Шынайы дос-асыл қазына


Slide 1

Шынайы дос-асыл қазына

Орындаған: Барбол. Х

Топ: Е-415

Slide 2

Жақсымен дос болсаң,

Алдыңнан шығар елпектеп.

Жаманмен дос болсаң,

Сыртыңнан жүрер өсектеп. (Махамбет Өтемісұлы)

«Досы жоқпен сырлас, досы

көппен сыйлас»

(А. Құнанбаев)

Slide 3

Адам баласы өмірде жар таңдағанда және

мамандық таңдағанда қателеспегені абзал деп

айтылып жатады. Ал біз оған дос таңдауда да мұқият

болуды қосып қояр едік. Себебі, дос деген өмірдегі

сырласың, мұңдасың, сен қуансаң алтын жаны

қуанатын, мұңайсаң жүрегімен қиналатын, сүрінсең

демейтін, құласаң қолын созатын, сөзіңді сөйлеп, ақыл

қосатын, іс бастасаң қолдау білдіретін сондай бір

тамаша жан. Әрине солай, егер досың осы

айтылғандарға лайық жан болса. Сондықтан да,

шынайы достықтың орны бөлек. Қуанышыңда жалған

қуанатын, қайғы келе қалса қасыңнан жоғалатын

достың бір тиынға да татымайтыны рас қой.

Slide 4

Ислам діні достық мәселесіне қатты көңіл бөледі. Досқа адал болуды, жолдасыңа

әрдайым қолыңнан келетін көмегіңді аямауды, қиянат жасамауды өсиет қылады.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) : «Адам баласы досының дінінде

(яғни, досы қандай болса, өзі де сондай) болады. Сондықтан да, әрқайсысың

кіммен дос болып жүргеніне мұқият қарасын» деген (Әбу Дәууд; Тирмизи) .

Ислам - ынтымақ діні. Ал ынтымақ қайдан келеді? Әрине достықтың арқасында.

Достық, бауырмалдық бар жерде бейбітшілік те болатыны анық.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) мұсылман адамның сипатын

былайша жеткізеді: «Мүмин дос болады, әрi достастырады. Өзi дос болмаған

және достастырмағанда не жақсылық бар» (Сәһл ибн Саьдтан (р. а. ) Имам

Ахмад және Имам Табарани риуаят еттi) . Осы секілді хадистерінің бірінде

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) : «Мүмин мүминнiң айнасы және

бауыры. Мүмин бауырын шығынға ұшыраудан сақтап, абыройын қорғайды» (Әбу

һурайрадан (р. а. ) Имам Әбу Дауд риуаят еттi) деген. Тағы бір хадисінде: «Мұсылмандар

өзара қатынаста бiр құрылыс тәрiздi. Оның бөлiктерi бiр-бiрiн нығайтып, орнықтырып

тұрады» (Әбу Мусадан (р. а) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi) десе, басқа

бір хадисінде дос адамдарды адамның он екі мүшесіне теңеп, бір мүшесі ауырса барлық

мүшесіне ауыруы сезілетінін айтқан. Яғни, достық деген сондай біртұтас ұғым. Дос

адамдар жұмылған жұдырық тәрізді.

Slide 5

Негізінде адамдар бір-біріне адал сеніп, кіршіксіз

сезімде қарым-қатынас жасауы мүмкін. Олардың

өмірге деген көзқарасы бірдей болуы ғажап емес.

Сондықтан балалық кездегі дос, сыныптас дос,

курстас дос, жұмыстас дос болып айтыла береді.

Яғни, достық адамдар арасындағы сыйластықтан

туындайды. Бір-бірінің мойнына түсіп жататын

тағдыр тауқыметін көтерісетін, қиындықта

жәрдемдесетін, жалпы тығыз

байланыс, өзара шынайы қарым-қатынас пендені

біріне-бірін жақындастырып, өмірін

нұрландырып, ұлы достыққа айналып отырады.

Шын достық жас талғамайды, ұлтқа бөлінбейді.

Оны ұлы тұлғалардың өмірінен әсіресе ақын-

жазушылардың тағдырынан айқын аңғаруға

болады. Бірақ қазіргі кезде шынайы дос

табудың өзі қиынға айналып бара жатқан секілді.

Өйткені, бақай есепке, үнемі біреудің үстінен

пайда табуға, ұпайын жинауға ұмтылатын,

шынтуайтқа келгенде алдап кетуге дайын

тұратын «достар» көбейіп бара жатқан секілді. Бірін-

бірі қызғаныштан көре алмайтн достар да болады.

Slide 6

Достықтың адал және алдамшы болатынын кезінде

Әбунәсір Әл-Фараби бабамыз жазып кеткен екен.

Ұлы ғұлама «Достықтың екі түрі болады. Оның

біріншісі - адал дос, екіншісі - айнымалы,

алдамшы дос. Адал досқа үнемі зор ілтипатпен

қарап, одан айырылып қалмау жағын көздеген дұрыс.

Адамдар бір-біріне жақсылық, өзара қамқорлық жасауы

қажет. Жақсы достың сенімін ақтаған абзал. Осындай

достар ащы-тұщыны бірдей татып, қандай жағдайда да

бірдей көретін болады. Жалған досқа адам өзінің

құпиясын, мінез құлқындағы кемшіліктерін айта берудің

қажеті жоқ. Осындай жалған достарды адал жолға түсіру

үшін қажымай-талмай жұмыс жүргізген жөн» депті.

Slide 7

Достық туралы мақал - мәтелдер: 1. Сенімді дос тірегің, Қалдырма оны бір елі. 2. Досты кекетпе, Сөзін екі етпе. 3. Достық мектебінде есеп пәні жүрмейді. 4. Алдымен достың қамы, Содан соң бастың қамы. 5. Достардың пұлы ортақ, Тілі ортақ. Достардың дауы ортақ, Жауы ортақ.

Slide 8

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Ғылым таппай мақтанба”
ДОС ТУРАЛЫ СЫР
Дос көп еді жүретін сыр ақтарып, Жандарынан тұратын шуақ тамып
ДОСТЫҚ КОНЦЕПТІСІ
ДОСТЫҚ ЖӘНЕ МАХАББАТ
Дос пейілді достық үйлері
АДАМ ӨМІРІНДЕГІ ДОСТЫҚТЫҢ МӘНІ
Достық-қымбат өмірде
Нолден кіші сандар
Жеті қазына
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz