Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы
Презентация қосу
МАҒЖАН ЖҰМАБАЙ
(ӘБІЛМАҒЖАН)
БЕКЕНҰЛЫ
Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893,
Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы,
Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының
қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі. “Алаш”
партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. “Үш жүз
” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға
отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып,
онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті.
Өмірбаяны
Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын
хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910 – 1913 жылдары Уфа
қаласындағы “Ғалия”медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы
Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен ты ғыз
қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен
танысады.
Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер
баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жина ғы басылып
шығады. “Садақ” журналын шығаруға қатысады, о ған өзіні ң өле ңдерін
жариялайды. 1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.
“Бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып, “Балапан” қолжазба журналын
шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан , А.Байтұрсынұлы , М.Дулатұлы секілді
алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, Қазақ газетіне өз өлеңдерін
жариялайды.
1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жа ғдай ға сай
қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді
ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы с әуірде
Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында
өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ
съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына
депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
1918 – 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет
етті. 1919 – 1923 жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық
туы” газетінде, “Шолпан”, “Сана”журналдарында, “Ақжол” газетінде
қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол
кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа
шығарады.
1923 – 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында
оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп,
орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен досты қ
қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оны ң шығармалары
орынсыз сынға ұшырады.
1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері
коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында
жиналыс өтіп, олар Жұмабайұлының 1922 жылы қазанда, 1923 жылы
Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды.
Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Б ұл
қаулы “Еңбекші қазақ” газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында
басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын “Сәлем хат” деген өле ң
жазды.
Ол “Тілші” газетінде жарияланды. “Еңбекші қазақ” газетінің 1924 жылы 19
желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың “Сәлем хат жазған азамат
Мағжан Жұмабайұлына” деген ескертпемен “Сәлемге с әлем” деген жауап
өлеңі басылды.
Ол “Тілші” газетінде жарияланды. “Еңбекші қазақ” газетінің 1924
жылы 19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың “Сәлем хат
жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына” деген
ескертпемен “Сәлемге сәлем” деген жауап өлеңі басылды.
Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса
да, “уралап айқайламадың” деген кінәмен, тап күресіне белсене
араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Жұмабайұлы
қатаң сынға алынды. Жұмабайұлы 1927 – 1929 жылы Бурабайда,
одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады.
1929 жылы Жұмабайұлы “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін
деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10
жыл айдауға кесіледі. 1936 жылыМ.Горький мен Е.Пешкованың
араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады.
Петропавл қаласыннда мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ
беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу
ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген
айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 жылы наурызда
Жұмабайұлы Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938
жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.
Мағжан шығармашылығы
Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып,
ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды.
Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны “хакім” деп
атады, ұлы ақынның “мың жыл жұтса дәмі кетпес” сөзін жаңа
жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани
қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр
мен мазмұн жағынан байытты. Жұмабайұлы ел ішіндегі
әлеуметтік мәселелерді көтерді (“Шын сорлы”), халқын өнер-
білімге шақырды (“Ләззат қайда?”, “Жазғы таң”, “Өнер-білім
қайтсе табылар”, “Балалық шақ”, “Қазағым”, “Қарағым”, “Осы күнгі
күй”, “Мен сорлы”).
Бірқатар өлеңдерін махаббат тақырыбына арнады (“Жас келін, “Зарлы
сұлу”, “Сүйгеніме”, “Алданған сұлу”). Өз поэзиясының алғаш қы
қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін Жұмабай ұлы ұлт
азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясыны ң өзегі етті.
Бүкіл халықты тап, топқа жіктемей, Қазақ елін әлемдік мәдени
жетістіктерге қол жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, о ған
басты кедергі – отаршылдық деген шешімге келді.
Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің табиғатын тамашалаудан
барып қайран жердің ендігі күні не болады деген уайым- қай ғы ға ұласады,
ақыры келіп кіндік қаны тамған нулы, сулы өлкені жаулап жат қан қара
шекпенді отаршылдыққа қарсы наразылық оты болып тұтанды (“Ту ған
жерім – Сасықкөл”). Ақын халқымен бірге күйзелді, осыдан келіп
романтикалық әуенге бөленген жорық идеясы туды (“Жарыма”, “Есімде...
тек таң атсын”, “Жаралы жан”, “Мен жастар ға сенемін”, т.б.).
Жұмабайұлы шығармаларындағы романтикалық сарын, әсіресе, оны ң
символистік арнада жазған өлеңдерінен ай қын көрінеді. А қын символизмі
болашақ пердесін ашатын жаңа мифология туғызды, келешек суретін
салу саясатшылардың емес, ақындардың қолында деген сенімге айналды
(“От”, “Пайғамбар ”, “Күншығыс”, “Жаралы жан”, “Айға”, т.б.). Ақын дыбыс-
буынның соны үндестіктерін тауып, қазақ жырын байыта түсті
(“Шолпы”). Жұмабайұлы поэзиясындағы құнарлы арнаның бірі – түркі
тақырыбы. Түркі халықтарының бірлігі тақырыбы Ж ұмабай ұлы
поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы іспетті.
Ақын дүниетанымына Қызылжардағы Бегішев медресесінде оқуы көп ықпал етті.
Ол жас өрен жүрегіне түрікке деген бауырмалдық сезім туғызды. “Шолпан
”жинағындағы “Орал тауы” өлеңінде:
““Қосылып батыр түрік балалары,Таптатпа, жолын кесіп тізгінге орал””, – деп
жазды. Ерекше атап өтетін бір жәйт – Жұмабайұлының түрік халқының шет ел
басқыншыларына қарсы азаттық қозғалысына үн қосуы. Мұнда реалистік,
романтикалық сарындар бір-бірімен астасып, бірге өріліп отырады.
Жұмабайұлы қазақ лирикасының сыршылдығын тереңдетті, адамның нәзік
сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның, әсіресе, махаббат лирикасына
тән (“Сүй, жан сәулем”, т.б.). Жұмабайұлы – әлемдік поэзияда экологиялық
тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі (“Айда атыңды, Сәрсембай”, “Шойын
жол”). Ол техикалық прогреске қарсы болған жоқ, оның ұлттық-мәдени,
рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Техника жетістіктерін қызыға жырлай
отырып, туған жердің әсем табиғатынан айырылып қалмауға үндеді.
Жұмабайұлы аударма саласына үлкен мән берді. И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас,
А.В. Кольцов, М.Ю. Лермонтов, А.А. Фет, И.И. Дмитриев, И.П. Мятлов, А.А.
Блокөлеңдерін, А.М. Горький, В.В. Иванов, Д.Н. Мамин-Сибиряк, т.б.
әңгімелерін қазақ тіліне аударды. Таңдаулы прозалық шығармалар
аударумен қоса Жұмабайұлы“Шолпанның күнәсі” әңгімесі арқылы қазақ
әдебиетіне психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізді.
Шығармалар
Қазақтың көңіл күйі, өлең, “Үзік” жинағында, Орал, 1912;
Шолпан, өлеңдер, Қазан, 1912;
Өлеңдері, Қ.-О., 1922;
Өлеңдері, Таш., 1923;
Шығармалары, А., 1989;
Таңдамалы, А., 1992;
Шығармалар, 3 т., А., 1995.
Мағжанның әйгілі өлеңдерінің бірі "Мен Жастарға
Сенемін" болып табылады.
Қайтыс болғаннан кейін
Мағжан Жұмабайұлының мемориалдық мұражайы
Қазақтың Ұлы ақыны Мағжан Жұмабайұлының ескерткiшi
Киношежіре
1990 — «Мағжан» режиссері: Қ.Умаров
Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
1994 — «Алаш туралы сөз» Алашорда режиссері: Қ.Умаров
Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
2009 — «Алашорда» Алашорда режиссері: Қ.Умаров
Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы
Орындаған : Атанова Еркежан ЖУ-
302
Тексерген :Секей Жанбота
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz