практикада адамдар қарым- қатынас әрдайым ұтымды қалыптастыру және үлкен нәтижеге қол жеткізу үшін өзін төмендегідей етіп ұстау керек: - ол алыстан, сырттай ашық, жарқын, тартымды болуы - ол жақыннан түсінікті, жылы лебізді, көңілді болуы - оның ішкі дүниесі мәселені терең түсінетін, адал, шыншыл, байсалды болуы - оның ішкі дүниесі мен сыртқысын бөліп- жара қарамау керек.

Slide 7

Қарым- қатынастың негізгі бағдарлары: . Әңгімелесушіңізді сөйлетуге тырысыңыз. Ол түсінетін, қызықты тақырыпта әңгіме айтыңыз. Оған өз пікірін, тұжырымын білдіруге итермелейтін сұрақтар қойыңыз. . Қызықты түрде информацияны жеткізуге тырысыңыз. Қызықты оқиғалар жинастырып, есте сақтап оларды айта білуге үйреніңіз: жалпы өмір туралы, қоршаған ортаңыз туралы. Ауыз әдебиет, шығармашылық- бұл өнер, әрқашан бізбен бірге болады. . Әрбір адам «жылылықты» қажет етеді. Сіздің әңгімелесушіңіз өзін ақылды, қызықты, яғни, мықты болып сезіну керек. Әрбір адамды есімімен атаңыз. Бұл оған өзін жақсы сезінуге мүмкіндік береді. Онымен ең қызықты тақырыпта әңгімелесіңіз, оның өзі туралы, проблемалары, жетістіктері, табыстары туралы. Оған сізден гөрі өзі туралы қызығырақ. Ол жақсы білетін тақырыптарды қозғай отырып, оған жақсы жағынан көрінуге мүмкіндік беріңіз. Оның пікірін сұраңыз және кеңес алыңыз. Жоғарыға көтеретіннің негізі ол «төменнен жалғай салу» ситуациясы.

Slide 8

. Зор қызығушылықпен және ынтамен тыңдай біліңіз. Сыйластық пен қызығушылықпен тыңдаңыз және сұраңыз. Тәуір әңгімелесуші- жақсы сөйлейтін кісі емес, керісінше жақсы тыңдай алатын адам. . Тыныш, байсалды атмосфера сақтауға тырысыңыз. Үндемей қалуға еркіңіз бар. Өз пікіріңізді айтуға да еркіңіз бар. Сырттан қарағанда бет әлпетіңізден байсалдылық, жайсаңдық, жылылық байқасын.

. Ешкімді дөрекі сөздермен балағаттауға тырыспаңыз. . Өзіңізді ашық- жарқын адам ретінде көрсетіңіз. Сіз тұйық болсаңыз, әңгімелесушіңіз де тұйық болып шыға келеді. Өзіңіз естіген жайлар, оқиғаларға, пікіріңізді, қатынасыңызды жалтармай жеткізіңіз, шыншвл болыңыз. Ашық мінезді кісінің сыртқы көрінісі: қол мен аяқтың ашық түрде болуы, яғни тұлғасы тырысып, бүрісіп қалмау, ара қашықтықты жақындату сөйлескендегі көзқарасыңыздың әңгімелесушіге бағытталуы, бет әлпеттің айтар ойға сәйкестігі. . Әңгімелесушіңіздің ашық- жарқын, емін- еркін сөйлесуін қолдап отырыңыз.

Slide 9

Көпшілік алдында сөйлеушіде байқалатын ең негізгі сезім түсініктері мынадай: 1. Әңгімені қалай бастауды білмеушілік. 2. Толық ұғынықты, әрі түсінікті айтып бере алмаймын- ау деген қобалжу. 3. Қарым- қатынас мақсатындағы еленбейтін өзгерістер. 4. Бұрын пайдаланылған қарым- қатынас амалдарын өзгерту қажеттігі жайлы түйсік. 5. Қарым- қатынас жүйесінде бір нәрсені өзгерту қажет деген түсінік, бірақ не екені- онша айқын емес. 6. Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланбағандық. 7. Бұрын табиғи болып келген дене қимылының, қозғалыстың, жалпы мінез- құлқының ерсілеу сияқты болып сезілуі. 8. Қарым- қатынастың өзгерген формадағы, мәнерлі атқару компоненттерін қажет етуі. 9. Өзіңді дұрыс түсінуі үшін, жоспарланған информацияны неғұрлым сол қалпында жеткізуге талпынушылық. 10. Тыңдаушыны қызықтыруға тырысу.

Slide 10

Қарым- қатынасты оқытудың оқу функциясын жүзеге асыру былайша қамтамасыз етіледі: - мұғалімнің оқушылармен нағыз психологиялық байланысы; - мұғалімнің оқушылармен оқыту процесін оқу әрекетіне айналдыру; - оқытудың қолайлы жағдайларын қалыптастыру; - ұжымдық танымдық ізденіс пен бірлесіп ойластырудың психологиялық жағдайының пайда болуы; - оқу процесінде жеке адамның өз бетінше жүзеге асыруы және өзінің творчествалық ойын айқындауы тиіс.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
1.Қарым-қатынас адамдар арасындағы өзара түсіністікке жетудің құралы ретінде. 2.Адам өміріндегі отбасы және туыстық қатынастардың рөлі
Қарым­қатынас адамдар арасындағы өзара түсіністікке жетудің құралы ретінде
Адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы ақпарат
Қарым - қатынас стильдері
Тиімді қарым - қатынас орнату және байланыс түрлері
Адам қарым - қатынасының маңызды құралы
ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС БАСҚАРУ ТҮРЛЕРІ
Қарым қатынас құрылымы
Заманауи басқару психологиясындағы тұлға түсінігі
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикеті және имиджі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz