Операция арасындағы қойма және аралық қойма жайлы ақпарат


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

“Химия” кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: Операция арасындағы қойма және аралық қойма

Орындаған: Абекова Т. Б.

ХН - 221

Тексерген: Тлеуғали Е. Т.

Семей 2015 жыл

Slide 2

Қойма дегеніміз тауарларды сақтайтын коммерциялық ғимарат. Қоймалар көбінесе өндірушілер, импорттаушылар, экспорттаушылар, көтерме саудагерлер, тасымалдаушылар және кеден т. б. тарапынан қолданылауы мүмкін.

Дайындамалар мен жартылай фабрикаттар қоймасы (кешенді заводтарда бұл қоймалар тиісті дайындама цехтарына болады) :

аспаптарды сақтауға арналған орталық аспап қоймасы;

орталық абразивтер қоймасы;

шихта және қалып материалдары қоймасы;

дайын өнімдер қоймасы;

негізгі өндірістің қосалқы бөлшектеріннің қоймасы;

отын қоймасы;

жанармай, жағармай және химиялық материалдар қоймасы;

ағаш қоймасы;

құю немесе модельдер цехтарындағы модельдер қоймасы.

Slide 3

Қосалқы өндіріс ғимараттары. Қоймалар.

Өндірістік кәсіпорын қоймаларының негізгі түрлері;

Қоймаларды жобалаудың мақсаттары;

Ашық қоймаларды орналастыру ерекшеліктері;

Қоймалар алаңдарының бөлінуі;

Қоймалардың өндіріспен байланысы;

Операция арасындағы қойма және аралық қойма.

Slide 4

Қоймаларды жобалаудағы мақсаттардың орындалуы келесі ескерулер негізінде іске асырылады:

1. Өнімдерді шығару үшін жүргізілетін үдерістерді (процестерді) шикізатпен басқа да материалдармен және де ол өнім түрлеріне сұраныстағы кәсіпорындарды уақтылы, сенімді түрде қамтамасыз ету.

2. Өндірістегі учаскелер, цехтар т. б. құрылымдар арасындағы матариалдар ағымдарын реттеу.

3. Қоймаларда сақталудағы заттардың есепке алу негізінде олардың ауысып тұруы жөніндегі ақпараттарды толықтай беру мүмкіншілігі.

4. Материалдардың қоймаларда жатып қалмауы, оларды керекті өндіріс бөлімдеріне тез арада жеткізу шаралары.

Slide 5

Ашық қоймаларды орналастыру ерекшеліктері

Ашық қоймалар метеорологиялық әсерлерден өзгеріске ұшырымайтын (температура, атмосфералық тұнбалар, күн сәулесі және т. б. ) заттар мен бұйымдарды сақтауға арналған. Бұл қоймалар негізінде жер деңгейімен немесе фундамент арқылы көтеріңкі орналасады. Завод алаңында кейбір кішігірім ашық қоймалар автомобильді теміржолды крандармен, қалыптау машиналармен, тасымалдау транспортарымен жабдықталады. Үгілмелі үйілгіш материалдарды сақтайтын үлкен ашық қоймалар эстакадты көпірлі крандармен жабдықталады.

Шатырлар мен платформалар жауын - шашын, қар және күн сәулесінен қорғалынатын заттарға арналған орын.

Заттарды температурадан, атмосфералық тұнбалардан, шаңданудан сақтау үшін бір немесе көпқабатты жабық қоймалар қолданылады. Жабық қоймалар ауданы тенхнологиялық жобалаудың талаптарына сәйкес келу керек.

Slide 6

Санитарлық және өрт талаптарына сәйкес қоймалар тобы

Жылдам тұтанғыш, жарылғыш, улы заттардың және өртке қауіпті реактитердің және концентрлі қышқылдарға арналған қоймалар;

Жанар - жағар май материалдарының қоймалары және мұнай базасы;

Кесілген ағаш дайындамалары, қағаз, текстиль және полимерлі материалдар қоймалары;

Ерекше оқшауландыруды қажет ететін қоймалар (радиоактивті материалдар) ;

Өрт қауіптілігі тұрғысынан қауіпсіз материалдарға арналған қоймалар (қосалқы бөлшектер, саймандар және т. с. с. ) .

Slide 7

Материалдардың түрі номенклатуралық номері аз болатын кәсіпорынның қоймаларында бұл карточканың орнына материалдар есебін тиісті түрде жүргізуге дайындалып жасалған сорттық есеп кітабында жүргізуге болады. Мұндай жағдайларда сорттық есеп кітабында қойма есебінің карточкасындағы деректер болуы қажет. Қоймашы белгіленген тәртіп бойынша толтырылған алғашқы құжаттардың негізінде материалдардың кіріске алынуын және есептен шығару операцияларын, олардың іске асырылған күнін қойманың есеп карточкасына жазып, онда материалдық құндылықтардың сол күннің соңындағы қалдығын шығарып отыру керек. Бұл карточкада материалдардың қалдығы әрбір операциядан кейін шығарылып отырылады.

Slide 8

Пайдаланылған әдебиеттер

http://bigox. kz/materialdyk-korlardyn-kojmadagy-esebi/

https://kk. wikipedia. org/wiki/ Қойма


Ұқсас жұмыстар
Операция арасындағы қойма және аралық қойма туралы ақпарат
Операция арасындағы қойма және аралық қойма
ҚОЙМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ЛОГИСТИКАЛЫҚ БАСҚАРУ
Негізгі құралдар және материалдық емес активтер есебі
Материалдар мен дайындамалардың цехтағы қоймасы
Өндірістік кәсіпорын қоймаларының негізгі түрлері
Контроллингті қолданудағы механизмдер мен процестер
Есеп жүргізудің жалпы қағидалары
Сыртқы экономикалық қатынастар транзиті
Цех аралық және цех ішіндегі көлік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz