М.әуезовтің “қилы заман”повесінің тарихи және көркемдік негіздері


Slide 1

Дәріс №6

М. әуезовтің “қилы заман”повесінің тарихи және көркемдік негіздері

Slide 2

Дәріс мақсаты:

“қилы заман” повесінің тарихи және көркемдік негіздерімен таныстыру.

Дәріс міндеті:

“қилы заман” повесінің тарихи және көркемдік ерекшеліктерін анықтау.

Slide 3

Қазақтың қилы тарихындағы «ақтаңдақ беттердің» бірі - 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. Қазақстанның көптеген аймақтарында кең көлемде өріс алған ұлт-азаттық көтеріліс - Жетісуда «Қарқара» көтерілісі деген атпен тарихқа енді. «Қилы заман» - М. Әуезов шығармашылығының басында жазылса да, аса талантты жазылған шығарма. Роман саяси ахуалдың кернеуі шегіне келген шиеленіскен шақтағы қазақ елінің ар намысы үшін күрескен ерлер туралы қаламгер ой-сезімдерін жеткізе алған. Отарлаушы үкіметтің қазаққа ғана емес, өз отарына айналған халықтарға, тіпті адамзатқа жат саясатын осыншалық деңгейде бейнелей алған шығарма кейінгі совет әдебиетінде тіпті болған емес. «Қилы заман» романында М. Әуезов сол тұстағы ресми идеологияның өнер атаулыға таңа бастаған догмаларының тас-талқанын шығарды. Сол кездегі қағидалар бойынша байлар мен болыстар ешқашан халық мүддесін көздемейді деп ойлады. М. Әуезов романында ел ағалары би, болыс, батырлар халық басына күн туғанда қасынан табылып, отаршы үкіметке қарсы күреске шығады. Алайда қазақ қоғамы басындағы қайраткерлердің бәрі бірдей емес, олардың арасында қара басынан басқаны ойлай алмайтындары да кездеседі. Шығармада осындай типтердің де психологиясы да жан-жақты ашылады.

Slide 4

Туынды табиғатына байыппен ден қойсақ, Қазақ-Ресей қарым-қатынасының күрделі де қайшылықты тұстарын, отаршылдық саясаттың салқын лебін, ауыл-елдің ауыр да қиын ахуалын, Жетісудағы Албан елінің Маусым жарлығына қарсылықтарын, бай-болыс, төре-төлеңгіт, тілмаштардың тұрақсыз-сұрықсыз іс-әрекеттерін (мысалы, «Ақжелке» - Подпороков, уезд помощнигі - Хлыновский, Жебірбаев, Дәулетбақ, Тұңғатар, Оспан т. б. ), азаттықты аңсаған азатшыл - Жәмеңке, Ұзақ, Әубәкір, Тұрлықожа, Серікбай, Ыбырай сынды біртуар тұлғаларды жан-жақты тануға мүмкіндік мол. Сондай-ақ, Қарқара жәрмеңкесінің көрінісі, ертегідей көркем де сұлу жайлаулар - Үш Мерке, Дөңгелек саз, Үш Қарқара, Сырт, Лабасы, Асы, т. б. уақыт жағынан алғанда да, ұлттық-тарихи, мәдени-рухани мұраттар биігінен қарасақ та, дәйек пен дерек көздерінің берілуі мен меңгерілуі жағынан да, көркемдік-суреткерлік тұрғысынан да кезең көріністерін, заман адам факторын көркем де кестелі суреттегені танылады.

Slide 5

Тарихи туындының жазылуы мен жариялану жайындағы өзіндік өзгешеліктерді байыпты барлаған тұстарда: - қоғамдық құбылыстар мен кезең көріністері; әлеуметтік-тарихи ахуал мен уақыт тынысы өмір шындығына сәйкес өріс алады; - оқиға өтетін орта - Қарқара жәрмеңкесі, Жетісу суреттері, Албан елінің өмір тұрмыстары келісті де көркем сипат алады; - суреткер сомдаған бейнелер - Әбубәкір, Жәмеңке, Серікбай т. б. қоғамдық ахуалды танып-таразылайтын, ұлттық-елдік мәселелерге қатысты өзіндік көзқарас, әрекеттері бар толымды тұлғалар ретінде есте қалады; - повесть табиғатын айқындап, көркемдік-рухани жерін арттыра түсетін қызықты сюжеттік желілер, елдік мұраттарға негізделген өмір оқиғалары ой-сөз жүйесін байытатын халықтық тағлиматтар, даналық мәйектері, қанатты тіркестер жүйелі де орынды пайдаланылады. Жазушы еңбегі мен шығармашылық ізденістен өмір-уақыт тынысы, ауыл адамдарының тұрмыс-тіршіліктері, кейіпкерлер жүйесінің жасалу жолдары, ел-жердің атаулары нақтылы да нанымды әсер қалдырады.

Slide 6

«Қилы заман» тарихи повесіндегі ұлттық мұрат пен көркемдік шындық сырларынан Қазақ - Ресей қарым-қатынасының күрделі тұстарымен бірге халқымыздың байырғы өмір-тарихы, тағдыр-талайы толық танылып, азаттық жолындағы іс-әрекеттері, ерлік-елдік сипаттары, ата-дәстүрдің үлгі- өрнектері кең көлемде орын алады. Тұтастай алғанда, М. Әуезовтың «Қилы заман» повесі - қазақ тарихындағы күрделі кезең - 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи сыр-сипаттарын, Қазақ - Ресей қарым-қатынасының нәзік те қатерлі тұстарын, ел мен жердің құдірет-қасиеттерін, халық өкілдерінің (Әбубәкір, Жәмеңке, Серікбай т. б. ) жанкешті әрекет, өнегелі өмірлерін шынайы шындық пен көркемдік мұраттарға сәйкес суреттеген тағылымды туынды. «Қилы заман» тарихи повесінің қалың көпке қымбат та қастерлі қырларын көрсететін ұлттық һәм әдеби-мәдени, көркемдік-рухани олжасы осында болып табылады.

Рақымжан Тұрысбек

Slide 7

М. Әуезовтің «Қилы заман» романындағы кейіпкерлер тілінен «Абай жолы» романындағы Құнанбай, Абай қасынан табылып, парасатты, кесек мінезді жандар сөзін, диалогын, монологтарын естисің. Кейіпкер мінез-құлқын бейнелеуде суреткер ішкі сөзді, монологты, диалогты сөйлеуші адам қимыл-қозғалысын шебер пайдаланады. Сөзге құлақ қоя, диалогқа көңіл бөле жазады. Олардың дербестігін сақтайды. Сол арқылы даралайды. Тартыстың ішкі сыртқы түрлерін бейнелеуде диалогтарды қолдану - ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті үшін ірі табыс. Сонымен 1927 жылы жазылып, 1928 жылы жарық көрген «Қилы заман» романы қазақ әдебиеті тарихындағы профессионалдық деңгейде жазылған жаңа романдардың алғашқыларының бірі болса, тақырыптық, идеялық, мазмұны, көркемдігі бағытында үлкен орны бар ірі туынды. Роман М. Әуезов талантының ірілігін ғана емес, оның азаматтық, перзенттілік ерлігін көрсететін туынды.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезов повестері
БІЗ ҮШІН ӘУЕЗОВ – ЕКІНШІ АБАЙ
Мұхтар Әуезов (1897-1961) шығармашылығы
Мұхтар Әуезов - қазақ әдебиетінің классигі
Абай жолы роман
Қазақ халық әншісі
XX ғ. басындағы Қазақстанның мәдениеті
Қазақ тілі және әдебиеті факультеті
Абайды Абай еткен Мұхтар ғана, Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана, Қазақтың қос арысы, қос данасы. Қалайша бас имессің оған, сірә
Абай журналындағы еңбегі, 1924 жылғы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz