Фототопография
Презентация қосу
Фототопография
Топографиялық түсіріс- жер
беті бөлікшесінің жергілікті
заттары мен бедерін шартты
белгілермен қағазда белгіленген
масштабта бейнелеу мақсатымен
жүргізілетін далалық және
камералық жұмыстар кешені.
Топографиялық түсіріс
ортогональді проекцияда 1:100
000 және одан ірірек
масштабтарда жасалады.
Мемлекеттік геодезиялық
пландық және биіктік тораптар
пункттері Топографиялық
түсірістің пландық және биіктік
негізі болады.
Топографиялық түсіріске қамтылатын шаралар: түсіру
торабын құру; аэрофотосуреттерді далалық дайындау
және оларды анықтау ісін жүргізу; геодезиялық
пункттерден және түсіру желісі нүктелерінен жергілікті
жердегі заттардың орындарын анықтау және оларды
шартты белгілермен планшетке түсіру масштабына сәйкес
дәлдікпен және толықтығымен салу; жергілікті жердің
бедерін горизонтальдармен бейнелеу; елді мекендердің,
өзендердің, көлдердің, шатқалдардың және т.б. өз
атауларын анықтау; картада көрсетілетін жергілікті жердегі
кейбір нысандардың сипаттамаларын: өзендердің ағыс
жылдамдығын және терендігін, көпірлердің
жүккөтергіштігін, ағаш түрін, батпақтан өтпелерді және
т.б. тиісті ұйымдардан білу немесе тікелей анықтау.
Топографиялық түсіріс аэрофототопографиялық,
мензулалық және фототеодолиттік түрлерге бөлінеді.
Аэрофототопографиялық түсіріс кезінде аталған
жұмыстардың біршамасы фотограмметриялық
аспаптарда камералық жағдайда орындалады.
Топографиялық түсіріс нәтижелерінің планшеттері
түсіріс масштабында шығарылатын топографиялық
карталарды жасаудың түпнұсқасы немесе ұсақ
масштабтағы картаны жасау үшін негізгі материал
болады. Инженерлік құрылыстар үшін орындалатын
тахеометриялық және теодолиттік түсірістер
инженерлік геодезия саласына жатады.
Топографиялық түсіру (Топографическая съемка) — жергілікті
жердің жоспары мен топографиялық картасын жасау кезіндегі
орындалатын жұмыс кешені. Түсіру желісінің дамуы (тірек
нуктелерінің жоспарлы және биіктік қалпын анықтау); егжей-
тегжейлі түсіру (жергілікті жердің элементтері мен
объектілерінің жоспарлы қалпы мен биіктігін анықтау, жергілікті
жер объектілерінің өз атауларын, олардың сандық және
сапалық. сипаттарын белгілеу, топографиялық шартты
белгілермен түсіру немесе кұру түпнұскасын сызу.
Топографиялық түсіру түрлері аэрофототопографиялық,
мензулалық, тахеөметриялық, жер үсті фотографиялық түсіру.
Аэрофототопографиялық түсіру — аспаптар көмегімен
жергілікті жерді аэрофотоға түсіру — топографиялық түсірудің
негізгі түрі.
Аэрофототопографиялық түсіру
стереотопографиялық немесе аралас
әдіс бойынша анықталады.
Стереотопографиялық өдісті
жергілікті жердің барлық
элементтері камералы
фотограмметриялық аспаптарда
құрылады; аралас әдісте картаның
контурлы бөлімі аэрофототүсіру
арқылы, ал жер бедері мензулалы
түсіру төсіддері арқылы құрыладық.
Аэрофототопографиялық түсіру 1:10
000 — 1: 100 000 масштабтағы
топографиялық карталар жасау
кезінде қолданылады
Ұқсас жұмыстар
Фототопографиялық түсіріс |
ТОПОГРАФИЯЛЫҚ ПЛАН ЖӘНЕ КАРТА |
ИНЖЕНЕРЛІК ГЕОДЕЗИЯ пәні |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz