Тәрбие сағаты
Презентация қосу
Тәрбие
сағаты
Орындаған:БайдолдинаД.Е.
Топ: Т-441
Тақырыбы: «Жан қазынасы - адамгершілік
негізі»
Мақсаты: Білімдік - танымдық: Оқушылардың
білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, діни
бағыттағы сауаттылығын жетілдіру арқылы
сөйлеу тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін
шыңдау. Әр ортада өздерінің жан-жақтылығын
жетілдіру, таныту, толеранттылыққа баулу.
Тәрбиелігі: Жасөспірімдердің ой-санасын оята
отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға,
адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.
Көрнекіліктер: Слайд материалдары, жарға
ілінген нақыл сөздер.
Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы
нәрседен тұрады. Ақ-қара, күн-түн, ыстық-
суық, жақсы-жаман. Адам бойындағы барлық
жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман
қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады.
Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде
билік үшін үнемі осы екі қуаттың – «рух пен
нәпсі» күресі жүріп жатады.
Рухтың мекені – адамның жүрегі. Жүрек жылуы,
махаббат, ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық
адамшылық осы жүректен туындайды. Рухтың
табиғаты материалдық зат емес, оның табиғаты
– асыл нұр.
Күн адамның рухы болса, күн сәулесі – ақыл
дейік. Себебі ақыл – рухтың құрамдас бөлігі.
Рухани бай адам – ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді,
кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Осындай қасиеттері
бар адамда адамшылық мол болады. Адамгершілік
ұғымында да осы аталған қасиеттермен бірге аяушылық,
сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік, т.б. көптеген
сапалар кездеседі. Адамның адамгершiлiгi — оның жоғары
қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнi ң
бiрi — адамдық ар — намысты ардақтау, әр уақытта
жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, «Өзiң үшiн
еңбек қылсаң, — дейдi Абай, — өзi үшiн оттаған хайуанның
бiрi боласың». «Досыңа достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл
бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта өзгенiң
жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты.
Адамгершiлiгi мол адам — басқаларға қашан да үлгi-өнеге.
Жарық-күн – көлегейленіп тұр, күнді
бір мейірбан, жан-шуағын төгетін
құдіретті ананың біріне теңесек, біз
оның жүрегіндегі көлеңке сезімін
сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген
бұлттарды ашайық. Әр бұлттың
астында біздің бүгінгі тақырыбымызға
байланысты сұрақтар, тапсырмалар
жасырулы тұр. Соларды шешіп, күннің
бетін ашып көрелік.
Тапсырмалар
Бірінші бұлт.
Бұлттағы бірінші тапсырма: баяу ән әуенімен барлығымыз жағымды ойларға берілеміз,
рухани жан азығынана бесік жырынан бастаған адам, әуен ырғағында әр адам тамаша
ойларға беріледі. Жағымды ой ойлауға кішкене уақыт беріледі.
Әр оқушы өзінің анасына, досына, бауырына арналған жақсы тілектерін немесе соларға
қатысты жағымды ойларын айту.
Мұғалім:
Осындай жағымды ойларың сендердің бойларыңа қайырымдылық, өмірге сенімділік
әкеледі.
Сухомлинскийдің «Ата-ана педагогикасы» кітабынан мына бір оқиғаны айтып берейін.
92 жастағы анасы қайтыс болған жігіт анасына табыт жасауға тақтай таба алмай қиналды.
Бірақ, мейірімді жандар кездесіп, ағаш қоймасынан ағаш тіліп берді. Енді ол тақтайын
үйге алып баруға көлік жоқ. Бірақ бұл жолы да қайырымды адам кездесе кетеді.
Жүргізуші жігіт аттанар сапарынан жарты сағатқа кешігетін болса да, апарып тастауға
келісіп, ағашты тиеп алып, қоймадан шыға бергенде автоколонка бастығына кездесіп
қалады. Тақтай тиеп алған өз көлігін көрген басшы айқай салып, тоқтатып, жағдайды
тыңдамай, жігіттің тақтайын түсіртіп, машинаны жұмысқа қоя береді. Көзінің жасы көл
болған жігіт, тақтайдың қасында егіліп тұр. Жанжалды құлағы шалып қалған, өтіп бара
жатқан ат-арбалы адам бұрылып келіп, қайырымдылық жасап, көмек қылады. Қиналған
адамға ізгілік нұрын шашады.
1-ші бұлт ашылды – қайырымдылық қасиетін білдік.
№4 бұлт.Ситуациялық сұрақтар:
Сынып ішіндегі баламен сенің досың ойнағысы, қарым-қатынас
жасағысы келмейді. Тіпті оны мазақтаңдар деп үгіттейді. Ал,
сен не істер едің?
А) Ештеңе білмегендей боласың.
Б) Достарыңмен бірге мазақ қыласың.
В) Достарыңның табалауынан қорықпастан, осы баламен
достасқың келеді.
Ағаш дұрыс өсу үшін оған қай кезде көмектесу қажет?
А) Үлкен ағаш болғанда;
Б) Көшет кезінде(кішкентай кезінде);
В) Тал кезінде.
Сенің үлкен әпкең немесе үлкен ағаң анасына құрбысының
үйіне сабаққа даярланамын деп кетіп, ал шындығында олар
дискотекаға кетті. Егер анаң сенен осы жайды сұраса, сен не
істер едің?
А) Бұл жайында ештеңе білмеймін деймін.
Б) Бір дәлел ойлап табумен әпкеңді құтқарасың.
В) Шыныңды айтасың.
Г) Өз жауабың.
№6 бұлт. Осы тапсырманы орындаған соң Күн күлімдеп шығады.
Наннан үлкен ас жоқ,
………. үлкен ат жоқ.
….. көзден кетсе де, көңілден кетпейді.
Тәртіптің ең тамаша мектебі — ………..
Отбасы — шағын ……..
Аға — ……. ұстаз.
……. етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Әдепсіз өскен адамннан,
…….. өскен тал артық.
… – дұшпан, ақыл – дос.
Не …… болса, сол мәңгілік.
Күшіңе сенбе, …… ісіңе сен.
….. бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
Жақыныңды жат етсең — ……. күлкі боларсың.
2.Үлгі аларлықтай нақыл
1.баяу ән әуенімен сөздер, адамгершілік
барлығымыз жағымды туралы ұлы кісілердің,
ойларға берілеміз(ата- ақындардың айтқан
анамызға, сөздері, мақал-мәтелдер,
достарымызға шешендік, даналық
айтамыз) сөздер айту.
«АДАМГЕРШІЛІК
» сөзжұмбағын
шешу.
3. Отанға сүйіспеншілік;
Ата-анаға сүйіспеншілік;
Достық қарым-қатынас.
5. Ар-намыс дегеніміз не? Тақырыбына өлең
Жомарттық дегеніміз не? шығару немесе білетін
Кішіпейілділік дегеніміз өлең айту
не? Сұрақтарына жауап
беру 4.
Ситуациялық
сұрақтар:
Мынандай суретке көңіл аударайық.
Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
Жауап: қара ноқат немесе қара ноқаты бар
ақ қағаз.
(Шын жауап: қара ноқаты бар үлкен ақ
қағаз.)
Иә, балалар, өмірдің көптеген
көріністерінен, оқушылық өмірлеріңде
сендер ақ түсті аңғармай, адам бойынан
«қара» ноқатты көресіңдер. Былайшы
айтқанда, біз әр адамның бойынан жақсы
жақтарын ғана көрсек, неге оның
кемшілігіне көңіл аударамыз. Жақсы
оқиғалардан гөрі, дау-дамай, қылмыстар
жайында рахаттана әңгімелесеміз. Егер
біреу сені сөгіп жатса, «мен ризамын» деп
жауап бере қой делінген пайғамбар
хаддистерінде. Сондықтан, балалар,
жаңағы өздерің айтқан нақыл сөздерден
өнеге алып, өмірдің, достарыңның
ұстаздарыңның тек жақсы жақтарын
қабылдай біліңдер: мына жазылған нақыл
сөзге көңіл аударыңдар:
Адамның ішінде болмайды аласы,
Оларды бұзатын нәпсінің таласы. “Жақсы әдет өсiмге берген
Ш.Құдайбердіұлы ақша, адам өмiр бойы соның
«Адамның адамшылығы – ақыл, жемiсiн пайдаланады, жаман
ғылым, жақсы ата, жақсы ана, әдет- борыш, адам өмiр бойы
жақсы құрбы, жақсы ұстаздан сол борыштың өсiмiнен азап
болады». шегедi”
Абай
К. Д. Ушинский.
“Адамгершiлiк — бiр адамның “Ұлттық тәрбиенiң негiзi –
екiншi адамға сыйлай салатын заты адамгершiлiк, еңбек тәрбиесi”
емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы М.Жұмабаев.
ғана жететiн адамның iшкi
жағдайы”.
В.Соловьев.
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым.
Ықыластарыңа рахмет. Осымен топ
сағатымыз аяқталды.Сау болыңыздар!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz