«Экономика, өндірісті ұйымдастыру және менеджмент»




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖЕНЕРЛІК - ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

«Экономика, өндірісті ұйымдастыру және
менеджмент» пәнінен
СӨЖ №4
Тақырыбы:Баға және баға жасау

Орындаған: Берікбекова Лаура
ХН-221
Оқытушы: Турусбекова А. С.
Баға және баға белгілеу нарықтық
экономиканың негізгі элементтерінің бірі
болып табылады. Баға – күрделі
экономикалық категория. Бағада іс жүзінде
экономиканың жалпы коғам дамуының
барлық негізгі мәселелері түйінделген және
шоғырланған. Бұл тауарларды өндіру және
сатып өткізу, олардың кұнын қалыптастыру
жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) мен ұлттық табысты
құру, бөлу мен пайдалануға қатысты болады.
Баға белгілеу – тауарлар мен көрсетілген
қызметтерге бағасын қалыптастыру процесі.
Өмірде баға белгілеудің мынадай мақсаттары
қойылады:
• Нарықта қалуды қамтамасыз ету;
• Пайданы мейлінше молайту;
• Нарық үлесін жаулап алу;
• Тауар сапасы бойынша берілген нарықта
жетекші (лидер) орынды алу.
Баға белгілеудің негізгі екі моделін бөліп
көрсетуге болады:

қандай да бір тауар орталықтандырылған
нарығында сатып мемлекеттік баға
алушылар сұранысы белгілеу – шығындық
баға белгілеу
мен сатушылар шеңберінде өндіріс
ұсынысы арасында пен айналым
өзара әрекет шығындары қойылу
ету негізінде арқылы бағаларды
нарықтық баға мемлекеттік
белгілеу. мекемелердің бағаны
анықтауы.
Бағаның тауар құнынан жоғары
немесе төмен қарай ауытқуларын
анықтайтын факторлар өндірушінің
өзіне, басшылары мен ұжымның
қызметіне байланысты, ішкі және
кәсіпорынға тәуелді емес сыртқы
факторлар болып екіге бөлінеді.
Ішкі факторлар:

жарнама деңгейі (ол қаншама тартымды да ұтымды болса, өндіруші
бағаны да соншалыкты көтере алады);
өндірілген өнімнің ерекшелігі, (оның өңделу деңгейі қаншалықты
жоғары, сапасы ерекше болса, бағасы да соншама жоғары болады);
өндіріс процесінің ерекшеліктері (аз көлемде шы ғарылатын ж әне
жеке өндіріс өнімдерінің өзіндік құны және осыған сәйкес, бағасы
да жоғары болады; жаппай өндірілетін тауарлардың шығыны
салыстырмалы түрде төмен болғандықтан, өнімдердің бағасы да
онша жоғары болмайды);
өндірушінің нарықтық стратегиясы мен тактикасы (бір немесе
бірнеше рынок сегменттеріне бағытталған);
өнімнің өмірлік кезеңдерінің ерекшеліктері;
өндірістік процестің жинақылығы;
тауардың өндірушіден түтынушыға дейін жетуінің ұзақтылығы;
сату және сатқаннан кейінгі кезеңде сервис қызметін ұйымдастыру;
өндірушінің ішкі және сырткы нарықтардағы имиджі.
Сыртқы факторлар:

тауар өндірілетін ел мен кәсіпорын өнімдерін сататын
елдердегі саяси тұрақтылық;
еркін нарықта кандай да бір кажетті ресурстардың
(еңбек, материалдык, қаржылық) болмауы;
мемлекет жүргізетін экономикалық саясаттың сипаты;
инфляцияның деңгейі және динамикасы;
Нарық көлемі;
әрекет етуші және болашақтағы сатып алушылық
сұраныстың көлемі мен ерекше белгілері;
біртекті өнімді өндірушілер арасында бәсеке болуы және
оның деңгейі
Еркін бағалар (нарықтық бағалар) – осы нарықтағы қалыптасқан
сұраныс пен ұсыныс негізінде өнімдер мен қызмет көрсетуге
өндірушілердің орнататын бағалары. Еркін бағаға жататындар:
• сұраныс бағасы – сатып алушы нарығында қалыптасатын бағалар;
• ұсыныс бағасы – сатушылардың ресми ұсынысында көрсетілетін
шегерімсіз нарыктық баға;
• өндіріс бағасы – барлық авансыланған капиталға орташа пайданы
қосу арқылы өндіріс шығындары негізінде анықталатын баға;
• реттелетін бағалар – мемлекеттік басқару органдары орнататын
бағалар. Реттелетін бағалар кепілді және кепілдемелі, ұсынылатын,
шектеулі, төменгі қорғаныс болады. Реттелетін бағалардың
арасынан шектелуі бағалар мен бекітілген бағаларды бөліп
көрсетіледі:
• шектеулі бағалар – кәсіпорындар, белгіленген бағадан жоғары
деңгейде баға белгілей алмайтын бағалар;
• бекітілген бағалар – белгілі деңгейде қойылатын бағалар. Олардың
өзгеруі бекіткен нарық субъектісінің немесе органының шешімімен
ғана болуы мүмкін.
Тағайындау және бекіту әдісі бойынша.
Бұл бағалар шарттарда, келісім-шарттарда анықталады. Оларды ң арасынан
мыналарды бөліп көрсетуге болады:
• қатаң баға (тұрақты) – шартқа қол қойылған кезде, қойылатын және
осы шарт, келісім-шарт, келісім бойынша өнімді жеткізу мерзімі
аяқталғанша өзгертілмейді.
Тұрақты баға келесі мәмлелерде қолданылады:
— өнімді жедел жеткізу;
— өнімді қысқа мерзімде жеткізу;
— ұзақ мерзімде тоқтаусыз жеткізу.
• жылжымалы баға – егер шартта айтылғандай, оны орындау кезінде
нарықтық баға өзгерсе (жоғарыласа немесе төмендесе), онда келісілген
баға деңгейі қайта қаралуы мүмкін болады;
• сырғымалы баға – ұзақ дайындау мерзімін талап ететін бұйым дарға
қойылатын баға. Өнімді дайындауға қажет уақыт кезеңіндегі өндіріс
шығындарындағы өзгерісті есепке ала отырып, бастапқы шарт бағасын
қайта қарау арқылы шарт орындала бастаған кезден бастап есептеледі.
Уақыт факторын есепке алу бойынша келесі баға түрлері анықталады:
— тұрақты баға — әрекет ету мерзімі алдын-ала анықталмаған ба ға түрі.
— маусымдық баға – маусымдық тауарлардың сипаттағы сатып алу немесе
бөлшек бағаларының түрлері;белгілі бір уақыт ішінде әрекет етеді ж әне
бастапқы сату бағасына жеңілдіктер қолдану арқылы анықталады;
— сатылы баға – белгілі уакыт мерзімдерінде алдын-ала анықталған т әртіп
бойынша біртіндеп төмендетілетін баға түрі.
Баға деңгейі туралы аппарат алу тәсілі бойынша:
— анықтамалық бағалар – каталогтарда, прейскуранттарда, экономикалық
журналдарда, анықтамалар мен арнаулы экономикалық шолуларда
жарияланады;ұқсас өнімге баға қою кезінде бағдарлық ақпарат ретінде немесе
бағалардың деңгейлері мен арақатынастарын талдау үшін пайдаланады;
— прейскуранттық баға – сатушы фирмалардың прейскурантарында
жарияланатын аныктамалық баға түрі.
— есеп айырысу бағасы – жеке тапсырыс бойынша өндірі стандартты емес
құрал-жабдықты дайындау туралы шарттарда, келісім-шарттарда қолданылады;
— жеткізуші әрбір жеке тапсырыс бойынша, оның техникалық ж әне
коммерциялыкқ жағдайына есептеп дәлелдейді.
Баға стратегиясы
Дұрыс құрылған баға стратегиясы туристік өнімнің
бәсекелестік қабілетіне және нарықта ұзақ болуына әсерін
тигізеді. Нарықтың жағдайын ескере отырып, мекеме өзіне де
және тұтынушыларға да тиімді бағаларды ұсынады. Ол үшін
мекеме баға стратегиясын қалыптастырады.

Баға стратегиясын қалыптастыру кезеңдері:

бағаға әсер ететін сыртқы факторларды анықтау;
бағаның қалыптасуы;
баға қалыптасуының әдістерін таңдау;
мекеменің баға стратегиясын анықтау.
Баға шегерімдерінің келесі негізгі түрлері болады:
Сконто – бұл сатып алушы тез арада (оперативті) және ақшалай
төлем жасағанда берілетін баға шегерімі.
Жеңілдетілген баға – белгілі бір өнімдерге жеке тауар
нарықтарында немесе жеке тұтынушы топтарына сатуларды
ынталандыру үшін қойылады.
Сатып алынатын тауар көлемі үшін шегерім – сатып алынатын
бірдей тауардың көлемі неғұрлым жоғары болса, оның бағасы
белгілі бір пайызға төмендетіледі.
Жалпы (қарапайым) шегерім. Прейскураннты немесе
анықтамалық бағадан жасалынады. Көбінесе 20-30 %, кейде 40
пайызға дейін қойылады. Бұл шегерімдер кеңінен құрал-
жабдықтарды сатуда немесе өнеркәсіптік шикізатты өткізгенде
қолданылады (2-5 пайыз). Сконто шегерімін осы қарапайым
шегерімге жатқызуға болады.
Айналым үшін шегерім, бонусты шегерім. Тұрақты
тұтынушыларға арнайы келісім негізінде жасалынады. Келісім
шартта бұл жағдайда шегерімдер шкаласы қолданылады (айналым
көлеміне қарай).
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г.
Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 1996 г., 268-284 б
2 Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика»,
2000 г., 267-284 б.
3 «Баға жасау» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер
жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.:
2005, 17-19 б.
4 Ценообразование/учебно-практическое пособие/П.Н. Шуляк. М.: 2000.
5 Баға және оның жасалуы/ Жабайхан Кайкен/ Оқулық құрал.
Семей.:2002.

Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДА МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ДАМУЫ
Менеджмент ғылымы
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ
МЕНЕДЖМЕНТ ТҮСІНІГІ. МЕНЕДЖМЕНТ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Менеджмент туралы
Менеджменттің теориясы мен практикасы
Экономикалық басқару
Өндірісті ұйымдастыру
Басқару ғылымының пәні мен әдістері
Стратегиялық жоспарлаудың тиімділігін арттыру
Пәндер