Педагогикалық құзыреттілік ұғымы


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Педагогикалық құзыреттілік

Орындаған: Рахметоллина М. Қ

П-227

Тексерген:Оралбекова Б. С

Slide 2

Жоспары:

Құзыреттілік ұғымы

Педагогикалық құзыреттілік

Slide 3

Құзырет - тұлғаның қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға қабілетінің дайындығы. Сыртқы ресурстарға білім, білік, дағды, құзыреттіліктер (іс- әрекет тәсілдері), педагогикалық-психологиялық ерекшеліктер, құндылықтар жатады.

Slide 4

«Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында Н. Хомский енгізген болатын, алғашында ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер деген түсінік берді.

«Құзыреттілік» ұғымы бүгінгі күні оқыту үдерісінде білімді қолданудың ақырғы нәтижесі ретінде қарастырылуда. Оқыту үдерісінде «құзыреттілік» ұғымы студенттердің білімі мен тәжірибесін, дағдылары мен біліктерін белгілі бір мәселені шешуде қолдануы. Оқыту үдерісіндегі құзыреттіліктерге ғалымдар әртүрлі анықтамалар берген.

Slide 5

Б. Т. Кенжебеков құзыреттілік жөнінде: «Құзыреттіліктің бар-жоғын адам еңбегiнiң нәтижесiне қарап пайымдау қажет. Кез - келген қызметкер, өз әрекетiмен кәсiби iс-әрекеттiң түпкi нәтижесiне сай талаптарға жауап беретiн жұмыстарды орындаса ғана, кәсiби кұзыреттi болып саналады», -деп анықтама береді.

Slide 6

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі - бұл өзіне мұғалімнің теориялық білім жүйесін және нақты педагогикалық жағдаяттарда оны қолдану әдістерін, педагогтың құндылық бағдарын, және де оның мәдениетінің аралас көрсеткіштерін (сөйлеу, қарым-қатынас стилі, өзіне және өз қызметіне, аралас білім салаларына және т. б. қарым-қатынасын) енгізген көп факторлы құбылыс.

Slide 7

Кәсіби құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті арттыруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі.

Кәсіби құзыреттілік - оқытушының жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педегогикалық және теориялық білімнің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы.

Slide 8

Кәсіби құзыреттілік түрлері

арнайы немесе қызметтік

әлеуметтік

жеке

дара (индивидуальды)

Slide 9

Арнайы, немесе қызметтік кәсіби құзыреттілік жоғары кәсіби деңгейде қызметті меңгерумен және тек арнайы білімді игеріп қоймай, сонымен бірге оны тәжірибеде қолдануды білумен сипатталады.

Әлеуметтік кәсіби құзыреттілік кәсіби қоғамдастықта қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін, біріккен кәсіби қызмет және серіктестік әдістерін игерумен сипатталады.

Жеке кәсіби құзыреттілік өзін-өзі көрсету және өзін-өзі дамыту әдістерін, кәсіби деформацияға қарсы тұру құралдарын меңгерумен сипатталады. Және осыған маманның өз кәсіби қызметін жоспарлауды, өз бетімен шешім қабылдауды, проблеманы көруді енгізеді.

Дара (индивидуальды) кәсіби құзыреттілік өз-өзін басқара білу тәсілдерін, кәсіби өсуге дайындық, кәсіби қартаюға берілмеу, кәсіби мотивацияның табанды болуы қасиеттерін меңгерумен сипатталады.

Slide 10

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі - бұл өзіне мұғалімнің теориялық білім жүйесін және нақты педагогикалық жағдаяттарда оны қолдану әдістерін, педагогтың құндылық бағдарын және де оның мәдениетінің аралас көрсеткіштерін (сөйлеу, қарым-қатынас стилі, өзіне және өз қызметіне, аралас білім салаларына және т. б. қарым-қатынасын) енгізген көп факторлы құбылыс.

Slide 11

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары:

Тұлғааралық және еңбектегі байланыс

Қызметтің эканомикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі

Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы

Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті

Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі

Тиімді шешім қабылдау қабілеті

Slide 12

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің компоненттері

мотивациялық-еріктік

функционалдық

қарым-қатынастық

рефлексиялық

Slide 13

Мотивациялық-еріктік компонентке мотивтер, мақсаттар, қажеттіліктер, құнды тіректер енеді, мамандықта тұлғаның шығармашылық көрінуіне ықпал етеді, кәсіби қызметке қызығушылықтың болуын білдіреді.

Функционалдық қандай да бір педагогикалық технологияны жобалап жүзеге асыру үшін мұғалімге қажетті, жалпы жағдайда педагогикалық қызмет әдістері туралы білім түрінде көрінетін компонент.

Қарым-қатынастық құзыреттілік компонентіне ойын анық, нақты жеткізе білу, дәлелдеу, талдау, ойын айта білу, өзара қарым-қатынас орната білуі, әртүрлі іскерлік жағдаяттарда қарым-қатынастың озық стилін таңдау және қолдау көрсету енгізіледі.

Рефлексиялық компоненті өз қызметінің және өз дамуының, жеке жетістіктерінің деңгейінің нәтижесін саналы бақылай білумен; креативтілік, алға ұмтылушылық, шығармашылық, сияқты қасиеттер мен ерекшеліктерді қалыптастырумен анықталады.

Slide 14

Коммуникативтік құзыреттілік адамдармен өзара әрекет пен қарым катынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін қарастырады.

Slide 15

Коммуникативтік құзыреттілік - біріншіден, жеке тұлғаның дамуы мен өзіндік дамуы процесіндегі педагогтың жеке тұлғалық қасиеті; екіншіден, ұстаздың педагогикалық қарым-қатынастық мақсаты, түйіні, құрылымы, құралы, ерекшелігі туралы хабардарлығының көрсеткіші; қажетті технологиялық деңгейін меңгеруі; маманның жеке психологиялық сапасы; коммуникативтік іс-әрекетін әрдайым жетілдіріп тұруға тырысуы; негізгі құндылық ретінде жеке адамның тұлғасына бейімделе білу, “бағдар ету”, сонымен қатар педагогикалық қарым-қатынас кезінде туындайтын міндеттерге шығармашылық, қапысыз шешім таба білу қабілеті.

Slide 16

Орыс ғалымдары В. А. Адольф, Н. В. Кузьмина, А. К. Маркова, Э. Ф. Зеер, В. А. Сластенин, Т. Ф. Лошакова педагогикалық зерттеулерінде педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігі туралы мәселеге көп қызығушылық пайда болғанын айтады.

Д. Дьюн, У. Уоллер, М. Мид, К. Юнг, П. Сорокин, Ф. Знанецкий сынды философтар кәсіби құзіреттілікті адамның ортаға үйренуіне қажетті әрекеттер түрі ретінде қарастырады. Олар адамның мамандығы оның белгілі бір нәрсеге деген қызығушылығын тудыратынын, көзқарасын қалыптастыратынын, мақсатқа жетуге талпындыратынын, ортақ пікір алмасуға жетелейтінін айтады.

Slide 17

В. А. Сластенин « . . . кәсіби құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқару мақсатында теориялық және практикалық дайындығы мен қабілеттерінің бірлігі» деп есептейді.

Н. Н. Тарасевич: Кәсіби құзыреттілік - кәсіби педагогикалық әрекетті өзіндік ұйымдастырудың жоғары деңгейі.

А. К. Маркова “Кәсіби құзыреттілікті мұғалім меңгерген объективті қажетті білім, іскерлік, психологиялық сапалардың өзара байланысы және олардың процесс пен педагогикалық әрекеттің нәтижесіне әсері” ретінде қарастырған.

Slide 18

Н. В. Кухарев: Кәсіби құзыреттілік - психологиялық-педагогикалық даярлықтың жоғарғы деңгейімен ерекшеленетін жеке тұлғаның белгілі сапаларының жиынтығы.

Н. Н. Лобанова: Кәсіби құзыреттілікті үш компонентке бөледі: кәсіби- білім берушілік, кәсіби-әрекеттік, кәсіби-жеке тұлғалық.

Бергоун: Кәсіби құзыреттілік - тапсырманы орындау қабілеті мен әзірлігі.

Slide 19

М. И. Лукьянова: Кәсіби құзыреттілік - педагогикалық өзара әрекет процесінде көрінетін білім мен практикалық іскерлік, мінез-құлық арасындағы өзара келісімділік.

Л. Ю. Кривцов: Кәсіби құзыреттілік - маманның білім, іскерлік және дағдыларды меңгеруін көрсететін сапаларының жиынтығы.

Педагогикалық әдебиеттерде: Кәсіби құзыреттілік - кәсіби іс-әрекетті шығармашылық деңгейде қазіргі сәтте социумда қабылданған нормалар мен стандартқа сәйкес жүзеге асыру.

Slide 20

Құзыретті педагог қалыптастырудың педагогикалық міндетінің таралу деңгейіне қарамастан оның шешімінің аяқталу айналымы «ойлау - әрекет жасау - ойлау» үштігіне тоқталады және педагогикалық қызметтің компоненттерімен және соларға сай білімдермен сәйкес келеді. Нәтижесінде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің моделі оның теориялық және практикалық дайындығының бірлігі ретінде орындалады. Бұл жерде педагогикалық біліктер төрт топқа біріктірілген.

Slide 21

1. Тәрбиенің объективті процесінің мазмұнын нақты педагогикалық міндеттерге «аудара» білуі: жеке тұлғаны және ұжымды олардың жаңа білімді белсенді игеруге дайындығының деңгейін анықтау үшін зерттеу және осы негізде ұжымның және жеке оқушылардың дамуын жобалау; білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттері кешендерін анықтау, оларды нақтылау және басым міндеттерді анықтау.


Ұқсас жұмыстар
ҚҰЗІРЕТТІЛІК ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Педагогикалық (кәсіби) құзіреттілік
Педагогикалық құзыреттілік туралы түсінік
Болжау іскерлігі
Педагогикалық құзыреттілік
Мұғалімнің теориялық дайындығы
Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі
Педагогикалық шеберлікте
ПЕДАГОГ КӘСІБИ СТАНДАРТЫ
Әрбір мұғалімнің кәсіби
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz