Малдардың тыныс алу жүйесінің аурулары: жіктелуі, клиникалық белгілері және емдеу


Slide 1

Орындаған:Алмасова. Қ

Тексерген:Билялов. Е. Е

Тыныс алу жүйесінің аурулары

Slide 2

Тыныс алу-организимнің сыртқы ортадан өзіне оттегін сіңіріп, ол ортаға көмірқышқыл газы мен суды бөліп шығаратын, үздіксіз жүретін, күрделі биохимиялық процесс. Жан-жануарлар өз өмірін сақтау үшін сыртқы ортадан оттегі организм ағзаларына, ұлпалары мен торшаларына үздіксіз жеткізіліп отырылуы қажет. Мәселен, жылқы малы тыныш тұрған жағдайда минутына 4-6л, қой малы350-400мл оттегін қажет етеді. Малдарда кездесетін барлық аурулардың 95% -дан аса мөлшері жұқпайтын ауруларына жатады. Олардың 25-75%-ы өлімге-жітімге ұшырайды. Жоғарға сатыдағы көп клеткалы жануарлардың газ алмасу процесіне міндетті ағзалардың көбі сыртқы ортамен тиіспейді.

Slide 3

Тыныс алу жүйесі ауруларының жіктелуі

Тыныс алу жолдарының аурулары

Өкпелердің аурулары

Өкпе қабының ауруы

Тыныс жолдарының ауруларына жататындар:

Танау қуысының қабынуы-риниттер

Көмекейдің қабынуы-ларингиттер

Кеңірдектің қабынуы-трахиттер

Бронхылардың қабынулары-бронхиттер

Slide 4

Өкпелердің ауруына жататындар:

Өкпелердің қан кернеп ісінуі

Өкпе қабынулары (крупозды, гипостазды, метастаз)

Өкпе гангренасы

Өкпелердің эмфиземасы-альвеоллалық және интерстициалдық .

Slide 5

Танау қуысының қабынуы

Ринит, барлық малдарда, әсіресе төлдерде жиі кездеседі. Басалқы және қосалқы; жіті және созылмалы; катарльды, крупозды және фолликулярлы түрлерін ажыратады.

Негізгі себептері:

Малдарды күту және азықтандыру тәртібінің бұзылуы.

Малдардың шаңды жерде дем алуы.

ОРганизмде болатын аллергиялық құбылыстар мен патогенді микроорганизмдердің әсерінен.

Мал қораларының ластануы.

- Індетті, құрт және жұқпалы емес аурулардың асқынуы.

Slide 6

Клиникалық белгілері

Аурудың жіті түрінде ауру аздап жабырқаған, дене қызуы көтеріңкі. Мал пысқырып, түшкіріп, кейде танауларын бөгде заттарға үйкелейді. Дем алу мен дем шығару уақыттары ұзарады. Танау кілегей қабықтары қызарып, домбығып-ісінеді. Ауру қолайлы жағдай да өтсе, ауру мал 5-10 күннің ішінде толық айығып кетуі мүмкін.

Созымалы түрінде ауру мал арықтайды, жұмысқа қабілеттілігі нашарлайды, ауық-ауық асқынып тұрады. Танаудың кілегей қабығы бозарыпсемеді, жалақтанады.

Крупозды түрінде қан кернеледі, кілегей қабықтарына сұрғылыт сары немесе қызғылт сары түсті фибринді заттар жиналады.

Фолликулярлы түрінде, әсіресе жылқыларда, танаудың кілегеә қабықтарында ашық-қызыл, не бозғылт -сары түсті, бір-біріне жақын орналасқан көптеген дөңгелек түйіршіктер пайда болады.

Slide 7

Емі

Аурудың себептерін дұрыс анықтап, оны жою.

Суықтықты, ыстықтық пен ылғалдықты реттеу

Малдарды төсенішпен қамтамасыз етіп, қора ауасындағы аммиактың, күкіртті сутегінің мөлшерін азайту шараларын жүргізу.

Шаң аралас, өткір иісті азықтарды бермеу.

Танау қуыстарын 0, 25% новкаин, 5% натрийдің бикарбонат, 2%меньол ертінділермен жуып-шаю.

Slide 8

Қолданылған әдебиеттер:

1. К. Н. Қожанов Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары /қосымша оқу құралы/, Семей, 2005 ж.

2. К. Н. Қожанов, А. З. Дюсембаева, С. О. Балтыбеков, А. К. Омашев. Малдың ішкі жұқпалы емес ауруларының практикумы. - Семей, 2000ж.

3. А. В. Васильев Диагностика внутренних болезней домашних животных. - М. : Сельхозиздат, 1956

4. В. И. Зайцев, А. В. Синев, П. С. Ионов и др. Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных животных. - М. : Колос, 1964

5. К. Кожанов. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде / әдістемелік нұсқаулар/ Алматы 2006


Ұқсас жұмыстар
Малдардың ас қорыту жүйесінің аурулары: жіктелуі, себептері, клиникасы және емдеу шаралары
Тыныс алу ағзаларының аурулары: этиология, патогенез және клиникалық-морфологиялық негіздер
Анафилаксияның себептері, клиникалық белгілері, емдеу және алдын алу шаралары
Босанудан кейінгі септикалық аурулар: жіктелуі, клиникалық белгілері, емдеу және алдын алу
Тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы және гипоксияның жіктелуі мен механизмдері
Тыныс алу ағзаларының аурулары: клиникалық, рентгенологиялық және патоморфологиялық аспектілер
Малдардың улануы: улы заттардың әсері, клиникалық белгілері және залалсыздандыру
Тыныс алу жүйесі және тыныс алу жаттығулары: әдістері, аурулары және алдын алу
Өкпе ісігі: эпидемиологиясы, этиологиясы, жіктелуі, клиникалық белгілері және емдеу әдістері
Тыныс алу жүйесі аурулары бар науқастарды клиникалық қарау: тактика және диагностика алгоритмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz