Рапс жапырақ жемірі: биология,зиянды фазасы,таралуы есептеу әдістемесі




Презентация қосу
Рапс жапырақ жемірі: биология,зиянды
фазасы,таралуы есептеу әдістемесі.

Орындаған: Мусина Арай
Топ:АГ – 213
Тексерген: Сагандыков С.Н
Жоспар.
Рапс жапырақ жемірі
Таралу аймақтары
Даму фазасы
Күресу шаралары
Есептеу әдістемесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Рапс жапырақ жемірі.
Жапырақ жемірлері тұқымдасына
жатады. Ұзындығы 7-10 мм, арқа жағы
қызыл, бауыр жағы қара, денесі
ұзынша дөңестеу келетін қоңыз.
Жұмыртқасы сопақша, қоңыржай
қызыл түсті. Личинкаларының да
денесі сопақша болып келеді,арқасында
үш қатар болып көлденең орналасқан
хитинді бүртіктер бар. Қуыршағының
түсі сарғылт қызыл, ұзындығы 8 мм.
Рапс жапырақ жемірінің таралу аймақтары.
Ресейдің оңтүстік шығысында,солтүстік
Америкада және еліміздің солтүстігінде
өте көп таралған. Жылына 2-3 рет
генерация жүреді.
Рапс жапырақ жемірінің даму фазасы.
Рапс жапырақ жемірі көбінесе жұмыртқа
фазасында қыстайды. Қоңыздар
жұмыртқаларын топтап топырақтың үстіңгі
бетіне немесе жерге түскен жапырақьтардың
астына салады. Личинкалар сәуірдің аяғы мен
мамырдың басында шығады. Олардың дамуы
ауа райы және қоректену жағдайларына
байланысты 11 күннен 23 күнге дейін, ал
қуыршақтарының дамуы 10 күннен 16 күнге
созылады. Егер қоңыздардың өздере қыстаса,
онда олар жер бетіне мамырдың аяғында
шығады. Ең қауіпті фазасы ол қоңыздар.
Рапс жапырақ жемірі ең алдымен
рапсқа, сонымен қатар орамжапырақ
тұқымдастарына зиян келтіреді.
Рапс жапырақ жемірімен күресу шаралары.
Ауыспалы егіс жүйесін дұрыс сақтау, рапс
өсірілген учаскелерге оларды қайталап егуді
кем дегенде 3-4 жылдан кейін ғана жоспарлау.
Өнімді жинап алғаннан кейін егістік жерді
кейін ғана жоспарлау. Өнімді жинап алғаннан
кейін егістік жерді өсімдік қалдықтарынан
ұқыпты түрде тазалап, одан соң терең етіп
сүдігер жырту.
Көктемде зиянкестер егіске көшкен жағдайда
алғашында оның шеткі жақтарын, одан соң
тұтас инсектицидтермен бүркіп өңдейді.
Есептеу әдістемесі.
Рапс егілген егістегі қыстап қал ған зиянкестерді аны қтау к үздік
уақытта жүргізіледі.
Бұл үшін алқаптан 10 сынама алынады. Әрбір сынамада ғы
орамжапырақ күйе көбелегінің жұмыртқасының санын аны қтайды.
Сынама 35х35 см көлеміндегі жерден алынады, тере ңдігі 25-30 см.
Көктемгі есептеу әдістемесі танапта және егісте ж үргізіледі. Сынама
егіс алқабының 5 жерінен алынады. Ауа райы ашық болуы тиіс.
Келесі есептеу әдістемесі әрбір өсімдікті жеке дара тексерумен ж үреді.
Алқапта шахматты кезектілікпен 10-20 жерден, 5 өсімдікті тексереді.
Алғашқы есептеу өскінді отырғызғаннан кейін 4-5 к үннен өткен со ң
жүргізіледі. Жұмыртқалардың болуын әрбір 3-5 күн сайын жүргізеді.
Екінші есеп өсімдік толық қалыптасқаннан кейін болады.
Үшінші есеп орамжапырақ қауданындағы зиянкестерді аны қтау
үшін жүргізіледі.
Қорытынды:
Демек рапс жапырақ жемірі ауыл
шаруашылығына өте қатты зиян
келтіреді. Зиянкестің алдын алу
мақсатында фитосанитарлық болжау
жұмыстарын жүргізу міндетті болып
табылады. Сонымен қатар
агротехникалық шараларды, химиялық
препараттарды қолданудың жүйесін жетік
меңгеру біздің міндетіміз. Яғни зиянкеспен
күрес жұмысын кешенді түрде жүргізетін
болсақ, оны жоюға мүмкіндік болады.
Пайдаланылған әдебиеттер.
- Агибаев А.Ж, Тулеева А.К, Сулейменова
З.Ш «Ауылшаруашылық дақылдарын
зиянкестер мен аурулардан қорғау»,
Алматы 2010
- Ә.Т. Тілменбаев , Г.Ә. Жармұхамедова
«Энтомология»
- Cулейменова З.Ш «Методические указания
по мониторингу численности вредителей,
сорных растений и развития болезней
сельскохозяйственных культур »,
Астана ,Фоллиант 2004

Ұқсас жұмыстар
Алма жемірі: биология, зиянды фазасы, таралуы, есептеу әдістемесі
Қырыққабат күйе көбелегі
Сабақ немесе жүгері көбелегі: биология, зиянды фазасы, таралуы, есептеу әдістемесі
Қара денелілер: биология, зиянды фазасы, таралуы, есептеу әдістемесі
Бүлдірген кенесі Бүлдірген кенесі
Мақта, күнбағыс, қызылша аурулары
Күздік көбелегі:биология,зиянды фазасы,таралуы,есептеу әдістемесі
Пияз шыбыны: биологиясы, зиянды фазасы, таралуы,есептеу әдістемесі
Ас бұршақ зиянкестеріне жалпы сипаттама
Тышқан тектестер: биологиясы, зиянды фазасы, таралуы, есептеу әдістемесі
Пәндер