ФЕРМЕНТТЕР МЕН КОФЕРМЕНТТЕР


Slide 1

Орындаған:Дарибаева Т. Ж Тексерген: Мирашева Г. О.

БАӨЖ № 3

ФЕРМЕНТТЕР МЕН КОФЕРМЕНТТЕР

Slide 2

ЖОСПАРЫ:

ИНЖЕНЕРЛІК ЭНЗИМОЛОГИЯ

ФЕРМЕНТТЕР

ФЕРМЕНТТЕРДІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

ФЕРМЕНТТЕРДІҢ ҚАСИЕТІ

КОФЕРМЕНТ Q-10

Q10 КОФЕРМЕНТІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Slide 3

Инженерлік энзимология

Инженерлік энзимология - биотехнологиялық процестерді қарқындандыру қажеттілігіне байланысты пайда болған жаңа ғылыми-техникалық бағыт.

Инженерлік энзимологияның міндеттері-клеткадан бөлініп алынған немесе онда орналасқан ферменттер мен полиферменттік жүйелердің негізіне «берілген қасиеттері» бар органикалық катализаторларды конструкцияландыру.

«Берілген қасиет» термині осы қасиеттердің алынған катализатордың практикалық қажеттіліктері, ферментативті процестерді жүргізу жағдайы, арнайылығы, қажетті өнімділігі және т. б. туындағандығын білдіреді.

Тірі ағзалар үнемі қозғалыста және тепе-теңдікте болады, яғни ағзаға сырттан қоректік заттар еніп тұрады және керексіз өнімдер сыртқа шығарылады. Бұл құбылысты зат алмасу процесі деп атайды. Зат алмасудың қалыпты жүруін орталық жүйке жүйесі және эндокрин (ішкі секреция) бездерінің гормондары реттейді. Эндокрин бездері өз әсерін ферменттер әсері арқылы іске асырады

Slide 4

ФЕРМЕНТТЕР Ферменттер - барлық тірі организмдер құрамына кіретін арнайы ақуыздар. Химиялық реакциялардьі жеделдетеді. Ферменттер жасушаларда синтезделіп, биохимиялық реакцияларға қа­тысатын ақуыздық табиғаттағы биокатализатор болып табылады. Фермент немесе энзим (лат. fermentum - ашу; грек. en - ішінде, zim - ашытқы; 19 ғ. Ван Гельмонт ұсынған) алғашқыда ашыту үдерістерін­де анықталған зат. Энзимология, ферментология - ферменттерді зерттейтін ғылым саласы. Ол басқа ғылымдармен: биология, генетика, фармакология, химиямен тығыз байланысты.

Пурин- нуклеозидфосфорилаза моделі

Slide 5

ФЕРМЕНТТІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ Ферменттердің қызметі туралы алғашқы ғылыми еңбекті Кирхгофф (1814) жариялады. Кейін ашу үдерісі ашытқы жасушаларында ғана өтеді деген ұйғарым жасаған Л. Пастерге (1871), Либих фермент­тер жасушалардың өмір сүруіндегі пайда болған өнім, ол жасушада да, олардан бөлек те қызмет атқарады деген қарсы пікір білдірді. Либихтің ғылыми көзқарасы М. Манассейна (1871), Бухнер (1897) зерттеулерінде эксперимент жүзінде дәлелденді. Жасушаларда синтезделген ферменттер өзіне тән арнайы қызметтер­ін организмнің барлық мүшелерінде атқарады. Ферменттік қасиет, негізінен глобулалық құрылымдағы ақуыздарға тән екені белгілі. Бірақ, қазіргі кезде кей­бір фибриллалық ақуыздар да (актин, миозин) катализдік белсенділік көрсететіні анықталды.

Slide 6

ФЕРМЕНТТЕРДІҢ ҚАСИЕТІ Ферменттер өз әсерін өте аз мөлшерде катализаторға ұқсас жүргізеді. Фермент өзінің әсер етуші заты - субстратпен (S) ферменттік реакция жүргенде фермент-субстраттық кешен (аралық зат) түзеді. Бұл кешеннің қызметі өте күрделі, ол субстрат пен фермент молекулалары конформациясы мен энергиясын және химиялық байланыстарын өзгертеді. Реакция өткен соң фермент-субстраттық кешен жаңа қалыпқа ауысып, фермент-реакция өнімі кешеніне айналады. Содан кейін ол фермент және реакция өніміне (Р) жекеленіп бөлінеді: S + E → S·E → EP → E + P Ферменттердің ка­та­ли­здік ерекшелігіне келесі қа­си­ет­тері жатқызылады: а) Фермент өздігінен жаңа ре­ак­ция жүргізбейді. Ол тек тер­модинамикалық мүмкін реакци­яны ғана жүргізеді. Реакция барысында активтендіру энергиясы төмендейді. 2-суретте көрсетіл­гендей, реак­ци­я­ның үлкен кедергі энергиясын сатылап бөліп, төмендету және активтендіру энергиясын жоғарлату арқылы реакция жылдамдығын жоғарлатады. б) Фермент басталған реакцияның бағытын өз бетінше өзгерте алмайды. Ол бір ғана реакция өнімі түзілуі бағытында жұмыс істейді. Мысалы, глюкокиназа глюкозадан тек глюкоза-6-фосфат түзілуін жүргізеді. в) Фермент қатысатын реакция қайтымды болса, ол реакцияны екі бағытта да жүргізе алады. Мысалы, көмірсулардың гликолиздік ыдырауына қатысатын фосфогексо-изомераза, альдолаза, фосфоглицерат-киназа, фосфоглицератлидаза және т. б.

Slide 7

Реакция түрлеріне сай ферменттер 6 топқа бөлінеді:

Slide 8

Кофермент Q10

Кофермент Q10- ның көп мөлшері басқа ағзалардан қарағанда жүрек бұлшық еттерінде көп болады. Сондықтан да, кофермент Q10 жүрек- қан тамыр ауруларында, төс артындағы ауру сезімі, жүрек ақауы, тәж артерияларының тромбозында, АҚҚ көтерілуінде көрінеді. Коферментті зерттеуде беделді дәрігер Карл Фолкерс (Техасс университеті) жапон ғалымы, Тацуо Ватанабе екеуі біргіп сау адамның және жүректің ишемиялық аурулармен ауыратын 100 науқастың қанының үлгісін салыстырды. Сау адамдардан қарағанда кофермент Q10 деңгейі кардиологиялық науқастарда 25%-ға кем болды. Кофермент Q10-дың жетіспеушілігі деңгейі барлық кардиологиялық науқастарда 75%, бұл қоспаны қабылдағандардың бәріне айтарлықтай емдік әсер көрсеткен. Кейіннен дәрігер Фолкерс келесі қорытындыға келді: жүрек аурулары коферменттің жетіспеушілігін шақырмайды, керісінше коферменттің жеткіліксіздігі жүрек ауруын шақырған.

Slide 9

Q10 коферментінің қолданылуы

Коэнзим Q10 (CoQ10) - бұл табиғи пайда болған заттек, сонымен қатар тамақтанатын азық-түлік қатарынан табылған.

1. Тағамдағы қоры - салыстырмалы төмен, күнделікті тамақтанғанда адам күніне 10мг-нан аз, көп бөлігін етпен және құс етімен бірге қабылдайды. CoQ10 бұл мөлшері адам ағзасындағы қызметі үшін жеткіліксіз.


Ұқсас жұмыстар
Ферменттер. Коферменттер
Ферменттер мен коферменттер жайлы
Коферменттердің құрылысы мен биологиялық функциясы. Изоферменттер. Мүше-спецификациялық ферменттер
Витаминді коферменттер
Коферменттердің түрлері
Ферменттеге жалпы сипаттама
Коферменттердің құрылысы мен биологиялық функциясы. Изоферменттер. Мүше- спецификациялық ферменттер туралы
Гипофиз гормондары
Ферменттер әсерінің теориясы
Ферменттердің жалпы қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz