Генри Форд


Slide 1

Генри Форд

Slide 2

Генри Форд (ағылш. Henry Ford; 30 шілде 1863 жыл - 7 сәуір 1947 жыл) - бірегей тұлға, бұл машина құрылысында революция жасаған - шын мәнінде жеке автомобильді ойлап тапқан адам.

«Форд десек, автомобильді меңзейміз, автомобиль десек, Фордты меңзейміз». Өткен ғасырдың 20-жылдары қарапайым американдықтар XX ғасырдың ең үздік бизнесмендерінің бірінің еңбегін мойындап, осылай деп айтушы еді. Генри Форд табысының тарихы - бұл тар жол тайғақ кешуден өткен ирландтық текті ауыл баласының заманауи капитализмнің негізін қалаушысына айналу жолы.

Slide 3

Өмірбаяны

Генри Форд алты ағайынды болды. Отбасы өмірі бір сарынды өтуші еді: ата-анасымен бірге балалар үй шаруасын жасады, фермада жұмыс жасады, шошқа бағып, таң атқаннан кеш батқанша егісте ерінбей еңбек етті. Генри әкесінің фермасында мықты шаруа адамы бола алатын еді, бірақ мұны тағдыр жазбапты. Оны құрылғылар мен механизмдер әсері әлдеқайда көп қызықтыратын. Ұл бала үнемі бірдеңені бұрап, құрастырып, үйде кездесетін, қарапайым аспаптар құрылғысын зерттейтін, ағалары мен апаларының механикалық ойыншықтарын бөлшектеуші еді. Фордтардың отбасылық аңыздары бойынша үйде жаңа ойыншық пайда болса, балалар оны болашақ авто конструктордан «Тек ойыншықты Генриге бермеңдер!» деген айқаймен жасырушы еді.

Жас Форд 12 жасқа толғанда әкесі ұлына қалта сағатын сыйлады. Ал ол шыдамай, сол сәтте механизмін көру үшін оны ашып қарайды. Сағаттың тісті доңғалағының құрылғысын жылдам түсініп, ол аймақтағы сағаттарды жөндей бастады, сонымен қоса көрші-фермерлерлердің кофе ұсатқыштарын, молотилкаларын және басқа да механикалық аспаптарын жөндеп беруші еді. Осылайша Генри өзінің алғашқы ақшасын тапты.

Slide 4

Шамамен сол жасында ол оның келешек өміріне тікелей әсер еткен алғашқы «техникалық» толқынысын басынан кешірді. Қаладан фермаға ат арбамен қайтып келе жатқанда аттарды үркітіп, дәл жанынан ысылдаған үлкен өздігінен бумен жүретін машина - локомобиль ызғытып өтті. Сол күні жас Генри Форд өз өмірін механикаға арнайтынына өз-өзіне ант берді.

1879 жылы Форд 16 жасқа толғанда, ешкімге бір сөз айтпастан тағдырын сынау үшін Детройтқа жол тартты. Алдымен ол ағайынды Флауэрлердің кеме салу зауытына көмекші шебер болып орналасты, ал түнде сағат жөндеушінің көмекшісі болып, қосымша ақша табатын. Өмір ауырлап кетті, ақша тамаққа әзер жетуші еді, бірақ Генри мұнда бағасыз сабақ алды. Бірде зауыт инженері жас жігіттің аса ауыр арбаны әзер тартып келе жатқанын көріп: «аяқтарыңның саусақтарына тіреліп тырмыс, сонда бәрі де жақсы болады» деп айқайлады. Форд үлкен жолдасының оған кездейсоқ аяқ астында айтқан сөзін өмір бойы есінде сақтап қалды. Соңынан, ол Американың ірі авто өнеркәсіпшісі болғанда, ол бұл сөзді өзінің инженерлік зертханасының қабырғасына ойып жазады.

Slide 5

Детройтта Форд Эдисонның жергілікті электр компаниясына инженер қызметіне кірді. Түнде ол өз үйінің жанындағы кішігірім сарайда жоғалатын, мұнда ол өзінің болашақ автомобилінің қозғалтқышын құрастырушы еді. 1893 жылы Форд түні бойы көз майын тауысқан, өзінің бірінші моторын құрастырды. Генри өзін бақытты сезінді. Ол моторды арбаға орнатты - осылайша Детройтта бірінші автомобиль пайда болды. «Жұртшылық оған қоғамдық апат ретінде қарады, себебі ол көп шу шығарып, аттарды үркітетін еді, - деп келтіреді Форд сөзін «Вокруг Света» журналы - Мен қалада тоқтағанда үнемі менің арбамның жанында бір топ халық жиналатын еді. Егер мен оны бір минутқа қалдырсам, оны айдап көргісі келетін, бір қызық құмар адам табылатын еді. Соңынан мен өзіммен бірге шынжыр алып жүретінмін, егер арбамды бір жерде қалдырсам, оны шам бағанасына бекітіп кететін болдым».

Slide 6

Форд компаниясының алғашқы көліктерінің бірі

Slide 7
Ұқсас жұмыстар
Форт династиясы
Автокөлік өндірісі
Менеджмент ғылымы
Денсаулық сақтауда басқару шешімдерін қабылдау
Менеджмент туралы ғылымды қалыптастыру және дамыту
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҮЙЕСІ. БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қайта құрудың әлеуметтік - экономикалық тиімділігі
Сабақ үлгілері
Ұйым түсінігі және түрлері. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
Ньютонның Кеплер заңдарын дәлелдеуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz