Сыныптан және мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмыстары: ұйымдастыру мен өткізу әдістемесі


Slide 1

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Орындаған:Құралтаева Мадина

Тобы:П-301

Тексерген:П. ғ. к. доцент Султанова Н. К.

Slide 2

Оқушылардың сыныптан тыс музыкалық жұмыстарды ұйымдасту және өткізу әдістемесі слайд арқылы түсіндіру

Slide 3

Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысы оқушыларды қоғамдық мәні бар музыкалық іс-әрекеттерге белсенділікпен қатыстыру, бастамашылдық пен өз беттілікке ынталандыру, жеке тұлғалық музыкалық қызығушылығын арттыру негізінде музыкалық бейімділіктері мен қабілеттерін дамыту міндеттерін жүзеге асыруды көздейді.

Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысы, мектептегі оқу-тәрбие іс-әрекетінің табиғи жалғасы әрі маңызды элементтерінің бірі ретінде, музыка сабақтарында алған білім, іскерлік, дағдыларын әрі қарай тереңдетіп жалғастырушы болып табылады. Бұндай тәрбие жұмысы оқушыларға білім мен тәрбие берудің жалпы принциптеріне бағынады. Оған бірнеше ерекшеліктер тән.

Slide 4

Үшіншіден, сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатаң шектеу болмайды. Бұл баланың өз ынта-жігеріне қалауына, еркіне сәйкес ұйымдастырылатын әрекеті.

Төртіншіден, сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың әлеуметтік-музыкалық тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оны музыка өнерінің таңдаулы үлгілерімен кеңірек таныстырып, қажетті музыкалық практикалық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырады.

.

Біріншіден, сыныптан, мектептен тыс түрлі музыкалық әрекет баланың музыка сабағына ашыла бермейтін жеке-дара музыкалық қабілетін ашуға ықпал етеді.

Екіншіден, балалардың ұжым болып әрекет етуге деген талпыныстарын қанағаттандырып, ұжымдық-орындаушылыққа, ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға үйретеді.

Slide 5

Жүйелі түрде және мақсатты бағыттылықпен жүргізілетін сабақтан, сыныптан, мектептен тыс тәрбие жұмысы, сондай-ақ балалардың музыкалық-шығармашылықтарын дамыту осы жұмыстың жоғарыда аталған ерекшеліктерін, оқушылар құрамының жас және жеке-дара ерекшеліктерін, материалдық базаны, педагог мамандардың кәсіптік деңгейін, жергілікті жердегі мәдени инфроқұрылымдардың және т. б. мүмкіндіктерін есепке алу негізінде түрлі ұйымдастыру формалары арқылы жүзеге асырылғанда ғана нәтижелі жетістіктерге қол жеткізеді.

Slide 6

Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмыстарын негізгі үш топқа бөліп топтастыруға болады:

оқушылармен жеке жұмыс;

түрлі үйірмелердегі, клубтар мен қоғамдардағы, шығармашылық бірлестіктердегі топпен жұмыс;

балалардың үлкен ұжымдарға қатыстыратын көпшілік іс-шаралары.

Оқушылармен жеке жұмыс жеке дауыста ән салу немесе музыкалық аспаптарда: домбыра, қобыз, сырнай, фортепиано, скрипка, гитара және т. б. ойнап үйрену және т. б. әуесқойлық қызығушылығын қанағаттандыру мақсатында музыкант-педагогтердің, музыка мамандарының жетекшілігімен ұйымдастырылады. Осындай жеке жұмыс балалардың болашақта топтық жұмысқа таратылуының алғашқы сатысы болып табылады

Slide 7

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың сыныптан тыс музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Мектептегі сыныптан тыс музыкалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Сыныптан және мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысының әдістемесі: хордағы ән айту мен көпшілік іс-шараларын ұйымдастыру
Сыныптан және мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысының мақсаттары, түрлері және ұйымдастырылуы
Сыныптан тыс және мектептен тыс экологиялық тәрбие: ұйымдастыру ерекшеліктері мен міндеттері
Мектептен тыс тәрбие жұмыстары: мазмұны, міндеттері және ұйымдастыру формалары
Биология пәнінен сыныптан тыс тәрбиелік және тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу әдістері
Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны, міндеттері және ұйымдастыру әдістемесі
Сынып жетекшісінің сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері
Мектептен тыс мекемелер: ұйымдастыру, мазмұны және қызмет бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz