«Мұрагер»


Slide 1

Тақырыбы:

«Мұрагер» Бағдарламасы.

Slide 2

Авторлары: А. Райымбергенов, С. Райымбергенова, Ұ. Байбосынова.

Slide 3

«Мұрагер» атты бағдарлама ән - күй пәні бойынша қазақ орта мектебінің 1 - 9 сыныптарына арналған. Бағдарламаның негізгі мақсаты - өзінің тілін, дінін, дәстүрін, өнерін, әдет - ғұрыптарын біліп, халқының асыл қазынасының мұрагері сезінетін, өз елін туған жерін, ата мекенін сүйетін Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу.

Slide 4

Бағдарлама төмендегідей педагогикалық міндеттерді көздейді: 1. домбыра сүйемелдеуімен ән айтып, күй тартуды үйрету, жыраулық дәстүр, айтыс өнерін меңгеріп батыс Европа және Шығыс музыка өнерінің дәстүрлерімен танысу. 2. қазақтың кейбір қолөнер түрлерін үйретіп, оқушылардың көркемдік ой жүйесін қалыптастыру. 3. балалардың шығармашылық ынтасын, ой өрісін, қиялын дамыту. 4. дәстүрлі өнеріміз арқылы қайырымдылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеп, мәдениетті, жан - жақты дамыған адам етіп шығару.

Slide 5

Бағдарламаның басты темірқазығы - балаларға домбыра үйрету арқылы олардың жалпы халық өнеріне деген ынтасын арттыру. Домбыра үйрету барысында біз халықтық музыка педагогикасына арқа сүйедік. Ол домбыра қағыстарын көзбен көріп, сөз иірімдерін құлақпен ілу сияқты домбыраны нотасыз үйрету әдістемесіне негізделген. Сонымен қатар, дәстүрлі ортада шәкірт ұзтазына еріп жүріп, жекеше түрде дайындалып, соңына еріп батасын алған. Ал бала саны жиырмадан асатын сыныпта бұл методикамен жұмыс істеу өте қиын. Сондықтан « Мұрагер» бағдарламасы балалардың санына қарамай кез келген сыныпта қолдана беруге болатын, коллективті түрде нотасыз домбыра тартып үйретудің әдістемесін ұсынады. Бұл арада біздің бағдарламамыз қазақтың, дәстүрлі педагогикасын және Европаның ең озық әдістемелік үлгілерін бойына сіңірді. Ән - күй дәстүрлеріміздің жалпы халықтық мәдениетіміздің бір саласы болғандықтан, бағдарламада басқа да халық көркем - өнер мұраларымыздың ішінде тек қана домбыра тартуды толығырақ меңгеруге көмектесетін түрлері іріктелініп алынды. Қазақтың ою- өрнектерінің, символдық мазмұнын білу арқылы балалар күйдің саз иірімінің сұлулығын көбірек аша түссе, күйдің тарихын білу арқылы халқының тарихын тереңірек түсінеді. Сонымен қатар аспаптық саз өнеріміз аңыз - әңгімелерімен, көне мифологиямен, ауызша поэтикалық дәстүрімен астасып жатыр. Қысқасы ән - күй пәні музыка, ауызша поэтикалық, көркемөнер, қолөнер түрлерінің басы тоғысқан интеграцияланған комплексті пән болуы тиіс.

Slide 6

«Мұрагер» бағдарламасы - тоғыз жылдық білім берудің тізбекті біртұстас курсы. Бастапқы сыныпта алған білім жылма - жыл қайталанып, толықтырылып, дамытылып отырады. Мысалы, домбыра тартудың ең қарапайым жаттығуларынан бастап, жеңіл әндер мен күйлер үйреніп, репертуарды жылма - жыл байыта, күрделендіре түсудің арқасында күйдің композициялық құрылысын түсініп, аяғында өз жанынан өлең ұйқастырып, бір - бірімен қағыспа түрінде айтысуға дейін жетіп, жыраулардың үлгісімен өз толғауларын шығаруға дейін жетеді. Домбыраға репертуар таңдау барысында балалардың ойнап үйренуіне жеңіл болуымен қатар, ел арасында кеңінен танымал халықтың сүйіп тыңдайтын ән-күйлері іріктеліп алынды.

«Мұрагер» бағдарламасында қазақтың ұлттық өнерімен қатар, Европа мәдениеті оның ішінде әлемге тараған опера, симфония, балет жанрлары терең түрде талданды. Ол жанрлардың пайда болуы туралы мәліметтер мен Европа саз аспаптары туралы қызғылықты әңгімелер баяндалады. Сонымен қатар Шығыс музыкасы мен Түркі мәдениетіне кең орын берілген. Бағдарламаның ең соңғы бөлімінде қазақ музыкасын басқа Европа елдерінің музыка мәдениетімен салыстыра келе, саз өнерінің өміріндегі алатын орны айқындалады. Қысқасы, музыканы тек қана құлақпен тыңдап, көркемдік бұйымдарды тек қана көзбен көріп, тамашалау арқылы өнерге баулуға болмайды. Біздің бүлдіршіндеріміз халық өнерінің шынайы мұрагерлері болуы керек. Асыл өнерді өз қолымен жасай алатын адам ғана ата - бабадан қалған мұраны көбейтіп, байытып келесі ұрпаққа жеткізе алады.


Ұқсас жұмыстар
Мұрагерлік құқық субъектілері
«Мұрагер» халық ұлттық педагогикасының негізінде жасалған оқыту жүйесі
А.Райымбергенов жетекшілігімен құрылған музыкалық МҰРАГЕР бағдарламасы
Мұрагер музыка бағдарламасы
МҰРАГЕРЛІК ҚҰҚЫҚ
МЕНШІКТІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
МҰХАММЕД ХАЙДАР
Халықаралық жеке құқықтағы мұрагерлік құқықтың түсінігі және туындауы
Аралығындағы орыс философиясы
МЕНШІКТІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz