Оқыту әдістерінің жіктелуі, функциялары және оқу-тәрбиелік үдерістегі тәсілдер


Slide 1

Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі.

Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді:

XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б. Е. Райков, К. П. Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.

20-30 жылдарда Н. М. Верзилин, Е. Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады.

М. А. Данилов (1899-1973), Б. П. Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру.

Slide 2

И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді. Ю. К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі. М. И. Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін іріктеген. Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) тәжірибелік әдіс.

Slide 3 Slide 4

Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті де оқушы сезіміне әсер етеді. Оқулық тақырыптарының мазмұны - оқу іс-әрекетіне қызықтыратын негізгі құрал. Оқуға қызықтырудың өте жақсы әдісі - танымдық ойындар. Пікірсайыстар да оқушыны оқуға қызықтырады. Үлгерімі төмен оқушыларды жеткен жетістігіне қуанту да олардың оқуға ықыласын арттырады. Жауапкершілікті қалыптастыру әдістері. Тәсілдері: • оқушыға оқудың өзіне және қоғамға пайдасын түсіндіру; • талап қою; • талаптарды орындауға үйрету; • өз міндеттерін жақсы атқаратындарды мадақтау; • керек жағдайда жазалау әдісін қолдану; • оқушыға кемшіліктерін айтып, оларды түзетуге көмектесу.

Slide 5

Оқудағы мадақтау және жазалау әдістері. Мадақтау түрлері: • баға қою; • тапсырмалар арқылы оқушыны табысқа жеткізу; • оқушыны тәжірибе және зертханалық жұмыстарды жүргізуге көмекші етіп алу; • топтық тәжірибелік жұмыс кезінде оқушыға бөлімшелерді басқарту; • үлгерім және сабаққа қатынас көрсеткіштерін шығару; • білімнің қоғамдық байқауының қорытындылары бойынша мадақтау; • жақсы оқитын оқушылардың үлгерімі төмен оқушыларға көмектесуі, т. б. Жазалау түрлері: • сабақта оқушыға ауызша ескерту жасау; • күнделікке, дәптерге "қанаттанғысыз" баға қою; • қателерін айтып, қосымша жұмыс істеуді талап ету.

Slide 6

Оқыту процесінің функциялары

Білім беру

Тәрбиелік

Дамыту

Slide 7

Оқытудың білім беру функциясы-оқушыны біліммен қамтамасыз ету, қаруландыру, оны өз бетімен ізденуге баулу, іскерлік пен дағдысын қалыптастыру. Оқытудың тәрбиелік функциясы оқу-тәрбиенің басты құралы болып табылады. Оқыту оқушыларды терең біліммен қаруландырады, ғылыми көзқарастарын дамытады және тәрбиелейді. Оқытудың дамыту функциясы-бұл оқушылардың таным іс-әрекеттерін барынша дамыту, яғни, олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету.

Slide 8

Кітаппен және оқулықтармен жұмыс - оқытудың маңызды әдісі. Бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады. Одан әрі оқушылар кітаппен жұмыс істеуге өздері үйренеді. Баспа материалдарымен өз бетімен жұмыстың кейбір тәсілдері бар. Олар: • конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау; • мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау. Жоспар құру үшін мәтінді оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек;

Slide 9

• тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау; • цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шьққан жылы, беттері көрсетіледі; • аннотация - мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау; • рецензиялау - оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу; • справка жазу - тапқан кітап, т. б. мағлұмат көзі туралы мәлімет. Анықтамалар статистикалық, библиографиялық (өмірбаяндық, терминологиялық, географиялық, т. б) түрде болады; • формалдық-логикалық модель - мәтіннің сызбасы; • тақырыптық тезаурус - бөлім, тақырып бойынша негізі ұғымдарды ретке келтіру.

Slide 10 Slide 11

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1. ҚоянбаевЖ. Б., Қоянбаев Р. М. “Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы”- Алматы, 2004 2. Усманов Ә. Ә., Сәрсенбаева М. Б. «Педагогика»-Алматы 3. Ғаламтор желісі.


Ұқсас жұмыстар
Оқыту формалары, әдістері мен құралдарының оқу-тәрбиелік үдерістегі қозғаушы механизмі
Оқыту әдістерінің жіктелуі мен сипаттамасы
Оқыту әдістері: жіктелуі, функциялары және таңдау принциптері
Оқу-тәрбие процесіндегі әдіс-тәсілдер: классификациясы және педагогикалық функциялары
Оқыту әдістерінің тарихи-методологиялық дамуы мен жіктелуі
Арнайы білім берудегі оқыту әдістерінің жіктелуі және терапиялық әдістердің қолданылуы
Сыныптан тыс оқыту: үйірме жұмыстары мен оқыту технологияларының оқу-тәрбиелік рөлі
Биологияны оқыту әдістерінің жүйесі, түрлері және таңдау қағидалары
Психодиагностика: әдістері, жіктелуі және оқу-тәрбиелік процестегі рөлі
Математиканы оқыту: әдістері, формалары, қағидалары және инновациялық тәсілдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz