Қарым - қатынас - әлеуметтік құбылыс



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Физика-математикалық факультет
5В011100-Информатика мамандығы
Т-441 топ
СӨЖ
Тексерген: Серикбаева Н. Б.
Орындаған: Байдолдина Д. Е.
Семей 2015

Қарым - қатынас - әлеуметтік құбылыс. Бұл байланыс тұлға әлеуметтенуінің қайнар көзінің бірі ретінде анықталады. Тұлғаның әлеуметтеңу принципі екі жағдайда сипатталуы қажет: біріншіден, қарым - қатынас факторы, адамның әлеуметтік өмірімен өзара байланысы жүзеге асырылатын алеуметтік қайнар көзі ретінде есептелінуі керек; екіншіден, әлеуметтену екі аспектіде қарастырылады, ол меңгеру әлеуметтік бағдарлама құру және оны таратуы. Қарым - қатынас - біріншіден, біріккен іс - әрекетте пайда болатын адамдар арасында байланыс орнату және оны дамыту процесі болса, екіншіден, тұлғалардың бірлескен іс-әрекетте қажеттіліктен пайда болған өзара белгі құралдарымен жүзеге асатын күйі, мінез құлқы. Тұлғаның дамуы мен қалыптасуында негізгі факторлардың бірі - ол қарым-қатынас. Қарым - қатынас барысында тұлғаның әлеуметтенуінде байқалатын өзіндік ерекшелектер мәселесіне көңіл бөле отырып, қазіргі кезеңде бұл салада жүйелі зерттеулерді қажет етеді. Тұлға - бұл басқа адамдардын арасында белгілі позицияны иеленетін қоғамдық іс - әрекеттін себепші субьектісі ретіндегі адам. Қарым - қатынас сан алуан адамдардың қатынастары жағдайында жүзеге асады, яғни әлеуметтік және тұлғааралық қатынастардың жағымды да, кері де жағдайларында болуы мүмкін. Өмірдің түрлі жағдайларына байланысты біздің іс - әрекетімізбен қатар мінез-құлқымыз да өзгермелі.


“Біз”-деп аталатын топтар адамның дамуы мен мінез-құлқына түбегейлі өзгерістер енгізуі мүмкін. Әлеуметтік психологияда бұл топты референтті немесе эталон топ деп те атайды.
Референтті топтар шынайы тіршілік етумен қатар, ойданда шығарылуы да мүмкін, жағымды немесе жағымсыз бола алады. Қандай жағдайда да олардың атқаратын қызметі ортақ.
Референтті топ жағымды не жағымсыз үлгілердің бастауы болғандықтан әлеуметтік салыстыру қызметін атқарады.
Референтті топ адам бейімделуге тырысытын ережелердің, пормалардың бастауы болғандықтан нормативті қызмет атқарады.
Іс-әрекетті ұйымдастырудың сипаты мен түріне байланысты топтардың дамуының төмендегідей деңгейлері кездеседі.

Атаулар тобы ұжымдық дамудың айқын көрсеткішінсіз тек қағаз жүзінде ғана тіршілік етеді. Ортақ қызығушылық, біріккен іс-әрекеттің азынаулақ тәжірибесі бар уақытша байланыстарымен, қатынастарымен көре түседі.
Ассоциация тобының өзіндік құрлымы, іс-әрекеттің ортақ мақсаты болғанмен біртұтас әлеуметтік психологиялық бүтін бола алмайды.
Коорпорация (ұжымы) -топ ортақ мақсатпен және оны жүзеге асырудағы іс-әрекеттің біртұтастығымен анықталады. Осындай топтарға тән серіктестік, топ мүшелерінің өзара әрекеттестігі, қарым-қатынастың жеткілікті дәрежедегі топтық тәжірибені құрап, оның сол іс-әрекет түріне даярлығын қамтамасыз етеді.
Ұжым дамудың ең жоғары деңгейі. Іс-әрекеттің негізінде қоғамдық құны бар мақсатттары мен мотивтері бар мұндай топ даярлықтың, психологиялық біліктің ең жоғары деңгейін сипаттайды. Яғни бұл топқа ұжымға тән әлеуметтік психологиялық ересектіктің негізгі белгілері тән.

Психологиялық біртұтастылық немесе коммуникативтілік, жүйенің өзіндік реттеуін және өзіндік бағдарлануын, жүйе бөлшектерінің қасиеттерін бүтінге бағыттаудың әрекеттерін қамтамасыз етеді.
Бұл құбылыс мынадай нәрселерді қамтиды.
Ақыл-ой бірлігі-белгілер жүйесін бір түрге келтіру қабілеті, топтың тілдің пайда болуы, шешімдерді қабылдаудың тиімді әдіс тәсілдерін анықтау.
Эмоционалды бірлік-бүкіл жүйе қал-ахуалының индикаторы, жүйені өзіндік реттеу, мінез-құлықтың бейімделу және орнын толтыру механизімдерін анықтау топ тіршілігінің қосымша энергоресурсын (күш қоймаларын) қалыптастыру қабілеттері.
Еріктік бірлік-топтың мақсатқа жетудегі кедергілерін жеңуде күшін жұмылдыру қабілетінде анықталатын топ жұмысының “күн-тәртібінің ” реттеушісі.

Эмоционалды тартымдылықпен байланысты эмоциогенді жағдайлар;
Басқа адамдармен өзара әрекеттестікте нақты рөлді иелене, жеке тұлғаның өзіндік айқындалуына жағдай жасалынытын психоролдік жағдайлар. Балалар ұжымындағы ойынның және ойын түріндегі іс-әрекеттің маңызы зор. Мұнда жеке тұлға әр қырынан ашыла түеді, біріккен күзелістерінің қажеттіліктері қанағаттандырылады. Жұмысты ойын түрде құрастырудың өзі балалар ұжымының көптеген мәселелерін шеше алады.
Музыкалық-психологиялық жағдайлар, жалпы әуеннің өзі де адамның эмоционалды күйіне тереңінен әсер ете алады.

Адамдардың қарым-қатынасындағы бәсекелестік - рух, пен күштің бастауы іспеттес. Бәсекелестік негізінен эмоционалды көрініс ретінде анықталады. Ол ұжымдағы эмоционалды ахуалдың туындап әсер ететін, адамзат қарым-қатынастың маңызды бір бөлігі.
Алайда күнделікті өмірде көңіл көтеру жағдайында ұмытпаған жөн. Бір қарағанда қарапайым көрінетін, алайда жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып іс-әрекетті ұйымдастыру, адамдардың мінез-құлқын белсендіре түседі.

Ұжымның екі жақты табиғаты бар. Бір жағынан оның көптеген қырлары, атап айтқанда, іс-әрекет түрлері мен сипаты мүшелерінің санын анықтайтын педагогтың саналы әрі мақсаты ықпалының объектісі болып табылады. Екінші жағынан, балалар тобы өзгеше әлеуметтік психологиялық заңдылықтарға сүйенген, дербес салыстырмалы түрде тәуелсіз құбылыс.
С. Л. Рубинштейн бойынша сыртқы әсерлер жеке тұлғаның ішкі құрлымында өзгеріске ұшырап, оның өзіне айтарлықтай әсер етеді. Осылайша, ұжымның топтық даралығы іс-әрекеттің ұсынылған түрлерінің өзара күрделі әрекеттестігіне тәуелді келеді. Ұжымдағы өзараәрекеттестікте психологиялық ахуалдың рөлі ерекше.

Адамдар арасындағы өзара әрекеттестіктің жасырын, мәнді жағдайлары айқын сипатқа ие болады: бәсекелестік немесе құпия бақталастық, ұжымшылдық немесе топтық кепілділік, дөрекі қысым немесе саналы тәртіп. Адамдар өзара әрекеттестігінің барлық жағдайлары өзара әсерлесетін төрт негізгі тәсілі арқылы жүзеге асады, атап айтқанда, үгіттеу, жұқтыру, еліктеу және сендіру әрекеттері арқылы.


- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz