Рокфеллер Джон Дэвисон




Презентация қосу
Рокфеллер Джон Дэвисон (1839-1937) — америкалық магнат-
кәсіпкер әрі филантроп. АҚШ мұнай индустриясында үстемдік
құрған әрі ең алғашқы ірі тресттердің бірі Standard Oil
компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Компания шары қтау
шегіне келген кезде бүкіл өндірістің 90% бақылап отырған. Ол
мұнай индустриясына революциялық өзгерістер енгізді, сонымен
қатар Эндрю Карнеги сынды алдыңғы қатарлы өндірісшілермен
бірге қазіргі заманғы филонтропия жүйесін құрды. 1870 жылы өзі
негізін салған Standard Oil компаниясында 1897 жылы зейнетке
шыққанға дейін қызмет атқарды.
Рокфеллер бұл компанияны бауыры Уильям, сонымен қоса Генри
Флаглер, Джабез А. Бостуик, химик Сэмьюэл Эндрюс және дауыс
бере алмайтын Стефан Харкенстермен бірге Огайо штатында
серіктестік ретінде құрды. Керосин мен бензинні ң бағалы ғы
артқан сайын оның да байлығы көбейе түсіп, әлемдегі ең бай адам
және алғашқы «долларлық» миллиардер атанады. Ол қайтыс
болған 1937 жылғы оның байлығы $336 млрд (инфляцияны
қосқандағы 2007-жылғы эквивалент) немесе АҚШ ІЖӨ-нің 1,54%
құрады. Тарихтағы ең бай адам тізімінде 1-орын тиесілі.
Өмірінің соңғы 40 жылын Кикуиттегі (Уэстчестер графтығы, Нью-
Йорк) иелігінде зейнетте өткізді. Оның байлығы негізінен жүйелі
әрі бағытталған филонтропияға жұмсалды: медицина, білім беру
және ғылыми зерттеулерді (соның ішінде амарилезз және
анкилистомозға қарсы) қолдайтын қорлар ашты.
Сонымен қатар, Чикаго және Рокфеллер университеттерінің негізін
қалап, Орталық Филиппин Университетінің құрылысын
қаржыландырды. Салауатты өмір салтын ұстанып, табак және
алкогольге толықтай қарсы болған.
Өмірбаяны
Алаяқ Уильям Эйвери "Билл" Рокфеллер (13-қараша 1810 - 11-мамыр 1906) ж әне Элайза Дэвисонны ң
(12-қыркүйек 1813 - 28-наурыз 1889) отбасындағы екінші с әби ж әне бірінші ұл. Одан б өлек Люси
(1838-1878), Кіші Уильям (1841-1922), Мария (1843-1925), егіздер-Франклин (Фрэнк) (1845-1917) ж әне
Фрэнсис (1845-1847) сынды бауырлары болған. Әкесі жағынан ағылшын ж әне неміс, анасы жа ғынан
шотланд және ирланд қаны тарайды. Билл ең алдымен ағаш кесуші, сосын ша ғын алып-сатарлы қпен
айналысқан. Алайда өзін "ботаникалық дәрігермін" деп атап эликсирлер сатқан. Жергілікті халы қ мінезі
бір түрлі, бірақ көңілді жүретін оны "Үлкен Билл" не "Шайтан Билл" деп ата ған. К өпшілік оны
қоғамдық моральға көнбейтін, қаңғыбастық өмір кешетін, үйіне сирек қонатын адам ретінде білген.
Бүкіл өмірінде көлеңкелі істермен атағы шыққан. Джонның туылуынан 1 жыл б ұрын өз үйіндегі
экономкасы/көңілдесі Нэнси Брауннан Клоринда есімді (1838-?, жастай өлген) ж әне 1 жылдан кейін
Корнелия (ш. 1840-?) есімді қыздары болады.
Үй шаруашылығын мойнына алған иманды баптист Элайза күйеуі ұза қ уақыт қа жо ғалып кеткен
кездерде үйдің тұрақтылығын сақтауға тырысып оның екінші әйелі мен сансыз "ж үрістеріне" де
көнеді. Тумысынан үнемшіл Элайза ұлына "Әдейі жасалған шы ғын қажеттілік болып оралады" деп
айтатын болған. Жас Рокфеллер өз ақшасын күнделікті үй шаруаларын жасаумен, сондай-а қ к үркетауы қ
бағып, картоп және кәмпит сатып, ең соңында көршісіне азғантай ақшаны несиеге беру ар қылы
табады. Ол әкесінің "ыдысы бос адамға тамақ сат" деген ке ңесіне еріп, үнемі келісімді өз пайдасына
шешіп отырды. Бірде Билл "Мен кез келген сәтті пайдаланып балаларымды алдауға тырысамын. Себебі
олардың есепшіл болғанын қалаймын." деп мақтаныпты.
Оның кішкентай кезінде, отбасы Моравияға (Нью-Йорк), ал 1851-жылы Овего ға к өшеді. Сол жерде
Рокфеллер Овего Академиясында оқиды. 1853-жылы оны ң отбасы Кливлендті ң жанында ғы
Стронгсвильге көшіп келгеннен кейін Кливленд Орталы қ Орта Мектебінде о қиды. Артынан Фолсом
Коммерциялық Колледжінің 10 апталық бизнес-курсында есепшілік негіздерін үйренеді.
Әкесінің алыстығына және жиі көшулерге қарамастан жас Джон өзін сабырлы, тәрбиелі ұстады,
сабаққа құлшынысы мол болды. Замандастары оны тұйық, айтқанынан қайтпайтын, иманды, істерін
жүйелі атқаратын, ақылды жігіт ретінде сипаттайды. Ол өте жа қсы пікірталасшы болды ж әне өз ойын
тіке айтатын. Сондай-ақ ол музыканы қатты сүйді және болашақта музыкант болу мүмкіндігін де
қарастырды. Ертерек ол аналитикалық қасиеттері мен бухгалтерлік есепке жүйріктігін аны қ к өрсетті.
Standard Oil құрылуына дейінгі мансабы
Есепші ретінде
1855 жылы Қыркүйек айында 16 жасар Рокфеллер өзінің ең
алғашқы жұмысын кішкентай Hewitt & Tuttle фирмасында
есепшінің көмекшісі ретінде бастады. Ол күніне ұзақ уақыт жұмыс
істеп, және кейін өзі еске алғандай, "кеңседегі барлық әдістер мен
жүйелерді" үйреніп алғанына қатты қуанады. Әсіресе кейінгі
мансабына көп көмегін тигізген транспорттық шығындардың
есебін жетік меңгерді. Алғашқы 3 ай жұмысынан $50 (күніне 50
центтен) табады. Жас кезінде Рокфеллердің ең ірі амбициялары
$100,000 тауып 100 жасқа дейін жету болыпты.

Мұнай кәсіпкерлігін бастау
1866-жылы інісі Кіші Уильям Рокфеллер Кливлендте басқа бір МӨЗ-
ын ашып, Джонды серіктестікке қосты. 1867-жылы серіктестікке
Генри М. Флаглер кірген соң Rockefeller, Andrews & Flagler фирмасы
құрылды. 1868-жылға қарай Рокфеллердің табысты
реинвестициялауы, шығындарды бақылап, зауыт қалдықтарын
іске жаратуы арқылы фирма Кливлендтегі 2 МӨЗ-ын және Нью-
Йорктегі маркетингтік филиалды иеленді; бұл әлемдегі ең ірі МӨЗ-
ы болды. Rockefeller, Andrews & Flagler фирмасы Standard Oil
компаниясының құрылуының іргетасын қалады.
Кәсіби серіктестік
1859-жылы серіктесі Морис Б. Кларк екеуі $4000 капиталмен өндіріс делдалдығын
бастады. Осы кезден бастап Рокфеллер мансабы жыл сайын жоғарылай береді. Азық-
түлік тауарларының көтерме саудасынан кейін 1863-жылы серіктестер Кливлендтің
дамып келе жатқан "The Flats" өндірістік аймағында мұнай өндеу зауытын (МӨЗ)
салады. Зауытты Рокфеллер, Кларк және оның 2 бауыры, химик Эндрюстен тұратын
Andrews, Clark & Company тікелей иеленді. Коммерциялық мұнай өндірісі енді ғана
пайда болған кез еді. Кит майы қарапайым халық үшін тым қымбат болды, сондықтан
жалпы қажеттіліктерге арналған арзан жағармай қажет етілді.
Інісі Фрэнк Азамат Соғысында жүргенде, Рокфеллер кәсібін жалғастырып, ауысқан
сарбаздарды жұмысқа алды. Соғысқа бармаған Солтүстік байлары секілді ол да
Одаққа ақша берді. Құлдықты жою қозғалысының мүшесі болғандықтан Авраам
Линкольнге дауыс берді және сол кезде жаңа құрылған Республикалық Партияны
қолдады. Ол "ақшаны маған Құдайдың өзі берді" дейді, және Джон Уэслидің
"Қолыңнан келгенше жина, қолыңнан келгенше сақта және қолыңнан келгенше бер"
деген сөздерін негізге алып ақшаға келгенде өзін жеңіл сезінді.
1865-жылдың Ақпанында, кейін мұнай өндірісі тарихшысы Дэниель Ерген "түбегейлі
өзгеріс әкелген іс" атаған, Рокфеллердің аукционда $72,500 төлеп ағайынды
Кларктердің үлесін сатып алуы өтті. Компания атауы Rockefeller & Andrews болып
өзгертілді. Өзі "Бұл менің болашақ мансабымды анықтаған күн еді" деп мойындайды.
Ол соғыстан кейінгі экономикалық өсімді, теміржол және мұнай арқылы жүргізілген
батысқа бағытталған ұлы дамуды жақсы пайдалана білді. Ол табыстың көп бөлігін
реинвестициялауға жұмсады, тез өзгергіш нарыққа жақсы бейімделді және жақсы
дамып келе жатқан өндірістерге бақылаушылар қойды.
Миллиардер Джон
Рокфеллердің өмірден тоқыған ең маңы
зды
20 саба
1. Мен 100 пайыз өзімні ғы
ң күш-жігерімнен гөрі 100 адамның 1 пайыз к үш-
жігерінен пайда тапқанды қалар едім.
2. Күндіз-түні жұмыс істеген адамның ақша табуға уақыты жоқ.
3. Бедел жинаңыз, ертең ол Сізге жұмыс жасайтын болады.
4. Қайсарлықтың арқасында дұрыс болсын, бұрыс болсын, жақсы болсын,
жаман болсын – барлығы орындалады.
5. Бизнеске негізделген достық достыққа негізделген бизнестен арты қ.
6. Адамдармен қарым-қатынас жасай білу – ол қант немесе кофе сия қты
сатып алуға болатын тауар. Сондықтан мен сондай қабілетке д үниедегі бас қа
нәрселерден артық төлеймін.
7. Әзіл айту мен қарыз алу кенет болу керек.
8. Егер бай болу Сіздің жалғыз мақсатыңыз болса, онда ол еш қашан
орындалмайды.
9. Маған ойланатын адамдар емес, жұмыс істейтін адамдар керек.
10. Ақша табу жолы – көшеде қан төгіліп жатса да сатып алу.
11. Құдай менің ширақ қимылдап, барлық күш-жігерімді салатынымды
білгендіктен табысты болуымды және кез-келген жерде пайда табатынымды
сездім.
12. Жақсы басқара білу – ол орта қабілетті адамдар ға ерекше адамдарды ң
жұмысын қалай істеуге болатынын көрсету.
13. Мен әрқашан кез-келген сәтсіздікті мүмкіндікке айналдыруға тырыстым.
14. Бәрін білетін адамнан ынтасы бар адамды жұмысқа қабылдар едім.
15. Жетістіктің кез-келген түріне қайсарлықтан басқа маңызды қасиет бар
деп ойламаймын.
16. Ақша үшін ақша табуға барлық уақытын арнаған адамнан сұмырай және
бейшара жанды білмеймін.
17. Мен бұл өмірде маңдайыма не жазғанын ешқашан білген емеспін, бірақ
бір ҰЛЫ іске жаратылғанымды әрқашан білдім.
18. Үлкен шығындардан қорықпау керек. Аз пайдадан қорқу керек.
19. Менің қандай нәрседен рахаттанатынымды білесіз бе? Ж ұмса ған күш-
жігерімнің пайда алып келгенін көру.
20. Сіздің әл-ауқатыңыз Сіздің шешімдеріңізге байланысты.
Джон Рокфеллердің ұстанымдары
Адамзат тарихында ең бай адам Джон Рокфеллер болып саналады. Оны ң
байлығын бүгінгі бағамен есептесек ол 200 млрд. долларды құрар еді.
Қомақты сома. Бұл дегеніңіз бүкіл Қазақстанның 2012 жылғы жалпы ішкі
өніміме пара-пар. Рокфеллер еңбек қызметін қарапайым есепшіден бастап,
1916 жылғы 29 қыркүйекте алғашқы долларлық миллиардер атанды.
Бизнеспен айналысу барысында Джон Рокфеллер өзіні ң белгілі бір
ұстанымдарына берік болды. Бұл қағидаттар байлығын са қтап қана
қоймай, оны көбейтуге септігін тигізді.
Назарларыңызға рахмет!!!

Орындаған:МЕРЕЙ Ж
Тексерген:Алимжанова А.М

Ұқсас жұмыстар
Рокфеллер Джон Дэвисон туралы ақпарат
Джон Дэвисон Рокфеллер
Конфликт психологиясыны
Тұлғааралық қарым қатынастардың жалпы заңдылықтары
Сұхбаттасушыға ешқашан
Психологиялық түсінік бойынша - Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект
Чек лист
Европалық модель Аралас модель
Венчурлы капитал
СНЕVRON
Пәндер