Ерік Ерік теориялары


Slide 1

Ерік

Ерік теориялары

Slide 2

Еріктік әрекеттер табиғатын түсіну үшін бұл жөніндегі ғылыми көзқарастар өрісіне зер салған жөн. Ерік ұғым ретінде де, нақты болмыстық құбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта ғасырлық дүние ерік құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген. Мысалы, ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған, оның орнына «даналық мұраты» ұғымын қолданған. Адамның қылық әрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл бастауларына және логика қағидаларына бағынады деп түсінген. Осыдан Аристотельдің пайымдауынша, әрқандай әрекет логикалық қортындылардан туындайды. Ал өзінің «Никомахов этикасы» еңбегінде «дәмдінің бәрін жеу керек» және «бұл алма дәмді» деген пікірлер санада «бұл алманы жеу керек» деген қорытынды ой пайда етпейді, адамды бірден сол алманы жеп қою әрекетіне келтіреді деп жазған. Ерік табиғатына болған мұндай көзқарас қазіргі күнде де жоқ емес.

Slide 3

Ерік бостандығын бір жақты асыра дәріптеу нәтижесінде экзистенциализм немесе «тіршілік философиясы» пайда болды. Экзистенцализм ерікті тәуелсіз, тысқы әлеуметтік әсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негізі қоғамдық байланыстар мен қатынастардан, әлеуметтік мәдеи ортадан бөлек, дерексізденген адам. «Дүниеге қандай да бір күшпен келіп қалған» бұл адамның өмірі мағынасыз «қым қиғаш оқиғалар» жиынтығы да, адамның өзі - «пайдасыз құмарлық». Мұндай адамның қоғам алдында ешқандай инабаттылық міндеттері мен жауапкершілігі жоқ. Осыдан да ол адамгершіліктен жұрдай, намыссыз, өз бетімен кеткен, тартыну дегенді білмейді. Қандай да қалып тәртіп ол үшін жойылу, басыбайлыққа түсу көзі. Ж. П Сартр пікірінше, нағыз адамгершілік - бір ғана рет көрінетін, реттестірілмеген, қандай да қоғамдық мекемелер талаптарының шеңберімен оқшауланбаған, өздігінен туындайтын, себепсіз «әлеуметтенуге» қарсылық әрекеті. Ерік бостандығын асыра мақтаудан экзистенциалистер адам болмысының жалпы негіздері жөніндегі ойларына дәлел айта алмай, адамды өз өмірінің мәні, мақсаты және жауапкершілігінен айыратын, қоғам, тарих, мәдениетке қайшы келетін кездейсоқ, жауыздық, ақылдан аулақ бастаулар тұңғиғына бір-ақ түсіреді.

Slide 4 Slide 5 Slide 6

Интелектуалдық немесе ассоциациялық теория

Бұл теорияны жақтаушылардың және дамытушылардың бірі Германияда өткен ғасырда өмір сүріп, негізін салған Э. Мейман. Бұлардың айтуынша, еріктік әрекеттердің барлығы ақыл-ой, интеллектпен байланысып, солардың нәтижесінен пайда болады, яғни ерік адамның мұқтаждығы мен қажеттілігі секілді рухани күшінен туындайды. Адам өз мұқтаждықтарын жүзеге асыру үшін мақсат, міндеттер қояды, сол мақсатқа жету үшін алда тұрған бөгеттердің барлығын бұзуға әрекет етеді.

Бұл үшін адам ең алдымен алға тұтқан мақсатын елестетуі керек, содан оны ортаға салып көпшілікпен талқылауы қажет. Сөйтіп адам қандай міндеттер, қандай әрекеттер жасайтынын ақылға салып, оған алдына ала дайындық жасап, содан соң еріктік әрекетті атқаруға кірісіп, оны жүзеге асыруы тиіс. Э. Мейманның айтуынша, адамның ерік-жігері үнемі екіге бөлініп отырады.

Бірі - ақыл-оймен байланысты елестеудің пайда болуы,

екіншісі - ақыл-ойды қатыстырмайтын жай әрекеттер.

Бұл пікір бойынша ерік өздігінен пайда болады, ол өзінен-өзі еріксіз жүзеге асып отырады. Адам ерікті әрекет ету үшін өзінің бұрынғы көрген-білгенін елестетуі керек, сол елестеудің нәтижесінде адамның ерікті әрекеттері пайда болады. Мұндай көзқарас адамның ерік- жігерін белсенді түрде өзінің әрекеті ретінде қарастырмайды, өздігінен ассоциация заңдары бойынша пайда болатын әрекеттер деп түсінеді.

Slide 7

Ерік туралы эмоциялық теорияны ұсынушы неміс психологы В. Вундт. Оның көзқарасы бойынша, ерік эмоциялық сезімдердің тек бір түрі ғана болып табылады. Ерік ең күшті сезімдердің, аффектердің ерекше варианты. Жағымды сезімдер ерікке негіз болып, оларды тудырып отырады. Әрине ерікті эмоцияның бір түрі деп айтуға болмайды. Өйткені ерік пайда болу үшін, оған адамның түрлі жағымды сезімдері түрткі болмайды, керісінше адамның мұқтаждықтары себеп болады.

Америка психологі Джемс ерік адамда пайда болған ойдың еріксіз қимылға айналуы дейді. Оның пікірінше, адамның қимыл-әрекеттері ой арқылы өздігінен қимылға айналып кетеді. Мысалы, адам көзін жұмып тұрып екі қолын екі жағына созып, бір қолын алдына, екінші қолын артына қарай қимылдатса, адамның қолы өздігінен біраз қимылдай бастайды. Немесе адам жіпке бір тасты байлап, қолын созып жіпке тізген тасты жай айналдырам деп ойласа, жібі қимылдап өздігінен айналғандай болады. Міне, осындайды Джемс ерік әрекеті деп ойлайды.

Slide 8

П. К. Анохин әрекет акцепторы деген ұғымды ұсынды. Оның мәнісі - жүйке процестерінің сыртқы оқиғалар барысынан оза жүретіндей тәрізді көрінетіндігінде. Бұрынғы тәжірибе негізінде адам жүйке жүйесіне болақшақта берілетін әсерді алдын ала біледі. Сигнал негізінде мида көп рет қайталау арқылы қалыптасқан жүйкелік байланыстардың бүкіл комплекісі, ассоциациялардың барлық жүйесі қалпына келтіріледі.

П. К. Анохин ұсынған ережелер мінез-құлықтың еріктік реттелуінің механизмі жөніндегі біздің түсініктерімізді тереңдетіп, кеңйте түседі. Творчествалық мүмкіндігі бар болғандықтан, нақты әрекеттің алдын алу механизмі адамда жануарларға қарағанда әлде қайда жақсы жетілген. Адамдағы ассоциациялар жүйесі аз ғана және шалғай тітіркендіргіш негізінде-ақ қалпына келтіріледі.

Slide 9

Бихевиоризм

Психология тарихында бихевиоризм деп аталатын шетелдік механистік бағыт әрекеттің саналы сипатын теріске шығарып, адам әрекетін механикалық тұрғыдан шешті. Сөйтіп, оны жануарлар өмірімен салыстырады. Бұл ғылыми тұрғыдан қателесу еді. Бихевиоризм теориясы бойынша оқу әрекеті, жаттығу тәжірибесі саналы әрекет емес, көп пысықтап, жаттығу нәтижесінде туатын механикалық процесс деп саналады. Механистік психология еріктің материалдық дүниесімен байланысын да жоққа шығарды. Ерік табиғатын, ерікті әрекеттің себебін теріс түсіндірді. Олар ерікте өзін-өзі билейтін бостандық бар, ерікті әрекеттің себебі - «ерік бостандығы», сана адамға не тілесе, соны береді деп бұрмады. Бұл теорияның еріктің ғылыми негізі бола алмайтындығын оның шындыққа сай келмейтіндігінен.

Материалистік ілім тұрғысынан алып қарасақ, адамның ерік бостандығы - себепті байланыстылыққа, детерминизм принципіне бағынатын бостандық. Қиыншылықтарды жеңіп шығу да - ерік бостандығының бір көрінісі.

Slide 10

Ерік туралы спиритуалистік түсінік

Ерік туралы спиритуалистік түсінік мінез-құлықтың шын күмәнсіз формалары мен құбылыстары да лақтырылып тасталуы керек деп ойлау қате болар еді. Оны байрығы психолгия бұрыс талқылап, сипаттаған еді. Бұл мағынада Геффдинг ырықсыз іс-әрект ырықты іс-әрекеттің негізі мен мазмұнын құрайды деген. Ерік еш нәрсені жасамайды, ол құрамайды, әрқашан тек өзгертеді және таңдайды. Ол «ерік өзге психикалық процестердің ағымына процестердің өзіне тән заңмен араласады» деді. Сонымен, ескі психологияның ырықты және ырықсыз іс-әрекетпен қатар, ырықты және ырықсыз есті, түсініктердің ырықты және ырықсыз ағымын ажырытуына толық негізі бар. Геффдинг еріктің сәйкес елестер шақырылғанда алғашқы болып табылмайтынын бекітті. Ерік, - дейді ол, - алғашқы серпілісті тудырады және бұрғылайды, тесік бұрғыланып болған кезде судың ағысы өз күшімен жарып өтуі керек, сонда бізге бір рет жасалғанды ізделіп отырғанмен салыстыру ғана қалады.

Slide 11

Психоаналитикалық зерттеулер

З. Фрейд пен Э. Фроммның психоаналитикалық зерттеулерінің нәтижесінде «ерік адам қылықтарына дем беруші» ерекше қуат деген түсінік ғылымға енді. Бұл ғалымдардың болжамынша, адам қылықтарының көзі психикалық формаға келтірілген жанды ағзаның қандай да биологиялық қуаты. Ал бұл қуат, З. Фрейдше, санадан тыс, ақылдан алшақ, «либидо» (махаббат) жыныстық құмарлықтың психо-сексуальды энергиясы. Мұндай тұжырымдаумен З. Фрейд адам қылығын осы тіршілік жалғастырушы, яғни «либидоның» «мәдениеттестірілген» алғашқы көрінісі (эрос) деп, ал кейін бұл қылық адамның арғы дүниеге (өлімге) ұмтылысының белгісі (танатос) екнін түсіндіріп бақты.

З. Фрейд болжамдары оның шәкерттерінің еңбектерінде қызықты эволюциялық жалғасын тапты. Солардың бірі К. Лоренц ерік энергиясы адамның әу бастан жыртқыш болуынан дегенді алға тартты. Егер осы жыртқыштық қасиет қоғам рұқсат еткен белсенділіктер түрінде жүзеге асып тұрмаса, ол әлеуметтік қатерге айналып, ырыққа келмейтін қарақшалық әрекеттерімен ұштасуы мүмкін. А. Адлер, К. Г. Юнг, К. Хорни, Э. Фромм ерік көріністерін әлеуметтік жағдайлармен байланыстырады. К. Юнг үшін бұл - әр мәдени қауымда ежелден қалыптасқан әмбебап қылық және ойлау түрлері, А. Адлер әкімшілік пен әлеуметтік билікке талпыныс, ал К. Хорни мен Э. Фромм ерікті мәдени ортада өз мүмкіндіктерін іске асыра білудің шарты деп біледі.

Slide 12

И. М. Сеченов пен И. П. Павлов зерттеулері

Еріксіз әрекеттердің физиологиялық негізі болып табылатын шартсыз байланыстар тізбегі -инстинкт әректі ырықсыз орындалады. Психологияның табиғи - ғылыми негіздерін қалаған И. М. Сеченов пен И. П. Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі мұндағы материалдық процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары шартты рефлекстер деп түсіндіреді. И. М. Сеченов ерікті әрекеттердің физиологиялық механизімін зерттей отырып, адамның ассоциациялық рефлекстердің жиі қайталану жолымен өзінің қимылдарын жіктеп ажыратуға бейімделетіндігін және сол рефлекстер арқылы қимылдарын тоқтатын қабілетерді игеретіндігін дәлелдейді. Ал И. П. Павлов ерікті әрекеттердің механизімін жоғары жүйке қызметінің барлық заңдарына бағынатын, шартты ассоциациялық процесс деп анықтайды.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
ЕРІК ЖӨНІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕОРИЯЛАР
Мотивацияның психологиялық теориялары
ЭМОЦИЯ МЕН СЕЗІМ АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР ЭМОЦИЯЛАР СЕЗІМДЕР
Тұлғаның психологиялық қасиеттері
Тұлғаның мотивациялық сферасының иерархиялық құрылымы
Тұлға және мотивация
ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Құқықтың пайда болуы және қалыптасу жолдары
Сократ адам туралы
Еріктің әрекеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz