Жаһандану ұғымы




Презентация қосу
Жаһандану
Тексерген:Жакпарова Г.А
Орындаған:Архалаг А
Е-415 топ
Жаһандану, ғаламдану, әлемді
ауқымдану, глобализация (ағылш.
Global — әлемдік, дүниежүзілік,
жалпы)—жаңа жалпы әлемдік саяси,
экономикалық, мәдени және
ақпараттық тұтастық құрылуының
үрдісі. Терминді ғылыми айналымға
алғаш рет енгізген (1983 жылы)
америкалық экономист Теодор Левитт.
Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда,
әлемдік өркениеттің аса маңызды
өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге
ие болуы деп түсіндіріледі. Қорша ған орта,
түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік),
демография, көші-қон толқындары, есірткі
тасымалы, халықаралық терроршылдық
проблемалары жекелеген елдер күшімен
шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық
төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық
өлшемге ие болуына ықпал етті.
Жаһандану кері айналмас сипатқа ие болып, экономикалық
дамудың шартына айналуда. Рыноктар арасындағы кең
ауқымды қаржылық ағындарға байланысты қазіргі күнде
триллион доллармен өлшенетін, тауардың өзіндік құнын
10—12%-ке түсіретін және сонымен бүкіл циклдық
дамуды өзгертетін электрондық сауданың елеулі өсуі
байқалады. Дегенмен де, Жаһанданудың қазіргі үрдісі
бірқатар кері зардаптар әкеледі.Планета халқының 30%-і
күніне бір доллардан кем қамтамасыз етілген.
Постиндустриалдық, индустриалдық және дамушы
елдердің арасындағы алшақтық кему орнына, керісінше,
өсе түскендігі байқалып отыр. Ашық нарықтық
принциптерге шартты түрде сүйенетін, ал шын мәнінде
дамыған елдердің бәсекелестік артықшылығын
пайдаланатын “Вашингтондық консенсус” адамзаттың аз
бөлігі үшін ғана қызмет етеді.
  Жаһандық проблемаларды анықтау үшін
ең маңызды өлшемдерінің бірі
геокеңістіктік факторы болып табылады.
Бұл жағдайда масштабына мәселе, яғни. E.
бұл мәселелер маңызды және өзекті болып
табылады ауданы болып табылады. Ол бүкіл
жер шарын қатысты болса, осы критерий
сәйкес, кез келген проблема мемлекеттердің
кез-келген бір мемлекеттің немесе топтың,
өңірлік немесе жергілікті сипаттамасы
қарағанда, тұтастай алғанда, оның облыс
кез келген жаһандық атауға болады.
Адамзаттың
жалпы
дүниежүзлік
тұтастығы
Адамзат тарихында XX ғасыр
мәдениетінің алатын орны ерекше.
Өйткені, бұл кезең тарихи
оқиғаларға, қантөгіс соғыстарға,
санқилы дағдарыстарға толы
сындарлы заман болды.
Ғасыр аяғында планетамызда парасаттылық
пен ізгіліктің кеңінен өріс алуы жалпы
адамзаттық мәдениеттің дамуына және
оның ұлттық түрлерінің нәрленуіне,
олардың өзара қарым-қатынастарының жаңа
арнаға түсуіне ерекше әсер етті. Міне, осы
жағдайларды ескере отырып, XX ғасыр
мәдениетінің мазмұнын ашып көрсетуде екі
басты мәселеге баса назар аударғанды жөн
көрдік.
Оның біріншісі, XX ғасыр мәдениеті
дамуының басты бағыттары (XX ғасыр
мәдениетінің қалыптасуының сабақтастығы
мен дәстүрлері, қазіргі заман мәдениетінің
тоқырауға ұшырауы мен одан шығу жолдары
және бұл процестің түрлі мәдени
концепцияларда көрініс табуы және т.б.
мәселелері), екіншісі, XX ғасыр
мәдениетінің жалпы адамза¬тық және
ұлттық сипаты (жалпы адамзат мәдениеті
қалыптасуының басты себептері және оның
құндылықтары, жалпы адамзаттық және
ұлттық диалектика және т.б.).
Адам баласы өмір сүрген кезден
бастап мыңға жуық ұрпақ
ауыстырған екен. Осынша
халықтың ішінде екі адамның бір-
біріне мүлде ұқсас болмай, өзіндік
қайталанбас ерекшеліктерінің болуы
да таңқаларлық жайт.
Адам бір-бірінен жеке тұлға есебінде ерекшеленіп
қана қоймайды, сонымен қатар топтық
айырмашылықтарға да (жанұялық, жыныстық,
жасына, мамандығына, ұлтына және т.б. қарай)
тәуелді болып келеді. Осыншама
айырмашылықтар бола тұрса да адамзат
баласының басын біріктіретін не нәрсе? Ол — ең
алдымен дүниенің тұтастығына негізделген
«жалпы адамзаттық мәдениет».
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Жаһандану тарихы
ЖАҺАНДАНУ ТҮРЛЕРІ
Батыс Еуропаның жастар субмәдениеті және олардың Қазақстандық жастардың құндылыұтық жұйесіне әсері
Рухани адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы
Жаһандық мемлекеттік жүйе - қазіргі мемлекеттердің әлемдік жүйесі
ЖАҺАНДАНУ НӘТИЖЕСІ
Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер
Экономикалық жаһандану
Батыс Еуропаның жастар субмәдениеті және олардың қазақстандық жастардың құндылықтық жүйесіне әсері
Жаһандану, ғаламдану
Пәндер