Ашығу


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

Семей қ. Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Ветеринарлық медицина кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: Ашығу

Орындаған: Сәрсебаев Б. Т.

ВМ 305

Тексерген: Нуркенова М. К.

Notes: қ

Slide 2

Ашығу - тағамның не оның құраушыларының жоқтығынан немесе жеткіліксіздігінен, сондай-ақ тағамның дұрыс қорытылмауынан болатын организмнің жағдайы. Ашығудың физиологиялық, патологиялық және емдік түрлері бар. Физиологиялық ашығу аңдардың қысқы ұйқы уақытында, балықтардың уылдырық шашу кезінде т. б. болатын қалыпты құбылыс. Патологиялық А. тамақ ішпегенде немесе астың құрамында кейбір заттар жетіспегенде, ас қорыту жүйесінің қызметі нашарлағанда болатын жағдай. Емдік ашығу семіздікті т. б. ауруларды тағам қабылдауды шектеу немесе толығымен тоқтату арқылы емдеу тәсілі ретінде қолданылады. Aштықпен емделу - физиология, биохимия, медицина саласының ғалымдары тарапынан көп зерттелген әрі бүгінгі күні Германия, Австралия, Жапония, АҚШ, Ресей секілді бірқатар өркениетті елдер кеңінен қолданып отырған өте тиімді емдік тәсіл. Зерттеуші Герберт Шелтон «Аштық тіпті өміріңізді де құтқарып қалуы мүмкін» десе, денсаулық сақтау мамандары қазіргі уақытта ғасыр індеті болып отырған «ішкі улануды» (эндотоксикоз) болдырмайтын бірден-бір емнің осы аштық екенін айтып дабыл қағуда.

Ашығу

Slide 3

Ол - белгілі бір мерзім аралығында ішіп-жеуден бас тарту арқылы емделу тәсілі. Аштықпен емдеу «Арылту-диеталық терапиясы» (разгрузочно-диетическая терапия - РДТ) ретінде медицина ғылымының емдеу-сауықтыру орталықтарында қолданысқа еніп кеткелі қашан. Ғылыми негізі де әлдеқашан дәлелденген. Тіршілік иелерінде ауырып не жараланғанда тамаққа тәбеті тартпайтын қасиет бар екендігі белгілі. Оған ағзадағы сақтану түйсігі итермелейді. Ондайда (жай кезде ас қорытуға жұмсалатын) өмірлік қуат жараланған орынға шоғырланып, сол жерді барлық зиянды заттардан аластайды, денені тазартады. Демек, ашығу арқылы аурудан арылу, денені улы заттардан тазарту - о бастан барлық тіршілік иелеріне тән қасиет.

Емдік ашығу

Slide 4

Аштықпен емделудің тарихы тереңде. Бұл емдеу тәсілін осыдан екі мың жыл бұрын көне Рим дәрігері Асклепиад та қолданған. Грек ойшылы Плутарх «Дәрі ішкенше екі күн ашыққаным артық» деген екен. Аштықпен емделудің артықшылығын мойындайтын осыған ұқсас деректерді көне үнді, қытай, жапон жазбаларынан да кездестіруге болады. «Каббала» деп аталатын еврейлердің құпия ғылымы мен мистикалық пәлсапасы да ашығуға оң көзқарас танытуда. Пифагор (б. з. д. VI ғасыр) өз шәкірттеріне математика мен пәлсапа ғылымының қыр-сырын үйретер алдында рухани тазару әрі ақыл-ой зеректігін арттыру мақсатында олардан 40 күн ашығуды талап ететін болған. Х-ХІ ғасырда шығыстың шарапатты дәрігері Ибн Синакөптеген ауруларды, әсіресе, шешек пен мерезге шалдыққандарды аштықпен емдеген. Буддалар өз алдына, Дәуіт пайғамбар күнара ауыз бекітсе, Иса мен Мұса пайғамбар 40 күн ораза ұстаған. Ал, Ислам дінінде 30 күндік парыз ораза бар екені бәрімізге белгілі. Оған қосымша, Мұхаммед пайғамбар (с. а. у. ) әр айдың 14, 15, 16-сы күндері, сондай-ақ әр аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндері жиі-жиі үзбей нәпіл ораза ұстаған. Әрі оны үмбетіне өсиет еткен. Парсының күнге табынушыларына 50 күн бойы ашығу таңсық болмаған. Тіпті, ол дәстүр әлі күнге Үндістанда да бар. Мәселен, Үндістанның рухани көсемі Махатма Ганди жиі-жиі ішіп-жеуден тыйылып тұруды ұнатқан. Ганди ашығуға денені тазалау мен емдік қана емес, рухани тазару, сана-сезімді дамыту тұрғысынан да баға берген.

Тарихы

Slide 5

Ашығу кезінде ағза қандай күй кешеді? Ашығу нәтижесінде венуланың қыл тамырлармен тоғысқан жерінде бос қуыс (вакуум) пайда болады. Ал, қылтамырлардың бос қуысы өз кезегінде қан айналымының қозғаушы күшіне айналады. Ендеше, бос қуыс - ол күш деген сөз. Ал, ашығу - сол бос қуысты жасау арқылы адам денесінің тұтастай қозғаушы күшін тудыру.

Арылту-диеталық терапиясы денені тазарту мен сауықтырудың ең тиімді тәсілі болып табылады. Сырттан тамақ қабылдау дереу тоқтаған жағдайда, дене сол уақытқа дейін жинап келген ішкі қосымша қорегін іске қосады. Бұл кезде дененің барлық бөлу жүйелері мен ішкі секреция бездері өте қарқынды жұмыс істейді. Бір ғана өкпенің өзінен газ тәрізді әр түрлі 150-дей уыт бөлінуі соның айғағы. Вегетативті жүйке жүйесі жанданады, адамның белсенділігі артады. Биохимиялық тұрғыда май мен бауырдың гликоген қосымшаларының ыдырауы реттеледі, қан құрамы өзгереді. Қан айналымы мен ас қорыту жүйелері жақсарады.

Әсері

Slide 6

Энцефалопатия (ми жүйесінің әлсіреуі) анықталса, қарттық шақ (60 жастан жоғары), дене әлсіреген кезде, соматикалық аурулардың қабынған кезінде, қандай да бір түрдегі қатерлі ісік белең алғанда, жүрек стенокардиясына, жүректің ишемиялық ауруларына, жүрек пен бүйректің органикалық ауруларына, қан айналымы мен тыныс алудың асқынған жағдайында, өткір құрт ауруына (туберкулез), бақшаңкөз (зоб), қан аурулары, жұқпалы полиартритке (бруцеллез) шалдыққанда.

Ашығуға болмайтын жағдайлар

Slide 7

Бір тәуліктік аштық ертеңгі астан ертесі күнгі ертеңгі асқа дейін немесе кешкі астан ертесі күнгі кешкі асқа дейін жүзеге асады. Бұл уақыт аралығында дистилляцияланған судан басқа ешқандай тағам қабылданбайды. 24 сағаттық бұндай аштық кезінде дисстиляцияланған су толы кесеге бір шай қасық лимон шырынын не шынашақтай бал қосу денедегі улы заттардың еруін тездетеді. Ол сізге күш беру мақсатында емес, қара судың тәтті дәмін келтіру әрі шырышты улы заттардың еріп, сіздің табиғи сүзбеңіз (фильтр) - бүйректерден жеңіл өтуіне жағдай жасаудан туындайды. Ашығу кезінде бүйрек өте үлкен қызмет атқарады. Дистиллияцияланған су ішу керектігі де содан. Қай мерзімдік болмасын ашығу аяқталғанда ең әуелі үгітілген сәбіз бен туралған қырыққабаттан жасалған жас көкөніс салатын жеу керек. Ол ішектерді өте жақсы тазалайды. Ішек-қарын жолының жұмысын жандандырады. Салаттан кейін бұқтырылған жас қызанақ секілді қуырылған көкөніс тағамын жеген жөн. Ашығуды ет, сүт, сыр, май, балық, жаңғақ түрлерімен аяқтаудың және бастаудың дұрыс еместігі қатаң ескертіледі. Ашығу емі қабылданғаннан кейінгі алғашқы тамақ салат не қуырылған көкөніс өнімі болуы міндетті. Ет секілді басқа да тамақ түрлері содан кейін ғана біртіндеп барып қабылданады.

Бір тәулік аштықты қалай өткеруге болады?

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
МАЙДАН АШЫҒУ
Ашығу мен тойынудың физиологиялық негіздері
Ашығу патологиясы
Фотоэффект құбылысын түсіндіру
Ұтымды тамақтану. Салмағы артық адамдардың тамақтану принциптері
Ашығу мен тойыну орталықтары
Бөлшектенген тамақтану диетасы
Май мен нәруыз алмасуының бұзылыстары
Майлар энергетикалық функциясынан басқа
ЖАНУАРЛАР ОРГАНИЗМІНДЕ ЗАТ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ(РАХИТ, ОСТЕОХОНДРОЗ)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz