Терінің топографиясы, құрылысы және химиялық құрамы. Малдың терісіне әсер ететін факторлар. Теріні консервілеу және сақтау


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті СӨЖ Тақырыбы: Терінің топографиясы, құрылысы және химиялық құрамы. Малдың терісіне әсер ететін факторлар. Теріні консервілеу және сақтау.

Орындаған:Анешова А. А

Тобы:ТК-421

Тексерген:Бауыржанова А. З

Slide 2

Жоспар 1 Кіріспе 2 негізгі бөлім 2. 1Терінің топографиясы құрылысы және химиялық құрамы 2. 2малдың терісіне әсер ететі факторлар 2. 3Теріні консервілеу және сақтау 3пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Терінің топографиясы құрылысы және химиялық құрамы

Slide 4

Мехтік теріні жүнді жабын және тері өзеңі деп екіге бөледі. Илеу кәсібін меңгеру үшін ең алдымен оның құрлысымен толығырақ танысу қажет. Себебі, ол алдыңғы операцияларды елестете алу үшін керек.

Былғары өндірісінде өзеңді қолданады, ал түк пен эпидермисті бөлектейді. Мехта өзең эпидермиспен және түкпен бірге өңдейд. Эпидермис - жүнді жабын астында орналасқан беткі қабат. Ол өте жұқа, терінің 1/20 бөлігін құрайды және бірнеше эпителиальды тор қатарынан тұрады. Мехті өңдегенде біз міндетті түрде осы қабатты сақтауымыз керек. Өйткені, ол түк қалташығымен тығыз байланысқан және оның бүлінуі түктің өзеңмен байланысының әлсіреуіне әкеліп соғады.

Slide 5

Жүнсіз былғары эпидермисі.

1 - мүйізікше қабат;

2 - жылтыр қабат;

3 - бидай қабат;

4 - өстік жсуша қабаты;

5 - цилиндрлік қабат;

6 -осылыс тіні;

7 - тер безінің шығу ағымы.

Slide 6

Былғарының гистологиялық құрылысы

1 - эпидермис; 2 - былғары; 3 - өзең; 4 - гипоөзең; 5 - жүн қылшығы; 6 - жүнді фолликула ұшы; 7 - жүн тамыры; 8 - тер ағымы; 9 - май безі; 10 - жүн бұлшығы; 11 - жүнді фолликула; 12 - май безі; 13 - жүн түбірі; 14 - жүн емізікшесі; 15 - тері асты тамыры; 16 - тері асты май қабаты.

Slide 7

Өзең - бұл терідегі беріктілігімен де, қалыңдығымен де ерекшеленетін ең негізгі қабат. Ол колаген, эластин және ретикул талшықтарының өрілуінен пайда болады.

Колаген талшығы - ақуыз колагеннен пайда болады, оның қайнатқан кезде желімге айналуы негізгі қасиеті болып табылады.

Эластин талшығы - колаген талшығынан аздаған бұйралығы мен біраз қалыңдығымен өзгешеленеді. Олар өзеңнің төменгі бөлігі, тор шекарасында орналасқан.

Ретикул талшығы - негізінен ретикулин ақуызынан тұрады. Ол барлық өзеңді өткізетін және эпидермиспен шекараласқан қабатқа қалың тор түзеді

Slide 8 Slide 9

Малдың терісіне әсер ететін факторлар

Бағу және тамақтандыруды 4 негізгі жағдайға бөлуге болады:

а) Малдың ағзасының жағдайы мен оның терісінің сапасы. Малдың ағзасының жағдайы мен оның терісінің сапасы малдың қоректенуіне байланысты. Қорек, біріншіден, жеткілікті, екіншіден теңестірілген болу керек. Өйткені, жаман сіңіретін малдың терісі борпылдақ, жұқа болып келеді, бұлар механикалық әсер нәтижесінде әртүрлі аурулармен оңай зақымданады. Әсіресе, жүнді жабының жетілуі кезінде өте қауіпті. Ол мамықтың, жүнді жабынның, қылшық жүні төмен, сирек болып, шала жетілуіне әкеліп соғады. Көміртектің жетіспеуі кезінде ақуызды қоректің мол болуы жүнді жабынды айтарлықтай жуандатады.

б) Еркіндік. Малдар кең жерде тұруы керек және көп уақыт өрісте жайылғаны дұрыс. Әйтпесе, тері борпылдақ, иілімсіз, ал жүнді жабын сирек, әрі байланып қалады.

в) Тазалық - гигиеналық жағдайды қадағалау. Нашар күтімдегі малдарды лас жерлерде ұстау, терілерде кірдің пайда болуына себеп болады. Бұндай жағдайда, теріні өндеу кезінде кірлердің араласып кетуі әбден мүмкін. Тіпті, тері ауруларына әкеліп соғады. Сонымен қатар, біріншілік үрдісті айтарлықтай қиындатады.

г) Паразиттермен күрес кезіндегі: бөгелек, кене түйінді, беттік кене және тағы басқалар.

Slide 10

Механикалық ақау - эпидермистің жаралануымен тері бөлігінің жүнді жабынының түсіп қалуы. Механикалық зақымданудың - негізгі себептері: сыздауық - ауырған және төбелескен кезде мал терісінің зақымдану нәтижесінде көгеріп, орнының қалып қоюуы.

Сыздауықтардың мынадай себептері болуы мүмкін:

1) Тері аурулары (экзема, ірің дерматиттері т. б. ) 2) Гельминтозды жаралар 3) Жұқпалы аурулар 4) Таз аурулар 5) Шіркейдің шағуынан 6) Механикалық зақымдану және т. б.

Slide 11

Теріні консервілеу және сақтау

Tеpiні консервілемес бұрын пайдалануға болмайтын бөліктерді алып, реттеген жөн. Олар салмағын жоғарылатып келсе, өңдеу үрдістерін қиындатады. Оларға: май, ет, қан, кip, ерін, құлақ, мүйіз, лай, тұяқтар жатады. Кір мен майды қолмен, тупикпен тазартады.


Ұқсас жұмыстар
Терінің топографиясы, құрылысы және химиялық құрамы. Малдың терісіне әсер ететін факторлар
БЫЛҒАРЫ ШИКІЗАТЫ
Малдың терісіне әсер ететін факторлар Жібіту үрдісінің мақсаты және жібітуге әсер ететін факторлар
Тері топографиясы құрылысы және оның химиялық құрамы
Тері құрылысы және химиялық құрамы
Тері топографиясы құрылысы және химиялық құрамы
Малдың терісі және оған әсер ететін факторлар
ТЕРІ ТОПОГРАФИЯСЫ
Терінің топографиясы, құрылысы және химиялық құрамы
Былғары шикізаты. Жібіту үрдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz