Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ
НЫҢ ҚЫЗЫЛ
КIТАБЫ
Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес жасалған және республика аумағында
сирек кездесетiн, саны азайып келе жат қан әрi құрып
кету қатерi төнiп отырған жануарлар мен өсiмдiктер
түрлерiнiң жай-күйi туралы мәлiметтердiң, оларды
зерделеу, қорғау, өсiмiн молайту және ұтымды
пайдалану жөнiндегi қажеттi шаралардың жиынты ғы
бар негiзгi құжат болып табылады. Қазақстан
Республикасының Қызыл кiтабы сонымен қатар
Жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi мемлекеттiк
кадастрының құрамдас бөлiгi болып табылады
(«Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы туралы
ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1330
Қаулысының 1-т).
Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып
бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін
жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды
халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде
қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды
қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж.
ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы
ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл
кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында
сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы
деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы
жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж.
Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта
толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды.
1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы
сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79
түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-
томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушыларды ң
105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-
томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000
түрі тіркелді.
1-категория – жойылып бара жатқан;
2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара
жатқан;
3-категория – сирек кездесетін;
4- категория – ғылыми тұрғыдан толық
зерттелмеген;
5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп
берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші
басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар
түрінің қандайотрядқа, қандай тұқымдасқа
жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша,
ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір
тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында
таралуын көрсететін карта және сол жануардың
түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар,
мақалалар) көрсетілген.
Қазақстан Республикасының
Қызыл кiтабына Қазақстан
Республикасының аумағында құрғақта,
суда, атмосфера мен жер қыртысында еркiн
жағдайда тұрақты және уақытша
мекендейтiн жануарлар (сүт қоректiлер,
құстар, бауырымен жорғалаушылар, қос
мекендiлер, балықтар, сондай-ақ
ұлутектiлер, шыбын шiркейлер және
басқалары) мен өсiмдiктердiң түрлерi
(тұқымдастары, өсiп-өнуi) енедi (Қызыл
кітап туралы ереженің 2-т.).
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ 2001
ЖЫЛҒЫ 4 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ N 1140 ҚАУЛЫСЫ
Жабайы хайуанның атауы
Әрбір дарағы, әрбір килограммы үшін зиянды өтеу ставкасының мол
мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен)
Жердегі сүт қоректілер
Құлжа* (арғалы, арқар, үстірт қойы)
1500
Ілбіс*
2000
Борсық
Тиін
Құндыз
Қызыл қасқыр*
600
Орта азия кәмшаты*
400
ЕСКЕРТУЛЕР:
(*) Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген
түрлерге жататын жануарлар
әрбір заңсыз жойылған (бүлдірілген) жануарлардың мекен
ететін ұясы, іні, апаны және басқа да баспаналары үшін
келтірілген нұқсан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
өндіріп алынады;
әрбір заңсыз алынған (жойылған) жұмыртқа, сондай-ақ
әрбір заңсыз алынған немесе жойылған сүт қоректілер
аналығының эмбрионы үшін жануарлардың осы түрінің
ересек дарағы (аналығы) үшін келтірілген нұқсанды өтеу
мөлшерінің 50 проценті (айлық есептік көрсеткіштермен)
өндіріп алынады.
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау,
өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын
бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес жауапкершілік көтереді (Заңның 58-бабы).
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz