ГОСТ және ОСТ



1. ГОСТ және ОСТ, олардың су, ауа, топырақ, сүт, ет және мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі 2. Дезинфекция тиімділігін бақылау
Орындаған: Көкенаев М. М
Тексерген: Омарбеков Е. О
Тобы: ВС-303

Жоспар:
I. Негізгі бөлім
Мемлекеттік стандарт
Ет және ет өнімдерінің сапасын сараптау.
Сүттің сапасын сараптау.
Ауыз судың сапасын стандарттау
Дезинфекция
Дезинфекция тиімділігін бақылау
II. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Мемлекеттік стандарт - елдің құзырлы мемлекеттік органы бекітетін тауарлар мен қызмет түрлерінің стандарты, сондай-ақ стандарттау объектілері нормаларын, ережелерін, оларға қойылатын талаптарды белгілейтін, құзырлы мемлекеттік орган бекіткен нормативтік-техникалық құжат.
ГОСТ-арнайы арналған нормаға сәйкес келетін Қазақстанның стандарты. ГОСТ бұл мемлекеттік стандарт болып табылады.
ОСТ-халықтық, яғни біздің мамандығымызға сәйкес мамандықтар немесе ветеринариялық санитариялық салалық стандарт болып табылады.

1993 жылы “Стандарттау және сертификаттау туралы” және “Өлшемдер бірлігі туралы” Қазақстан Республикасының алғашқы заңдарының қабылдануы Қазақстанда мемлекеттік стандарт дамуының жаңа кезеңіне жол ашты. Бұл заңдар 1999 және 2000 жылдары толықтырылды. Қазақстанның Мемлекеттік стандарт органы 1994 жылдан бері Стандарттау жөніндегі халықараралық ұйымға (ІSO) мүше. Қазақстан Республикасында мемлекеттік стандартты дайындау үшін жиырмаға жуық техника стандарттау к-ті құрылған. Олар әсіресе тамақ өнеркәсібі, қоршаған ортаны қорғау, көмір және металлургия өндірістері сияқты салаларда жұмыс атқарады
Біздің мемлекетте өндірілетін және шет мемлекеттен әкелінетін азық-түлік пен тағамдық өнімдердің, шикізаттардың адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы ды сұраныс деңгейіне сәйкес болуы тиіс. Өндірілетін өнімнің және көрсетілетін қызметтің сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірілетін сапа көрсеткіштерін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға және ол өнімдердің сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етілуі қажет.

Ет және ет өнімдерінің сапасын сараптау.
Ет өңдеу цехына қабылдайтын мал еттері, саны және сапасына байланысты жүргізіледі. Етті әр түріне байланысты қабылдайды. Партия деп - бір категориялы, бір түрлі термикалық өңделген, сапасы бір ветеринарлық куәлікпен және бір құжат формасымен толтырылған, қабылдау бір уақытта жүргізілген мал еттерінің шикізат санын айтады.
Ет комбинаттарында сараптаудан өтіп таңба басылған ет және ет өнімдері фирмалық дүкендерге таратылуға жіберіле береді. Нарықта ет және субөнімдері таратылғанда, тек дені сау малдардан таратылады. Ет және ет өнімдерінің сараптауын нарықта, ветеринарлық тәжірибесі бар немесе инспекторлық тәжірибесі бар дәрігер ғана тексереді. Нарықтың территориясына сатуға түскен ет және ет өнімдері міндетті түрде нарықтың сараптау лабораториясында вет-санитарлық бақылаудан өтеді.

Ірі қара мал етін қабылдау, өңдеу, тасымалдау және сақтау.
Ет өңдеу цехына қабылдайтын мал еттері, саны және сапасына байланысты жүргізіледі. Етті әр түріне байланысты қабылдайды. Партия деп - бір категориялы, бір түрлі термикалық өңделген, сапасы бір ветеринарлық куәлікпен және бір құжат формасымен толтырылған, қабылдау бір уақытта жүргізілген мал еттерінің шикізат санын айтады.
Мал еттерін жергілікті жерде сатқанда және оларды кәсіпорын орнында өсіретін жолмен өңдегенде, сапасын куәләндыратын куәлік беріледі немесе тауарлы - тасмалдау құжатында арнайы штамп қойылады.

Еттiң сапасы келесi параметрлермен сипатталады:
Тағамдық және биологиялық құндылығы;
Органолептикалық қасиетi;
Физико-химиялық көрсеткiштерi;
Қауiпсiздiгi.

Сүттің қоректілік қасиеті малдың тұқымына, сауылу маусымына, малды бағып күтуде, қондылығына байланысты болып келеді. Сүт сапасын арттыру үшін оны механикалық қоспалардан тазартады, салқындатады және сүт зауыттарына жөнелткенге дейін 6-8 температурада сақтайды. Сүт адамзаттың ежелден келе жатқан тағамы. Сүттің бір бөлігін кілегей алу және мСүт өндірудің санитарлық тәртібі. Сүт айналамыздағы қоршаған ауада пайда болған барлық иісті сіңіруге өте қабілетті. Ол микроорганизмдердің көбеюі үшін қолайлы орта.
Сауу процесінде (қолмен сауғанда) және машинамен сауған кезде желіннен қан, ірің және ірімтік қою зат ақпауын қадағалаған жөн сол сияқты сүттің түсіне көп көңіл бөлу керек

Сүттің бактериялық ластануы.
ГОСТ 9225-87 стандартқа сәкес. Бұл әдіс «микробиологиялық зерттеулер әдісі» бойынша анықталады. Ол редуктаза ферментінің метилен көгімен ағару әдісімен анықталады. Бұл әдіс микробтардың редуктаза ферментінің метилен көгіндегі оттегі молекуласын қосып алуын пайдаланады. Метилен көгі мен оттегі молекуласы неғұрлым тез кетіп, ағаратын болса, микробтар санының да соғұрлым көп болғаны. Бұл тәжірибеде біз стерильденген пробиркаға 1мл метилен көгін құйып, үстінен анықтауға арналған, стерильденген 20мл сүт қосып, тығынмен тығындап араластырамыз. Пробирканы 380С қыздырылған су ваннасына салып, уақытты белгілейміз. әр екі сағат сайын сүттің ағарғанын зерттеп тұрдық. Метилен көгі ағарса анықтау уақыты бітті деп есептеледі. Ал біздің зерттеуіміз бойынша сүт 5 сағаттан астам уақытта ағарды. Яғни бұл сүттің сапасы жақсы екенін таблицамен салыстыра отырып байқыдық. Бұл сүттің бір мл-де 500 мыңнан аз бактериалар кездеседі. Нәтижесінде біз зерттелген сүттің мемлекеттік стандарт талаптарына сай, микрофлора саны тиімді, нормадан аспайтынын анықтадық.

Сүт және сүт тағамдары. Қабылдау тәртiбi. Сынама алу әдiсi, сынаманы анализге дайындау ГОСТ 26809-86.
Сүт және сүт тағамдары. Майлылығын анықтау әдiсi ГОСТ 5867-90
Сүт және сүт тағамдары. Тазалығын анықтау әдiсi ГОСТ 8218-89.
Сүт және сүт тағамдары. Тығыздығын анықтау әдiсi ГОСТ 8218-89.
Сүт және сүт тағамдары. Қышқылдығын анықтау әдiсi ГОСТ 8218-89.
Сүт және сүт тағамдары. Ас тұзын анықтау әдiсi ГОСТ 3627-81.
Сүт және сүт тағамдары. Спирттi (алкогольдi) анықтау әдiсi ГОСТ 3629-47.
Сүт және сүт тағамдары. Ылғалдылығын және құрғақ заттарды анықтау әдiстерi ГОСТ 3626-73.
Сүт және сүт тағамдары. Микробиологиялық анализ әдiстерi ГОСТ 9225-84.
Сүт. Соданы анықтау әдiсi ГОСТ 24065-80.
Сүт. Аммиакты анықтау әдiсi ГOCT 24066-80

Ауыз судың сапасын стандарттау денсаулықты қорғаудың маңызды профилактикалық шараларының бірі болып табылады. Казахстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Халықтың денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасында № 4153 1998ж халықты сумен қамтамасыздандыру бойынша, сапасыз сумен байланысты туындаған сырқаттанушылықты азайту бойынша құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған шаралар жоспары қарастырылған.
Ауыз судың жақсы сапалық белгілері және оның халықтың денсаулығына зиянсыз танудың негіздері білімнің дамуымен, әсіресе биологиялық және медициналық ғылымдардың дамуымен өзгеріп отырды.

Ауыз-суды стандарттаудың тарихында нормалаудың 4 кезеңін ажыратады. Алғашқы екі кезеңі сумен қамтамасыздандырушы су көздеріндегі суды нормалаумен байланысты. Нормалаудың бірінші кезеңі біздің дәуірге дейінгі IV - III ғасырларда басталып, XVIII ғасырға дейін созылды. Судың жарамдылығы су көздеріндегі оның органолептикалық қасиеттері бойынша анықталған (бұлдырлығы, түсі, иісі, дәмі) . Жағымды органолептикалық қасиеттері бар су ішуге жарамды деп саналған. XVIII ғасырдың ортасында судың химиялық құрамын анықтау мүмкіншілігі туды.
Пайдалануға жарамды деп жағымды органолептикалық қасиеттерінен басқа органикалық заттары және олардың ыдырау өнімдері аз, минералды тұздары көп емес су көздерін санаған. Осы кезеңде судың химиялық құрамын нормалаудың алғашқы әрекеттері болған. Осы нормалау белгілі жерлердегі әртүрлі су көздеріндегі химиялық заттардың концентрацияларының орташа арифметикалық өлшемдеріне негізделген.
Үшінші кезең ХІХ ғасырдың басында басталды және ол судың бактериялық құрамын зерттеумен және су көзін емес, ауыз судың сапасын нормалаумен байланысты.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен №11 2. 06. 99ж. Қазақстанның территориясында СанПиН «Питьевая вода» № 3. 01. 067-97 құжаты еңгізілді, ал 2004 жылы СанПиН Санитарно-эпидемиологические правила и нормы "Санитарно-эпидемиологические требования к качеству водыцентрализованных систем питьевого водоснабжения" нормативі қабылданды. Осы құжатқа сәйкес су эпидемиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және жағымды органолептикалық қасиеті болуы керек. Ауыз судың сапасы оның су тарату желісіне түсер алдында, сондай-ақ сыртқы және ішкі су құбыры желісінен суды алу орындарында гигиеналық нормативтерге сәйкес келуі керек.
СанПиН-нің 2 қосымшасына сәйкес химиялық заттардың қауіптік класстары берілген:
I класс - төтенше қауіпті;
II класс - жоғары қауіпті;
III класс - қауіпті;
IV класс - шамалы қауіпті.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz