Статистика ұйымдастырылуы міндеттері




Презентация қосу
СТАТИСТИКА АГЕНТТІГІНІҢ
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ ЖӘНЕ
ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ.

Орындаған:Канагат
Акерке,Каримханова Кымбат
Тексерген:Серекбаева Б.С.
ЖОСПАР:

1)БІРТҰТАС ЕСЕП ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ СТАТИСТИКА.

2)СТАТИСТИКА ОРГАНЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ.

3)МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА
АГЕНТТІГІНІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН АТҚАРАТЫН
ҚЫЗМЕТТЕРІ.
БІРТҰТАС ЕСЕП ЖҮЙЕСІ
ЖӘНЕ СТАТИСТИКА
Нарықтық экономикаға өту кезеңінде республикада
болып жатқан әлеуметтік- экономикалық
құбылыстар мен процестер туралы және оларды ң
даму немесе кему жағдайын анықтау үшін; жалпы
мемлекеттік саясаттың жүргізілуі мен орындалуын
қамтамасыз ету үшін; көп салалы халы қ
шаруашылығын басқару үшін түрлі статистикалы қ
мәліметтер қажет. Мұндай мәліметтер
кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің
және шаруашылықтардың және т.б. Әр түрлі
есептеу жолдары арқылы, яғни оперативтік
жедел, бухгалтерлік және статистикалық есеп
беру жүйелері арқылы жинақталады, өңделеді
және оған талдау жасалады.
.

ОПЕРАТИВТІ ЖЕДЕЛ НЕМЕСЕ ОПЕРАТИВТІ-
ТЕХНИКАЛЫҚ ЕСЕП

Оның мақсаты сол кәсіпорындардың,
шаруашылықтардың, бірлестіктер мен
ұйымдардың бөліктері мен цехтарында
болған жұмыс көрсеткіштеріне, яғни
өндірілген өнімдер мен оның сапасына;
жартылай даярланған фабрикаттар мен
тетіктердің дайындалуына, шикізаттар мен
материалдың жұмсалуына; еңбек
құралдарының қолданылуына және басқа
да операциялардың жүргізілуіне
күнделікті бақылау жасау үшін
жүргізіледі. Оперативті жедел есеп арқылы
алынған көрсеткіштер күнделікті
орындалған шаруашылық
операцияларының жұмыс бабын, олардың
дұрыстығын қадағалап отыру және
басшылық жасау үшін қолданылады.
Оперативті есептің көрсеткіштері
бастапқы құжаттар бойынша немесе
телеграф, телефон арқылы жинақталады
және онда бухгалтерлік есеп беру
формасында ашық көрсетілмейтін негізгі
мәліметтер қамтылады. Сондықтан оны
дер кезінде берілетін жедел есеп деп те
атайды.
Бухгалтерлік есеп.
Есептің бұл түрі барлық кәсіпорындарда,
мекемелер мен ұйымдарда, шаруашылықтар мен
бірлестіктерде, шағын және жеке кооперативтар мен
ұжымдарда жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп арқылы
әрбір кәсіпорындар, мекемелер және т.Б. Бойынша
ақша қаражаттарының қозғалысын, өндірілген
өнімнің өзіндік құнын, материалдық шығындар
мен оның пайдаланылуын, еңбек ақы мөлшерін,
кіріс пен шығыс және т.Б. Көрсеткіштердің нақты
есебі жүргізіледі. Бұл есепте көрсетілген
көрсеткіштер ресми құжаттарға сүйеніп
жинақталады және оған экономикалық талдау
жасалынып, қорытындыланады.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты жүйелі
түрде біріңғай ережелер мен әдістерді қолдана
отырып, шаруашылық операциялары туралы
мәліметтер жинайды. Басқаруға қажет болатын
көрсеткіштерді өз ішінде қолданады және сол
арқылы белгілі бір шешімдер қабылдауға
көмектеседі. Есептің негізгі әдістеріне бухгалтерлік
баланс, тіркеу, бағалау, калькуляциялау жатады. Ең
бастысы, құжаттылық принципін сақтай отырып,
екі жақты жазу ережесіне сай жүргізілетіндігі
СТАТИСТИКАЛЫҚ ЕСЕП.
Бұл есепте қоғам өміріне болып жатқан
әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен
процестердің барлық сандық көрсеткіштері мен
сапалық жақтары есепке алынады, жинақталады,
өздеріне тән белгілеріне қарай әр түрлі топқа
бөлінеді және оған талдау жасайды. Бұл есептің
негізгі мақсаты халық шаруашылығы салаларын
дұрыс басқарып, материалдық игіліктерді өндіру
және бөлуге бақылау жасау үшін қажетті
мәліметтерді жинақтап, өңдеп дер кезінде үкімет
қарауына беріп отыру. Статистикалық есепте
көрсетілетін көрсеткіштер бухгалтерлік және
оперативтік жедел есептер арқылы тиісті құжат
бойынша жинақталады.
Статистикалық есептің басқа есептермен
салыстырғанда өзіне тән ерекшеліктері мен
есептеу әдістері бар. Олар мәліметтерді жинау,
топтау, өңдеу, талдау және нақты, қатысты,
орташа шамалармен бірге индекстік, графикалық,
баланстық, корреляциялық әдістерді
қолданатындығында.
СТАТИСТИКА ОРГАНЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ.

Қазақстан республикасында статистика органы алғашқы рет 1919 жылы «далалы қ
өлке» статистикасы басқармасы ретінде құрылып, оның міндеттері мен қызметтері
туралы ереже бекітілді.Одан кейін статистика органы ұйымдастыру ж үйесінде
бірнеше рет өзгерістер болды:
1930 жылы статистика басқармасы жоспарлау комитетімен бірікті ж әне ол халы қ
шаруашылығындағы есеп басқармасы болып саналды.
1931 жылы жоспарлау комитетінің жанында ғы орталы қ халы қ шаруашылы қ есеп
басқармасы болып қайта құрылды.
1941 жылы қайтадан статистика бас қармасы комитеті болып өзгертілді.
1948 жылы қр министрлер советі жанында ғы орталы қ статистика бас қармасы
болып қайтадан ашылды.
1987 жылы статистика жөніндегі мемлекеттік комитет болып өзгертілді.
1995 жылы статистика мекемесіне талдау қосылады. Сонымен ҚР статистика ж әне
талдау жөніндегі мемлекеттік комитет болып құрылды.
1996 жылы ол комитет ҚР ұлттық статистика агенттігі болып қайта
ұйымдастырылды. Ұлттық статистика агенттігі статистикалы қ м әліметтерді
жинау, талдау, өңдеу жұмыстары бірыңғай принципке сай орта қ ба ғдарлама ж әне
әдістеме бойынша қабылданған ережеге сәйкес өз қызметтерін ж үзеге асырады.
 
МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА
АГЕНТТІГІНІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН АТҚАРАТЫН
ҚЫЗМЕТТЕРІ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18- қа ңтарда ғы қаулысы бойынша Қаза қстан
Республикасының Ұлттық статистика агенттігі туралы Ереже бекітілген. Ережеге с әйкес
статистика органдарының жұмыстарының ұйымдастырылуы, оны ң негізгі міндеттері мен
қызметтері көрсетілген.
Қазақстан республикасының ұлттық статистика агенттігінің негізгі міндеттері:
- Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып республикада болып жатқан
экономикалық және әлеуметтік процестер мен олардың даму үрдісін жан-жа қты
зерделеу, қорыту мен талдау, статистика саласындағы жалпы мәліметтік саясатты ң
жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз ету;
- Қазақстан республикасын егемен мемлекет ретінде сипаттайтын статистикалы қ
көрсеткіштердің тұтастығы, объективтілігі және жеткіліктілігін қамтамасыз ету;
- Халықаралық ережелер мен стандарттарға сай статистикалы қ деректерді ң
әдістемелік салыстырмалылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ж үзеге
асыру;
- Мемлекеттік өкімет пен басқару органдарын, қоғамға жүйелі түрде республикада
болып жатқан әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы
мәліметтер, статистикалық ақпаратты тарату, халықаралық статистикалық
ынтымақтастық орнықтыру және өзара статистикалық ақпарат алмасып отыру.
ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА АГЕНТТІГІНІҢ
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ.
Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі жүктелген
міндеттерге сәйкес мынадай шараларды жүзеге асырады:
1)Статистикалық заңдар мен нормативтік актілердің жаңа жобаларын жасайды;
2)Санақ және ішінара бақылау түрінде жүргізілетін статистикалық бақылау
ұйымдастырады;
3)Елдегі статистикалық қызметті үйлестіреді.
Мемлекеттік Ұлттық статистика агенттігінің құқықтары мынадай:
қаржы, банк, кеден, құқық қорғау және өзге де органдар мен қызмет
орындарын қосқанда, меншік түрі мен ұйымдарқұқықтық нысанына
қарамастан, ел аумағында жұмыс імтейтін заңды тұлғалармен жеке
кәсіпкерлерден, одан тысқары жерлерден, жұмыс істейтін резиденттерден
статистика агенттігі белгілеген көлемі мен мерзімінде дұрыс статистикалық
деректер алуға;
халық арасында статистикалық бақылау жүргізуге және азаматтардан
статистика мақсаты үшін қажетті деректерді алуға;
қажет болған жағдайда статистикалық деректердің дұрыстығын тексеруге
және т.б. құқықтары бар.
ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒ
А РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Статистика агенттігінің ұйымдастырылуы,міндеттері
Статистикалық агенттігінің ұйымдастырылуы және оның міндеттері
Статистика агенттігінің ұйымдастырылуы және оның міндеттері
Статистика органының Қазақстанда ұйымдастырылуы және статистикалық бақылау туралы жалпы түсінік
Статистика агенттігінің ұйымдастырылуы және оның зерттеу міндеттері
Статистика пәні және оның міндеттері
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫС ҚАБІЛЕТТЕРІНІҢ ЖӘНЕ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Статистика ұғымы
ШЫҒЫС ЖЕКПЕ-ЖЕГІМЕН АЙНАЛЫСАТЫН СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЖЫЛДАМДЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Аралық талдау
Пәндер