Аңдардың ішкі секреция бездері



Аңдардың ішкі секреция бездері

Өнімдерін тікелей қанға бөлетін бездерді ішкі секреция деп атайды
Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, тимус, эпифиз, бүйрек үсті бездері және т. б.

Эндокриндi реттеу белгiлi реттелу әсерлерiнiң бiрi, мыналарды: өзi бөлетiн (аутокриндi-бiр түрлi жасушалар деңгейiнде) ; жұп бөлiнетiн (паракриндi-бiр түрлi жасушалар өнiмiнiң екiншi жасушаға әсерi) ; iшкi ортаға бөлiнетiн (эндокриндi-гормондардың қан ағысымен жүрiп, реттеуi) ; жүйкелi (нейрон өсiндiсiнiң нысана-ағзаға беретiн әсерi) ; нейроэндокриндi (эндокриндi, жүйке белгiлерi үйлесуi) бөледi. Бұл әсерлердiң алғашқы екеуi-жергiлiктi, кейiнгi үшеуi-ара қашықтықтан iске асады.


Жасушалары гормон өндiретiн ұлпалар эндокриндi бездердің басты қызмет атқаратын ұлпасы болып саналады. Ондай қабілет организмдегi барлық ұлпаларда байқалады.
Эпителий - эндокриндi бездер (қалқанша, қалқаншамаңы без, гипофиздiң алдыңғы, аралық бөлiктерi, бүйрекүстi безiнiң қыртысты заты, жұмыртқалық фолликулалар жасушалары) қызметiнiң жетекшi ұлпасы.
Дәнекер ұлпадан жыныс безiнiң (Лейдиг жасушалары, жұмыртқалықтағы фолликул қаптамасының iшкi қабатындағы жасушалар) эндокриндi бөлiктерi пайда болады.
Жүйкелiктен гипоталамус, эпифиз, нейрогипофиз, бүйрекүстi безi милы затындағы эндокриндi жасушалар пайда болады.
Бұлшық ет ұлпасына бүйрек шумақшасындағы қызылтамырша ортаңғы қабығындағы юкстагломерулалық жасушалар, түзiндi бөлетiн кардиомиоциттер жатады.
Эндокриндi жүйе құрылымының жалпы заңдылықтарына сай, оған сатылы қағида, керi қатынас жүйесiнiң бары кiредi.

ЭЖ басқа реттелу, әсiресе иммунды, жүйкелiк жүйелермен өзара iс-қимыл жасайды. Жүйкелену арқасында ЭБ жүйке жүйесiнiң бақылауында болады, оның әрекеттерiне гормондар әсерiн тигiзедi. Жүйке, эндокриндi жүйелердегi өзара байланысты, эндокриндi жүйенің орталық ағзасы, организмнiң басқа жүйелер әрекетiндегi қызметтердi бiрiктiрушi - гипоталамустың өзi орталық жүйке жүйесi бөлiгi екенiнен - ақ көруге болады.

Қалқанша безі
Қалқанша без - организм эндокриндi бездерiнiң ең iрiсi, сүтқоректiлерде күрделi дамиды, зат алмасу реакциясы белсендiлiгiн, даму процессiн реттейтiн - тиреоидты (йоды бар), кальций алмасуын реттеуге қатысатын - кальцитонин гормондарын өндiредi.

Қалқанша маңы бездерi 3-, 4-шi желбезек қалташасы алдыңғы қабырғасы қалың iшқабық (эндодерма) бастамасынан дамиды, мезенхимадан дәнекер ұлпа қабықшасы, без жұқа қабатшалары құрылады. Кейiнгiлер бездi бөлiкшелерге бөледi.

Басты жасушалар биосинтездi iске асырып, паратгормон бөледi. Паратгормон қанда кальций деңгейi көтерiлсе - тежеледi, төмендесе - белсендiлiгiн арттырады. Бұл гормон сүйек ұлпасындағы остеокластар құрамын көбейтiп, қызмет белсендiлiгiн арттырып, бүйрек арналарында кальцийдiң қайта сiңiрiлуiн ынталандырады. Қышқыл сүйгiш паратироциттер бастылар арасында орналасады, олардан iрiрек келедi, үлкен түрлi түстi ядролары мөлшерi кiшi болады. Цитоплазмасы қышқыл бояғыштармен қарқынды боялады, сондықтан онда басқа тұрақты қосындыларға, түзiндi түйiршiктердiң жоғына қарамай, iрi митохондрийлер құрамы жоғары болуымен ерекшеленедi. Қалқаншамаңы бездерiнiң қызметi гипофизге байланысты болмайды.

Бүйрек үсті безі
Бүйрекүстi безi - эндокриндi без, екi бөлiктен-қыртысты, милы заттардан тұрады. Даму көзi, құрылысы, қызметi әртүрлi болады. Қыртысты зат соңғы қуысты (целом) мезодерма қалың эпителийiнен дамиды, милы зат, сезiмтал түйiн жасушаларындай, жүйке айдаршық ұлпаларынан пайда болады. Бездiң дәнекер ұлпасы мезенхимадан құралады. Қыртысты зат алмасу түрлерi, иммунды жүйе, қабыну процесстерi ағымына әсер ететiн кортикостероидтар - гормондар тобын бөледi.

Бүйрекүстi без қыртысты зат гормондары - кортикостероидтар - негiзiнен үшке бөлiнедi: шумақты аймақта минералкортикоидтар өндiрiледi. Қан электролиттерi деңгейiн, артериялық қысымға әсер етiп, минералдар алмасуын реттейдi. Оған бүйрек арнасында натрийдi қайта сiңiрудi реттейтiн альдостерон жатады; шоғырлы аймақта глюкокортикоидтар (кортикостерон, кортизон) түзiледi. Олар әртүрлi алмасу түрлерiне (әсiресе, көмiрсу), иммунды жүйеге нақтылы әсер етедi; торлы аймақ жыныс стероидтарын (андроген) өндiредi. Көкiрек, iшперде қуыстарында бүйрекүстi без қыртысты зат жасушалары жеке орналасып, ұсақ денешiктер түзедi.

Қыртысты зат желiлерi бағытталуына, арнайы құрылысына, қызметiне қарай, үш: шумақша - қабықша астында жататын жұқа, сыртқы; шоғырлы - ортаңғы, қыртыстың негiзiн құратын; торлы - iшкi, енсiз, милы затқа жанасатын, аймақтардан тұрады.
Шумақша аймақ цитоплазмасы бiркелкi боялған кiшкене жасушалардан құралған, домалақ шумақ құрады. Жасушаларында түйiршiксiз эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, жақсы дамыған, май тамшылары аз болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz