Тәрбие сағатының үлгісі


Slide 1

Тақырыбы:Тәрбие сағатының үлгісі.

Орындаған:Маулетова. А. К.

Факультет:ЖМФ

Курс:2

Тобы:Е-415

Тексерген:Серикова. Н. У.

Slide 2

Тақырыбы:Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар.

Мақсаты:

Оқушыларға бала тәрбиесін түсіндіру.

Ұрпақ тәрбиесіндегі халықтық педагогика ролін түсіндіру.

Көрнекілік:слайд, сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстары, буклеттер, интерактивті тақта.

Slide 3

Тәрбие сағатының өту барысы:

I Ұйымдастырушылық кезең:

А) сыныппен оқушыларымен амандасу.

Ә) сыныпты үш топқа бөлу.

I I Дайындық кезең:

А) Бүгінгі өтілетін тәрбие сағатының тақырыбы, мақсаты, тәрбие сағатының өту барысымен таныстыру.

I I I Қорытынды.

Slide 4

Балалар, бүгінгі “бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар”туралы не ойлайсындар?

Бұл тақырыпты қалай түсінесіңдер?не айта аласындар?

1бала: Ислам діні бала тәрбиесіне көп көңіл бөледі. Ол жайлы қасиетті Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) хадистерінде келтірілген. Бұл аяттар мен хадистердің басты ұстанымдарында адам баласының осы жарық дүние есігін ашқаннан ақыретке дейінгі қағидаттары қамтылған. Бала ұрпақ жалғастығы ғана емес адамзат баласының өмір жалғастығы ретінде танылады. Сол себепті мұндай мәселелер өзекті. Алдымен басты ұстаным ретінде мыналарды келтіруге болады:

2бала: Біріншіден, бала тәрбиесін о баста, яғни ана құрсағына түспей тұрып тәрбиелеуіміз қажет. Дәлірек айтқанда, ата-ана балаға ниеттенген кезден-ақ «бісміллә»-мен бастауы керек. Осыған байланысты, кейбір мұсылман елдерінде бұзық, нашақор, тәрбиесіз туған балалардың дүниеге келуін «бісміллә»-сіз болған жағдайдың куәсі деп келтіреді. Яғни, ондай балалардың ата-анасы оларды дүниеге әкелер кезде «бісміллә»-ны айтатын болса, мұндай жағдайларға тап болмас еді, керісінше, дені-басы сау, ақылды, зерек, жақсы перзент дүниеге келер еді дегенді алға тартады. Сондықтан, Ислам әдебінде әрбір қайырлы іс үшін «бісмілләні» айтуды өте маңызды деп санаған. Бұл жайында Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) : «Бісміллә - әрбір жақсы істердің кілті. Бісмілләсіз іс берекесіз», - деген. Сол үшін, ең алдымен, әдепке көңіл бөлу керек. Әйтпесе, көзі бар ағашты жону қиынға соғады.

3бала: Екіншіден, нәрестенің құлағына азан айту. Нәресте туылған соң оң құлағына азан, сол құлағына қамат айту керек. Имам Тирмизи риуаят еткен хадисте Фатима анамыз Хасанды босанған кезінде Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) баланың құлағына азан айтқандығы туралы жеткізілген. Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) бір өсиетінде: «Кімнің баласы туылғанда оң құлағына азан айтып, сол құлағына қамат айтса, ол нәрестеге жамандық келмейді», - деген. Басқа бір риуаятта былай делінген: «Аллаһтың елшісі (с. ғ. с. ) қызы Фатима Әлиұлы Хасанды туған кезде Хасанның құлағына намазға азан айтқандай азан шақырған».

Мұсылман ғұламаларының пайымдауларынша, аталмыш дәстүрдің хикмет-сырларына үңілер болсақ, мынадай мағыналарды байқаймыз. Адам баласының дүниеге келген кездегі ең бірінші еститіні Раббының ұлылығын паш ететін азан даусы, шәһәдат-куәлік сөзі болуы тиіс екендігін білдіреді. Куәлік сөзінің өлім халінде жатқан адамның құлағына айтылатыны сияқты дүние есігін жаңа ашқан нәрестеге де дініміздің осынау маңызды рәмізін құлағына құюмен бастау. Бір жағынан, азан сөздері нәрестенің құлағына кіріп, жүрегіне жетіп, бойын баурап алса, одан артық қандай бақыт керек!Нәрестеге азан айтудың тағы бір сыры - азан сөздерінен шайтанның ат-тонын ала қашатынында жатыр. Өйткені әзәзіл нәрестені туылғанша бақылайды. Ал әрбір пенденің жанында болатын қосақ-шайтаны нәресте туылып, оған алғаш келген сәттен-ақ азанның даусын естіп құты қашып, жеңіледі. Осылайша жаңа туылған адам баласын шайтанның өзінің соңына ертпек болған әрекеті түкке аспай, салы суға кетеді.

Азан айтудың енді бір сыры - нәрестені Аллаһқа құлшылық етуге, хақ діні - Исламға шақыру болып табылады.

Slide 5

4бала:Үшіншіден, туылған нәрестемен сүйіншілеу. Аллаһ тағала Құран Кәрімде: «Әрбір үмбетке өздері ұстанатын салттар бекіттік» («Хаж» сүресі, 67-аят) - дейді.

Айта кететін бір жәйт - мұсылмандық салттар әлдебір ырымға, адамға қатысты пайда болмаған, керісінше, бұл пайғамбарлардан жалғасып келе жатқан игі дәстүрлер. Бұл дәстүрлердің негізінде Жаратушы Хақ тағаланың берген нығметіне шүкіршілік етіп, Оның жаратушылық сипатын мойындау жатыр, ал пенде өзінің пендешілік дәрменсіздігі мен әлжуаздығын қабылдау керек. Мысалы, дінімізде нәресте туылған кезде сүйіншілеп қуандыру, құттықтау айту дәстүрі бар. Оған дәлел - Құран Кәрім аяттарындағы Аллаһ тағала тарапынан жіберілген періштелердің Ибраһим, Зәкәрия сынды пайғамбарларды ізгі ұрпақпен сүйіншілегендігі туралы хабары.

Ал, Пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) дүниеге келгені туралы қуанышты хабарды оның көкесі Әбу Ләһәбқа күңі Суәйба сүйіншілеп жеткізеді. Осы хабарды жеткізген кезде Әбу Ләһәб Суәйбаны күңдіктен босатып, азат етті. Имам Бұхари риуаят еткен хадисте осы бір жақсы ісі үшін әрбір дүйсенбі күні Әбу Ләһәбтің азабы сәл жеңілдетілетіні айтылған.

Жалпы, қазақ халқында да осындай дәстүрлердің қалыптасуы, яғни хабар жеткізушіге сүйіншілік сый-сияпат беру осы аят-хадистер аясында шариғатпен құпталатындығына дәлел болса керек.

5бала:Төртіншіден, тахник жасау, яғни баланың таңдайын тәтті нәрсемен сүрту.

Тахник сөзі «құрманы шайнап, сонымен нәрестенің таңдайын сүрту» дегенді білдіреді. Шайналған құрманы саусақтың үстіне қойып, нәрестенің аузына салып, таңдайына жағып, уқалау. Егер құрма табылмаса, басқа да тәтті нәрсені қолдануға болады. Таңдай уқалаудағы мақсат - жаңа туған нәрестенің ауыз бұлшық еттерін нығайтып, емшек емуге дайындау болуы мүмкін. Бұл амалды салихалы тақуа, діндар адамдарға яки болмаса білімді ізгі кісілерге тапсырған дұрыс.

Сахаба Әбу Мұса әл-Ашъари өзінің ұлы туылғанда оны Пайғамбарға (с. ғ. с. ) апарады. Сонда Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) оның атын Ибраһим деп қойып, бір құрмамен таңдайын уқалап, береке тілеп, дұға жасайды.

Сондай-ақ, Әнәс ибн Мәліктен жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) Әбу Талханың ұлы туылғанда бірнеше құрманы шайнап, сосын оны нәрестенің аузына салып, таңдайын уқалаған. Содан кейін баланың атын Абдуллаһ деп қойған.

6бала:Бесіншіден, нәрестеге ат қою. Нәрестеге ат таңдауда да басты талаптар бар. Есім ғұмыр бойы онымен бірге болады. Егер есімі нашар болса, оған көптеген кедергілер, ыңғайсыздықтар тудырады. Ал бұл өз кезегінде баланың бойында есімін қойған адамға деген жеккөрушілік сезімін тудыруы мүмкін. Сондықтан, есім таңдағанда оны жан-жақты қарастырған жөн. Яғни, ол сөздің мағынасына, көркемдігіне, нәрестеге үйлесімділігіне, оның жас кезінде, есейгенде және қартайғанда жарасымды болуына аса назар аудару керек.

Нәрестеге ат таңдау негізі әкенің құқығына жатады.

Slide 6
Ұқсас жұмыстар
Халықтық педагогика
Сынып жетекшісінің қызметі
Сынып сағаттарын өткізу формалары
Халық тық педагогиканың тә рбиелік мә ні
Өнер құдіреті мәңгілік
Модульдың Сағат Сынып сағатының түрі мен мазмұны Уақыты құрылымы саны
Жаңа дәуірдің кемел келбеті
Тәрбие жүйесіндегі модульдік технология
Бір-халық, Бір-ел, Бір-тағдыр
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz