Сарықалуен




Презентация қосу
Сарықалуен
Жоспар:
• Сарықалуенге сипаттама
• Сарықалуеннің құрылысы
• Сарықалуеннің таралу аймағы
• Сарықалуеннің алдын алу шаралары.
• Сарықалуенмен биологиялық күресу
шаралары
• Қорытынды
• Пайдаланылған әдебиеттер
Сарықалуен.
Сарықалуен, тікенқурай (Cіrsіum)—
күрделігүлділер тұқымдасына жататын
тікен жапырақты екі немесе көп
жылдық шөптесін өсімдік.
Сарықалуеннің құрылысы.
Сарықалуеннің биіктігі 30 — 150 см аралығында, өте тереңге
(4 — 6 м) кететін тарамданған тамыры
болады. Жапырақ тақталарының жиектері ұзын тікенекті,
олар тік өсетін сабағына кезектесе орналасады. Ұсақ, қос
жынысты гүлдері себет гүлшоғырына топталған. Гүлінде
тостағанша жапырақшалары болмайды, олар түрін
өзгертіп гүлдің түбінде үлпек айдаршаға айналған. Үлпек
айдаршасының көмегімен жемістері желмен алысқа таралады.
Себетгүлі тек түтікшелі гүлден құралады. Сыртынан жасыл
орама жапырақтар қаптайды, олар гүл жарғанша күлтені
жауып тұрады. Күлтесі ақшыл күлгін, қызыл, сарғыш түсті.
Аталығы 5, тозаңқаптары өзара бітісіп кеткен. Аналы ғы —
біреу, аузы қос тілімді, жатыны бір ұялы. Сарықалуендер
тамыры арқылы немесе вегетативті түрде көбейеді. Мамыр
айынан қыркүйекке дейін гүлдеп, жеміс салады. Жемісі —
қақырамайтын тұқымша. Өте көп тұқым береді, тұқымы
эндоспермсіз (ұрықтың қоректенуіне қажетті ерекше ұлпа
болмайды).
Сарықалуен құрылысы.
Сарықалуен таралы аймақтары.
Негізінен солт. жартышарда кездесетін 200-ден аса
түрі бар. Қазақстанның барлық аймағында кездеседі.
Далалық жерлердегі шалғындарда, таулардың тасты
беткейлерінде, өзендер мен сортаңды көлдердің
жағалауларында, жол жиегінде және егістік арасында
өсетін 19 түрі бар.
Сарықалуеннің алдын алу шаралары.
Алдын алу үшін ерте көктемде
олардың бар жоғын ексеріп,
қолданылатын шараларды жоспарлы
түрде жүргізіп отырған жөн. Ең негізгісі
көптеген мәдени дақылдар
сарықалуенге өте тез беріліп отырады,
сондықтан олардың арамшөптерге
төзімді сорттарын ауыстырып егіп
отырған жөн.
Қорытынды:
Сонымен сарықалуеннің алдын алу
және күрес шараларын жүргізу ауыл
шаруашылық дақылдарының жақсы
әрі сапалы өнім беріуіне тікелей әсер
етеді. Ауыл шаруашылық дақылдарын
арамшөптен қорғау мақсатында
биологиялық, агротехникалық және
химиялық шараларды жетік
меңгеруіміз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
• Ю.Б. Рычин “Сорные растения”
• Л.Н.Верещагин “Атлас травянистых
растений”

Пәндер