Өзін­ өзі тану тұлғаның өзін­ өзі жүзеге асыруының шарты ретінде


Slide 1

№1 СРО

Тақырыбы:

Өзін- өзі тану тұлғаның өзін- өзі жүзеге асыруының шарты ретінде. Орындаған: Әділбек Үміт

Т- 413 Тексерген: Көшкінбаева Р. Х

Slide 2

“Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы” деген Әбу Насыр Әл-Фараби. Әрбір адам білім нәріне сусындамас бұрын тәлім-тәрбиеден өтеді. Ұстаздың ұлағаты шәкіртіне білім нұрын төкпей тұрып санасына сан қырлы сәуле құюы да жоғарыдағы баба сөзінің салмағы болар. Білім беру үрдісінде адамның үйлесімді даму міндеті тек әлемдік және ұлттық мәдениеттің үлгілерін құндылықты меңгеру арқылы ғана шешілетіні анық, өйткені тұлғаның бойында дүние танымдық және мінез-құлықтық бағдарламалардың қалыптасуы білім беру сапалы болғандығын білдіреді.

Slide 3

Қазіргі таңда осы мәселе, яғни келешек ұрпақтың адамгершілік рухани құндылықтарын дамыту арқылы білім беру мәселесі алға қойылып отыр. Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға әсер ететін рухани адамгершілік қағидалары жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады.

Slide 4 Slide 5

Осындай жағдайларда Сара Алпысқызы Назарбаева жас ұрпақтың адамгершілік-рухани дамуы бойынша кең көлемде «Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасын ұсынды. Автордың ойынша, даналықтың шыңы, ол- махаббат, ол - бақыттың құпиясы, ол-адамның өзін-өзі тануы, бақыт пен өмірлік табысқа жету үшін өзінің шексіз мүмкіндіктерін аша алуы. Осы орайда жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, көркемдік әлемін байытуда, дүниетанымын қалыптастырып, салауаттылыққа тәрбиелеуде «Өзін-өзі тану» пәнінің орны ерекше.

Slide 6

Бұл пән жеке тұлғаның өзін-өзі тануына және рухани баюына әсер ете отырып, әрбір тұлғаның жақсы жаққа өзгеруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол жеке тұлға ретінде өзін-өзі тануға және өмірлік ұстанымын, дүние танымдық деңгейін анықтайтын құндылықтар сапасына ие болуға бағыт-бағдар береді.

Slide 7

Тұлғаның өзін- өзі тануының негізі құрамдас бөліктерін эксперименттік түрде анықтау мақсатымен оның төрт негізгі аумағын және олардың параметрлерін бөліп қарастырмыз:

1. Тұлғаның мотивациялық аумағы: мінез-құлықтың және іс-әрекеттің мотивтері, әлеуметтік қажеттіліктер.

2. Белсенділік аумағы: интерналдылық, инициативтілік, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі таныту.

3. Тұлғаның құндылықтық-мағыналық аумағы: құндылықтық бағдарлар, өмірдің мағынасы мен мақсаттары.

4. Тұлғаның этникалық өзіндік санасының аумағы - этникалық жаңсақ нанымдардың негізінде қалыптасатын этномәдени сәйкестілік

Slide 8

Жеке тұлғаны қалыптастыру дегеніміз - оны мәдениетке үйрету, білім беру, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту.

Жеке тұлғаның белгілі бір мәдени ортада болып, оның тұлғалық және танымдық дамутына ерекше әсерін тигізеді. Қалыптасуына қарай жеке, тұлғаның белгілі бір мәдениетінің субьектісі ретінде екі түрлі фактор бар: біріншісі - сол халықтың мәдени ерекшеліктері, екіншіден - танымдық процестері, темперамент, мінез-құлқын сапалы түрде танып ажырата білу.

Slide 9

Л. Н. Десен тұлғаның өзiн-өзi тануы мен өзге адамдардың ол жайлы бiлуi, тануының арасындағы өзара байланысын зерттеуде, ең алдымен қоршаған адамдар ортасында қарым-қатынастың деңгейiн анықтау. Зерттеу мазмұнында тұлғаның қарым-қатынасы өзiнiң құрбыларымен, қарама-қарсы жынысты адамдар арасындағы қарым-қатынасы әсер етедi.

Гештальттерапияда өзін-өзі тану адамның тұлғалық кемелге жетудегі жетістік құралы ретінде қарастырылады. Неміс психологы Ф. Перлз тұлғалық кемел сапасындағы көрсеткішін мынандай түрге бөліп көрсетеді.

1. Басқаларға емес, өзіне демеулік, көмек көрсете алу.

2. Жауапкершілікті өз мойнына алу.

3. Қиын жағдайда өзіндік ресурсын жеделдету.

4. Дағдарыстан шығу үшін тәуекелге бару. ік

Slide 10

Психологияда өзін-өзі тану саласын алғаш атап көрсеткен американдық психолог У. Джеймс. Сыртқы дүние арқылы өзiн-өзi тану - қарым-қатынаста, iс-әрекеттi орындауда өз қылығын бағалау, өз мүмкiншiлiгiн және қабiлеттiлiгiн көрсете алу. Iшкi дүние арқылы өзiн-өзi тану - уайымдау, сезiм, арман, ой, қалау тағы сол сияқты iшкi дүниенi сыртқа шығарып, тану үшiн қызықты жұмыспен шұғылдану абзал.

Slide 11

Өзін-өзі тану сабақтарының тағы бір тиімді тұсы - баланың ата-анасымен, отбасымен тығыз қарым-қатынас жасау мүмкіндігі. Жақындық, туыстық - халқымыздың қанына сіңген қасиеті. Адам кімге арқа сүйерін, кімге үміт артарын ойлағанда ең алдымен жақын - жуығын есіне алады.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты жайлы ақпарат
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін- өзі жүзеге асыруының шарты туралы ақпарат
Өзін өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты
Өзін-өзі тану тұлғаның өзінөзі жүзеге асыруының шарты
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру шарты ретінде
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру шарты
Өзін –өзі танупәнінің маңызы
Өзін - өзі тану пәнін оқытудың шарттары
Өмірдің мәні және кәсіби өзін - өзі анықтау психологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz