Балалар музыка студиясы,балалар музыка мектебі,өнер мектептерінің ерекшеліктері




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Балалар музыка студиясы,балалар музыка мектебі,өнер мектептерінің
ерекшеліктері

Орындаған:Құралтаева М.
Тексерген:п.ғ.к.доцент
Султанова Н.К.
Мектепке дейінгі жастағы баланың
музыкамен айналысуының маңызы зор.
Балалар халық әндерімен қатар түрлі
классикалық музыка және вокалдық
шығармалар, инструменталдық
(фортепиано, скрипка, аккордеон,
флейта, домбыра, қобыз және
т.б.) шығармаларды тыңдап, ішкі
дүниесімен қабылдауға тырысады. Олар
музыкалық шығарманың көркемдік
бейнесін суреттеуімен
қатар, музыкалық аспаптарды ажырата
алады. Музыканы түсінікпен
дифференциалдық түрде
белсенділікпен қабылдайды. Балалар
музыканы тыңдап, ән айтып, билейді,
музыкалық ойындарға қатысып, қол
ұстасып айналады, балаларға арналған
салтанатты әндерді орындау мен қатар
үлкендермен бірге ән айтып, ойын –
сауықтық шараларға, мерекелік Жаңа
жыл, 8 – ші наурыз, Наурыз мейрамы,
Тәуелсіздік күні мейрамына арналған
ертеңгіліктерге қатысады.
Музыкалық сауаттылығын көтеруге, музыкалық
аспаптарда ойнауға қызығушылығы арта түседі.
Ол үшін сазды естіп – тыңдау қабілетімен қатар
баланың эмоционалдық қасиеттерін дамытып,
ойын түрлерімен жоғарғы дауыстық әуендерді
пайдаланған жөн. Қол қимылымен дыбыстық
елестетуді байланыстыра білу керек. Баланың
музыкалық дыбысты ажырату қабілетін дамыту –
шаруашылыққа деген қызығушылықты арттырып,
музыкалық аспаптарда ойнап үйренуге жол
ашады. Балалардың саз жетекшісі, тәрбиеші, ата –
аналары оларды музыкалық мәдениетке, оның
тілін ұғынуға, музыка арқылы тұлғалық
қасиеттерінің қалыртасуына көмектеседі.
Ересек топтарындағы музыкалық тәрбие берудің
негізгі міндеттері: Түрлі сипаттағы музыкаға
қызығушылық және эмоционалдық серпілісті дамыту
және қалыптастыру; музыка басталғанда немесе оны
тыңдап отырып, оның сөзін естімей ақ таныс
шығармаларды басқаларынан айырып, оны еске
сақтау бойынша музыкалық қабылдау қасиетін
дамыту; балалардың музыкалық танымын кеңейту,
олардың белсенді музыкалық тәжірибемін байыту
мақсатында жағдайлар туғызу; әдістемелік, тембрлық,
дыбыстық, динамикалық есту, шығармашылық
белсенділігін дамыту.
Сонымен қатар балалардың орындау дағдыларын
дамыту қажет. Дыбысты дұрыс тани білуі, екпіннің
тазалығын, музыкаға байланысты ритмикалық
қозғалыстарды, билегенде түрлі қимылдар жасауды,
ұлттық және түрлі инструменттерді айыра біліп және
оларда ойнауын қолдау.
Музыка дегеніміз біздің өміріміздің бір
бөлігі. Сан алуан әуенге, алуан дыбысқа
кернеп тұрғандай, айнала алуан дыбысқа
толы. Біздің әрбір күніміз музыкамен,
әнмен, күймен басталады. Музыканың
адам жан дүниесіне тигізетін әсері
орасан, сондықтан оны шынайы
ықыласпен қабылдау арқылы ғана
түсінуге болады. Біз музыка аясында өмір
сүреміз. Ол күнделікті тұрмыс-
тіршілігімізде, жұмысымызда үнемі бізбен
бірге. Олай болса, музыка-біздің өмірлік
жан серігіміз.
Өнер мектебінің
оқушыларына эстетикалық
тәрбие беріп, олардың бойына
туған өлкесіне, халқына деген
адамгершілік пен сүйіспеншілік
сезімдерін сіңіруде ұлттық
музыка мәдениетінің алатын
орны ерекше екендігі белгілі.
Осы мәселелерді қайта
жандандыру мақсатында
оқушыларды қабілетіне қарай
– жыраулық өнерге, терме
айтуға, шешендікке
тапқырлыққа, айтыс өнеріне
үйретуде – ән-саз пәнінің
алатын орны орасан зор.
Ән-саз өнері оқушылардың рухани
дүниетанымын молайтып, өнер құндылықтарын
бағалай білуге де септігін тигізері хақ. Ән-саз
өнеріне ден қойған оқушының бойында
қатыгездік, тәртіпсіздік, бұзақылық сияқты
келеңсіз қасиеттер кездесе бермейді. Өйткені
оқушыны сезімталдыққа баулиды. Осы негізде
ән-саз өнерінің салаларын жеке-жеке зерттеп,
оқыту мәселелерін қарастыруымыз қажет
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Музыка мектебі,музыка студиясы, өнер мектебі
Балалар музыка мектебі өнер мектебі олардың ерекшеліктері мен айырмашылығы
Қазақ киносы
Қазақ музыка өнерінің бастауы
Музыканы тыңдау әдістемесі
Шығармашылық қабілеттін дамыту
бастауыш мектептегі музыка сабағының типтік бағдарламасы 1-4 сынып
Театр сахнасы
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Рудольф Штайнер әдіснемесі
Пәндер