Білім беру мекемелерін басқарудың құрлымы


Slide 1

Білім беру мекемелерін басқарудың құрлымы

Орындаған: Жалын Нұрсая

Тексерген: Жумашбекова С. К.

Тобы : Фи-311.

Slide 2

Педагогика ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік процестерге ғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет.

Жалпы басқару дегенді - шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытын-дысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде білім жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандық білім бөлімдерін атаймыз. Ал орта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектеп-ішілік басқарудың нысаны болады. Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе - орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т. б.

Slide 3

Мектепішілік басқару дегеніміз біртұтас педагогика-лық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету.

Мектепішілік басқарудың дәстүрлі ұғымдарын жаңа ұғымдар алмастыруда. Мысалы, »ықпал ету» ұғымының орнына »өзара әрекеттесу», »ынтымақтасу», »рефлексивті басқару» ұғымдары қолданылуда. Сол сияқты мектепті басқару теориясы мектепішілік менеджмент теориясымен толығуда. Менеджмент теория-сы басшы қызметінің өзара құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенім білдіруді, олардың табысты еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Менеджменттің осы қыры мектепшілік басқару теориясын одан ары байыта түскен.

Slide 4 Slide 5 Slide 6

Мемлекеттік басқарудың негізгі белгілері

Қазіргі заманың білім жүйесінің басты ерекшелік-терінің бірі - мемлекеттік басқарудан мемлекеттік-қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқарудың негізгі идеясы

- білім проблема-ларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш-қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.

Білім беру жүйесінің мемлекеттік сипаты елде »Білім туралы» заң негізінде бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында Қазақстан Республикасының білім саласына басымдық берілген, яғни еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси, халықаралық салаларындағы жетістіктері білім саласындағы жетістік-терімен байланыстырылады. Білім саласының басымды-лығы білім жүйесінің материалдық, қаржылық мәселелерін бірінші кезекте шешуді талап етеді.

Сонымен бірге білім беруді басқарудың мемлекеттік сипаты »Білім туралы» заңда белгіленген мемлекеттік саясат принциптерін мынадай бағыттарымен де айқындайды:

- білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығын, жеке тұлға бостандығының басымдылығы. Азаматтық пен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

-республикадағы мәдени және білім беру кеңістігінің біртұтастығы, аз ұлттардың білім беру жүйесінің қорғалуы;

- білімнің жалпыға бірдейлігі, білім беру жүйесінің дайындығы, даму деңгейі мен ерекшеліктеріне бейімдел-гіштігі;

Slide 7

Педагогикалық жүйені басқарудың жалпы қағидалары

Кез келген әрекет, соның ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушы мен басшылық жасаудың барлық функцияларын іске асыруда басшылыққа алатын бірқатар қағидаларды сақтауға негізделеді. Ол қағидалар мақсат қою және жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау және т. б. топтастырылады. Ал басқару қағидалары басқару заңдылығының бейнелену және нақты іске асуын танытады. Мектепішілік менеджменттің негізгі заңдылығы талдағыштық, мақсатқа сәйкестік, ізгілік, басқарудағы демократиялық және мектеп түрлі басқару қызметіне дейін болуы сияқты компоненттерді қамтиды. Осы заңдылықттардан мектеп директорының, менеджердің оқу жүйесін басқарудағы басшылыққа алатын негізгі қағида-лары туындайды. Сонымен негізгі қағидаларға мыналар жатады: педагогикалық жүйені демократизациялау және ізгілеу; орталықтандыру және орталықсыздандырудың парасатты үйлесімі; жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі; педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының объективтілігі және толықтылығы.

Slide 8

Педагогикалық жүйені басқаруды демократияландыру және ізгілендіру

Мектепшілік басқару ең алдымен басшылардың, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың бастамашылығы мен өздігінен жұмыс жасай алуын дамытуға бағытталады. Бұл жағдай тек қана шешім қабылдау мен талқылаудың бүкпесіз, ашық жүргізгенде ғана мүмкін. Мектеп басшы-ларын сайлау, педагогикалық кадрларды байқау және контракт негізінде қабылдаудың жүйесі - мектептегі демократияның бастауы. Сол сияқты мектепті басқарудағы жариялылық ақпараттың ашықтығы және түсініктілігіне негізделелді. Мектептің алдында тұрған міндетті, оның қиындығын жете сезінген әрбір мүғалім оған бей-жай қарамайды. Мектеп әкімшілігінің, мектеп кеңесінің тұрақты түрде есеп беріп отыруы оны талқылауға және шешім қабылдауға мұғалімдер мен оқушыларды қатыс-тыруы мектеп өмірінде демократияның орнығуына негіз қалайды.

Slide 9

Педагогикалық жүйені басқаруды демократияландыру және ізгілендіру

Мектепшілік басқару ең алдымен басшылардың, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың бастамашылығы мен өздігінен жұмыс жасай алуын дамытуға бағытталады. Бұл жағдай тек қана шешім қабылдау мен талқылаудың бүкпесіз, ашық жүргізгенде ғана мүмкін. Мектеп басшы-ларын сайлау, педагогикалық кадрларды байқау және контракт негізінде қабылдаудың жүйесі - мектептегі демократияның бастауы. Сол сияқты мектепті басқарудағы жариялылық ақпараттың ашықтығы және түсініктілігіне негізделелді. Мектептің алдында тұрған міндетті, оның қиындығын жете сезінген әрбір мүғалім оған бей-жай қарамайды. Мектеп әкімшілігінің, мектеп кеңесінің тұрақты түрде есеп беріп отыруы оны талқылауға және шешім қабылдауға мұғалімдер мен оқушыларды қатыс-тыруы мектеп өмірінде демократияның орнығуына негіз қалайды.

Slide 10

Басқарудың жүйелілігі мен тұтастығы

Педагогикалық процесті басқару жүйесінің табиғатын түсіну, басқаруға қолайлы алғышарт жасайды. Мектептегі басқаруды жүйелілік ыңғайының бірінші белгісі - мектепті жүйе ретінде танып, оның негізгі белгілерінен құралатын осы жүйенің тұтастығын көре білу. Екінші белгі мектептің құрылымы болып табылады. Жүйенің құрылымы қалай болса мектептің байланыстары мен қатынастарының дамуы соған тікелей байланысты болмақ. Жүйенің үшінші компоненті оның өзіндік ерекшеліктері мен сипаттарынан туындайды. Дегенмен олардың өзара әрекеттесуі арқылы жүйенің жаңа сапасы қалыптасады. Компоненттердің тұрақты түрде өзара жақындауға ұмтылуы жүйенің тұтастығын айқындайды. Мектепті басқаруда жүйенің төртінші ерекшелігі - оның қоршаған ортамен тығыз және өзгеше байланыстылығын естен шығармаған жөн. Мектеп пен қоршаған ортаның әрекеттесуі екі формада көрінеді. Бірінші жағдайда мектеп өз әрекетін сыртқы ортаға бейімдесе, екінші жағдайда мектеп өз мақсаттарына жету үшін ортаны өзіне бағындырады.


Ұқсас жұмыстар
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ
Қазақстанның мәдени саясаты
Ұлыбританияның мемлекеттік басқару құрылымы
Коммерциялық емес ұйымдардағы қаржылық менеджмент ерекшелігі
Ақпараттық сауаттылық сабағын өткізу әдістемесі
Сабақта интерактивті тақтаны қолдану барысында
Басқару субъектісінің қызметтері
SAM мәні мен мақсаты
Мүмкіндігі шектеулі түрлі категориядағы балаларға инклюзивті білім беру жағдайлары
Жоғары білім берудің мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz