Мұхтар Әуезов (1897-1961) шығармашылығы



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Физика-математикалық факультет
5В011100-Информатика мамандығы
Т-441 топ
СӨЖ
Тексерген:Оралбекова Б. С.
Орындаған: Байдолдина Д. Е.

Мұхтар Әуезов
(1897-1961) шығармашылығы

Мұхтар Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте қазіргі Шығыс Қазақстан облысының (бұрынғы Семей облысы) Шыңғыстау бөктеріндегі Қасқабұлақ деген елді мекенде дүниеге келді. Мұхтар туылғанда, Абай елу екі жаста, есімі елге кеңінен тараған атақты ақын еді. М. Әуезов Абайды өз көзімен көреді. Жастайынан Абай өлеңдерін жаттап, ауылдағы ескі құлақ қариялардан аңыз-ертегілерді, жыр-дастандарды жалықпай тыңдап, Абай мектебінен осылайша тағлым алады; ұлы Абай поэзиясының асыл қасиеттері жас Мұхтардың жүрек түкпіріне сөз өнерінің ұрығын терең сеуіп, келешекте шешек атып гүлдеуіне негіз жасайды.

Жазушының арғы аталары қожа болған екен. Яғни, Әбдi қожадан тараған ел. Әбдi қожадан Бердi қожа, одан Әуезхан қожа, одан Омархан, Омарханнан Мұхтар дүниеге келген. Мұхтардың атасы Әуезхан қожа үлкен молда кiсi болған. Атасы Мұхтарды 5 жасынан бастап арабша оқытқан. Сондағы арабша мүрсейiт қолжазбаларының беттерi сақталған. «Балалық шағым ауылда өттi, қара тани бастағанымда, сол кез немерелерiн атам Әуездiң өзi оқытатын», деген Мұхтардың өз сөзi де бұл әңгiменi дәлелдей түседi. «Атамыз апта аралаған сайын үйге шақырады бiздi. Қолындағы қалың қолжазбаны көргенде неге шақырғанын бiле қоям. Атам маған кiтаптағы араб әрiптерiн көрсете бастайды. Айтуға бiр оңайы болса игi, бiрiнен-бiрi өткен қиын, бұл кiтап Абай өлеңдерiнiң жинағы. Атамыз бiздi өзiнше оқытатын. Ал шәкiрт байғұстың көз жасы тимей кетушi едi. Аздап қара таныған соң, өлеңнiң бiрiнен соң бiрiн жаттадым», - дейдi Мұхтар Әуезов өз жазбаларында.

Жас Мұхтар Семей қаласындағы медреседе, бес кластық орыс мектебінде, оқытушылар семинариясында (1914-1919) білім алады. Бұл кез Семей қаласының қазақ даласындағы рүхани-саяси орталықтардың біріне айнала бастаған уақыты болатын. Осындағы оқыған қазақ жастарымен, әсіресе ұлт азаттығын мақсат тұтқан алашордашылармен қоян-қолтық араласудың барысында семинарист Мұхтардың ұлттық сана-сезімі жетіліп, біржола халықтық, ұлттық жолға түседі. М. Әуезов осы жылдарда қалыптасқан ұлттық-халықтық бағыттағы азаматтық бет-бағдары үшін өмір бойы (әсіресе 30, 50-ші жылдары) кеңес өкіметі тарапынан қуғынға ұшырап, әупірім-тәңіріммен аман қалып отырды.

Жазушы адам бойындағы пәктік пен сұлулықты әділетсіздік пен азғындыққа қарсы қоя, жарыстыра суреттеу арқылы қазақ әдебиетіне классикалық психологиялық прозаның үлгісін әкелді.

М. Әуезов шығармашылығы - ХХ ғасырдың әсемдігімен, ғажайып әсерлілігімен сиқырлы, қайталанбас ұлы құбылысына айналды. Әуезов мұраларынан алатын тағылым ұшан-теңіз. Жазушы шығармаларында өз халқының тыныс-тіршілігін, қам-қарекетін, аяулы арманы мен нұрлы үмітін, тарихи болмысы мен бүгінгі бітімін терең ұғынып бере білген суреткер.

М. Әуезов қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен өмірлік, шығармашылық жолдарында зор табыстарға жетті. Жиырма жасында «Еңлік-Кебек» трагедиясын жазғаннан кейін он шақты жыл ішінде көптеген әңгіме, повесть, пьесаларымен көзге түсті. Атап айтақанда: «Қорғансыздың күні», «Барымта», «Ескілік көлеңкесінде», «Көксерек», «Қыр» әңгімелері, «Жетім», «Қараш-қараш оқиғалары», «Қаралы сұлу», «Қилы заман» секілді прозалық шығармаларымен оқырман назарын бірден өзіне аударды. Прозаның шағын жанрының шебері екендігін көрсететін осы шығармаларында адамның іс-әрекетін әлеуметтік-қоғамдық жағдайлармен астастыра келіп, кейіпкер психологиясының терең иірімдерін, табиғат суретін, халықтың дәстүрлі тіршілігін, тынысын, ұлттық мінез-құлқын мейлінше қанық, толық суреттей білген.

Мұхтар Әуезов жасаған образдарда адам келбеті ғана емес, қаһарманның да, қаламгердің де арман-толғанысын, асқақ қиялын көреміз. Абай, Тоғжан бейнелері соның жемісі. Характер қасиетіне байланысты жазушының бояуы ажарлана түседі, құбыла түседі: бірде нәзік жанның жан құбылысы жаныңды тербетсе, енді бірде ой шатқалына сүңгисің, тағы бірде сұрланған беттің сұмдығынан шошисың… Осылай кете береді. Бірақ суреткердің біргегей мақсаты - кейіпкер тебіренісін терең ашу. Барлық бояу, штрих, келбет құбылысы - бәрі де осы мақсатқа бағынған.
Жазушы образды шеберлікпен беруде сан түрлі қимылдар жасайды. Қимыл, сезім үстінде біртіндеп ашу үстінде әдісін де, жинақтап, тұтас суреттеу тәсілін кеңінен қолданған.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz