Зат алмасудың типтік бұзылу патологиясы


Slide 1

Зат алмасудың типтік бұзылу патологиясы

Орындаған: Талапқанқызы М

Тексерген: Нуркенова М. К

Топ: ВС-203

Slide 2

Зат алмасу патологиясы

Зат алмасу - жер бетіндегі тіршілік негізі, өйткені кез келген организмнің тіршілік әрекетінің негізгі зат алмасу болып саналады. Малда зат алмасу процессі бір- бірімен тығыз байланысты екі процестен - ассимиляциядан және диссимиляциядан тұрады.

Ассимиляцияда, немесе анаболизм - организмге сыртқы ортадан келген қоректік заттардың процесі. Организмге түскен қоректік заттар, оның құрамына айналады. Олар клеткалардың, ткандар мен органдардың қалыптасуын және жетілуін, гормондар мен ферменттердің синтезделуін қамтамсыз етеді.

Диссимиляция, немесе катоболизм - күрделі органикалық заттардың ыдырап, көп мөлшерде энергия бөлу процессі ., Ассимиляциядан және диссимиляциядан процесі бір -бірімен тығыз байланысып, организм құрамын үнемі жаңартып отырады.

Slide 3

Зат алмасудың бұзылуы

Зат алмасудың бұзылуы кез келген аурудың негізін құрайды. Патологиялық жағдайда зат алмасудың көтерілуі немесе төмендеуі мүмкін. Зат алмасудың бұзылуы гипертиреозда, қызбада, лейкозда, полицитемияда, гипертонияда, миокардтың гипоксиясында, акромегалияда байқалады. Ми жарақаты, қан құйылу, ісіктер механикалық тітіркендіруге, зат алмасуды ұлғайтуға ұшыратуы мүмкін. Зат алмасудың кемуі гипотиреоз, анемия, Аддисон аурулары нефроз кезінде байқалады.

Slide 4

Зат алмасу бұзылуының типтері

Slide 5

Энергиялық алмасудың бұзылуы

Энергияның шығуы мен жиналуы көбінесе митохондрияларға байланысты және тканьдік тыныс алу процесінде полиферментті жиынтықтармен жүзеге асырылады. Организмдегі зат алмасу энергия алмасумен тығыз байланысты . Мұндай байланыс орталық нерв жүйесінің реттелу қызыметіне қатысты. Энергия алмасуды реттеуде мидың үлкен жарты шары ықпал етеді. Энергия алмасудың бұзылуы патогендік факторлар тікелей әсер еткен кезде, сондай -ақ зат алмасудың реттелуі бұзылған кезде энергиялық түрленудің әртүрлі сатысында пайда болуы мүмкін. Энергия алмасуының бұзылуы организмнің нервтік және гуморалдық жүйелерінің қызыметіне тәуелді.

Slide 6

Углевод алмасу патологиясы

Организмде синтезделетін және клеткаларда пайдаланылатын маңызды органикалық қосылыстар тобына углеводтар жатады. Углеводтар организмдегі негізгі энергия көзі болып саналады. Организмге қажетті энергияның шамамен 60-75 % углеводтар қамтамасыз етеді. Угевод алмасуы мын жағдайларда бұзылуы мүмкін:

Ішек және панкреатин сөлдерінде углеводтың нашар қортылуынан моносахаридтердің ішекте жөнді сорылмауы .

Аралық углевод алмасудың бұзылуы бауыр мен бұлшық еттерде гликогеннің синтезделуі әлсірегенде немесе белоктар мен майлардан глюкоза көптеп пайда болғанда білінеді.

Углевод алмасудың жеткіліксіз реттелуі тікелей орталық нерв жүйесі мен ішкі секреция бездері арқылы жзеге асырылады.

Slide 7

Майлардың сіңірілуінің бұзылуы

Ішектерде тағамдық май сіңірілуі үшін оның эмулсиялануы (лат. emulsus - сұйықта заттың ерімеген микроскопиялық тамшылары араласқан жағдайда сақталу түрі қажет.

Ұлтабарға ет түспеуі немесе оның тым аз түсуі майлардың сіңірілуіне тікелей әсер етеді. Өт жолдарының бітелуі, өт қабығының қабынуы (холецистит) және өт шығару үрдістерінің бұзылыстарымен сипатталатын бауырдың кейбір аурулары кездерінде тағамдық май эмульсияланбауынан сіңірілмейді. Осындай жағдай ұйқы-безінің ферменттері шығарылмағанда немесе тым аз шығарылғанында да байқалады. Сонымен қатар майлардың сіңірілуі бұзылуы ішек эиителийлерінің қызметі төмендегенде немесе ащы ішектің перистальтикасы күшейгенде болуы мүмкін.

Бұндай жағдайлар энтериттер, А және В гиповитамииоздар кездерінде байқалады. Майлардың ферменттік ыдырауының бұзылуы көмірсулар мен нәруыздардың ыдырауына теріс әсер етеді. Бұл жағдайларда нәруыздар майлармен қоршалып, оларға протеолиздік ферменттердің әсері әлсірейді.

Slide 8

Гликогенннің синтезделуі нәтижесінде ол азаюы немесе патологиялық күшеюі мүмкін. Гликоген синтезінің азаюы, гликогеннің пайда болуына қажетті АТФ қоры кемуінен гипоксия пайда болғанда байқалады. Гликоген синтезінің кемуі, оның ыдырауы күшейгенде, жеткілікті пайда болмағанда немесе осы факторлар үйлескенде білінеді. Гликоген жеткіліксіз болғанда ткань энергиясы май және белок алмасуға ауысады. Майдың тотығуы есебінен энергия пайда болуы үшін оттегі өте көп мөлшерде керек., ал жетіспеген жағдайда кетон денешіктері артық жиналып, улану басталады.

Синтездің бұзылуы

Slide 9

Орын толтыру, бейімделу процесінің морфологиялық көрнісі

Slide 10

Бейімделу (лат. adaptare - бейімделу) - ағзаның, сезім мүшелерінің ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге, орта жағдайына біртіндеп бейімделуі. Бейімделу үрдістері биологияның негізгі ұғымдарының бірі - гомеостазды сақтауға бағытталады. Гемостаздың тұрақтылығына тұқым қуалаудың жүйке және эндокрин жүйесінің, иммундық реактивтіліктің, тоқымаларды қайта қалпына келтіру процестерінде маңызы зор. Аурудың пайда болуы осы тұрақтылық қалпының бұзылып, организм мен қоршаған орта арасында жаңа қарым - қатынастар пайда болуына байланысты . Организм осы өзгерістерге қарсы күресумен қатар, оған бейімделе алады, ауру нәтижесінде әлсіреген не істен шыққан ағзалар функциясының орнын толтыруға әрекет жасайды. Осы процестерді еселеу компенсаторлы бейімделу дейді.

Slide 11 Slide 12

Регенерация

Slide 13

Регенарация (лат. Regeneratio- қайта туу, жаңару ) - өлген торшалардың, тоқыма элементтерінің, ағза қызметінің жаңарып, қайта қалпына келуін атайды. Көптеген бейімделу реакцияларының негізіне регенерация жатады. Организмде жүріп жатқан патологиялық процестер, ағза қызметінің бүзылуына, олай болса, торшалардың түрлі қүрылымдық өзгерістеріне алып келеді. Осы жойылған қүрылымдар өз қалпына келгенде ғана, ағза қызметін әрі қарай жалғап, қоршаған орта талаптарына сай әрекет ету мүмкіншілігіне ие болады.

Патологиялық регенерация реперативті регенерацияның бүрмаланған түрі. Әртүрлі факторлар әсерінде регенерация процесінің қалыпты барысы өзгереді: не ол жеткіліксіз болғандықтан жоғалған тоқыманың орны толмайды (гипорегенерация), не шамадан тыс өсіп кетеді (гиперрегенерация) . Кейбір жағдайда бір тоқыманың орнын екінші тоқыма басады (метаплазия) .

Slide 14

Гипертрофия және гиперплазия


Ұқсас жұмыстар
Жылу реттеу патологиясы
Жасушалар мен тіндер патологиясы
Көмірсу алмасудың диагностикасы
Патогенез
Ас қорыту жүйесі мен зәр шығару жүйесінің патологиясы
ЗАТ АЛМАСУДЫҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ
Клеткалар мен тканьдердің патологиясы
Ашығу патологиясы
Өткізгіш жүйенің жасушалары және жүрек аурулары
МАЙДАН АШЫҒУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz