Windows та мәтіндерді өңдеуге арналған программалар


Slide 1

Семей мемлекеттік педагогикалық университеті инженерлік технология факультеті

СӨЖ пән:Информатика

тақырыбы: Windows та мәтіндерді өңдеуге арналған программалар

Орындаған: Дз-517 т. Әмірханова А. А

Тексерген:Рысжанова А. С

Семей 2015

Slide 2

Мәтіндік информацияларды даярлау мен өңдеуге арналған программалар мәтін редакторы деп аталады. Өмірде кез келген ЭЕМ-де жұмыс істейтін адамдар әр түрлі есеп-қисаптар мен құжаттар дайындау, мақала және басқа жазбалар жазу сияқты мәтін дайындаумен айналысады. Мәтін редакторлары экранда мәтіндерді түзетуге, қателерін уақыттында табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, мәтіндерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуга, бірнеше алфавитті (латын, орыс, қазақ) қатар пайдалануға, құжаттарды қағазға бірнеше дана етіп басып шығаруға мүмкіндік береді. Дербес ЭЕМ-дер кітап, журнал, газет, т. б. шығаруда кең пайда-ланылады. Компьютерде: қате оңай түзетіледі, материалдарды дайындау шапшандайды, оларды безендіру жолдары жеңілдейді. Өте жоғары сапалы басылым шығара алатын лазерлік принтерлермен жабдықталған шағын баспахана жүйелерінің одан да күшті мүмкіндіктері бар. Кең тараған мәтін редакторларына WordPerfekt, Mikrosoft Word, MultiEdit, WordStar, PageMaker т. б. жатады.

Slide 3

WORDPAD

Slide 4

Міне, бұл мәтіндік редактордың терезесі. Бұл программада автоматты түрде Times New Roman қарпі орнатылады, қазақ тілін енгізу үшін саймандар тақтасында Шрифт батырмасын шертіп, Times\Kazakh қарпін таңдау қажет.

Мәтінді енгізу және редакциялау :Мәтін пернетақта арқылы енгізіледі.

Мәтінмен жұмыс істегенде Жартылай қалың, курсив, асты сызылған командаларын таңдауға болады.

Бұл программада мәтінді туралау, яғни сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша туралау.

Файл-Макет страницы командасын орындап, парақтың өлшемін көрсетуге болады.

Ориентация тізімінен альбомдық немесе кітап опциясын таңдауға болады.

Файлдың аты 1ден 255 ке дейін символдан тұруы мүмкін.

Slide 5

Microsoft office word

Microsoft Office Word - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы. Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі. Қазіргі компьютерлік технологияларда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материялдарын теруден бастап, олардың оригинал - макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады. Мұндай құжаттар мен кестелерді көрікті етіп, безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар, стильдер, жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограмалар тілі, қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады.

Slide 6

Word редакторын тағайындау, іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау

Word-пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.

Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырлады:

Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске қосуға арналған.

Программалардың Microsoft Office тобындағы WORD шартбелгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.

Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.

WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т. б.

Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі:

Файл→Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;

WORD негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ шеттегі жүйелік меню белгісіне алып барып, тышқанды екі рет шерту немесе батырманы бір рет басып, менюдің Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

редактор терезесінің тақырыб жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу;

Тікелей Alt+F4 пернелерін басу.

Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертіліп, бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу (Иә-Да) керектігін, ал жазбасаңыз (Жоқ-Нет) оны да растап беруіңізді өтінеді. Қалауңыз бойынша, редакторда әрі қарай жұмыс істей беруіңізге де (Болдырмау-Отмена) болады.

Slide 7
Ұқсас жұмыстар
Экономикаға бағытталған программалық жабдықтар
ДЭЕМ - нің программалық жабдықтары. Программалар жайлы ақпарат
Программа
ДЭЕМ - нің программалық жабдықтары.Программалар
Қолданбалы жүйелік программалар
Диалогтық терезе
Операциялық жүйелер, түрлері, қызметі
ДЭЕМ-нің программалық жабдықтары. Программалар туралы ақпарат
ДЭЕМ-нің программалық жабдықтары жайлы ақпарат
МӘТІНДІК ПРОГРАММА
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz